Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Қызыл-төбе елді мекені
№2 орта мектебі
Утегенова Жибек Жаналиевна
Технология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Кесте тігу»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып толық мағлұмат беру. Оқушылардың сабаққа деген құштарлығын дамыту.
Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологиялық ретін пайдаланып, оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке баулып, кесте тігу жолдарын үйрету.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, кесте тігу үлгісі, журналдар, оқулық, дәптер.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, алгебра, геометрия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу
- Сабаққа қатынасын анықтау
2. Кесте – қазақ халқының көнеден келе жатқан қолөнерінің бір түрі. Ол сан ғасырлар бойына халқымыздың көркем қиялы мен шеберлік құдіреті бейнеленген асыл қазынасы, сарқылмас мұхиты. Дана халқымыз, «кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» - деп қорытқан. Кесте өнері қазақ халқында көз тартар, жан сергітер әдемілігімен, тұрмысқа қажеттілігімен ғасырдан-ғасырға дамып, мирас болып келе жатқан асыл мұра. Кесте түрлеріне келетін болсақ, қазақ халқының қолөнерінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының өз атаулары бар. Мысалы: түктеп, шынжырлап тігу, таңдай, айқас тігіс, саба тігіс, шарбақтап тігу, тепшіу, маржан тігіс, қабу, торлау, тұмарша, т.б. Біз халық тұрмысында күнделікті өмірде жиі пайдаланылатын көпшілікке ортақ саналатын тігіс түрлерін ғана аламыз. Тігіс түрлерінің сан алуандылығын атап өткенмен, біз өз сабағымызда түктеп тігу, айқас тігіс және шынжырлап тігу түрлерін орындаймыз. Кесте тігуде кестелеудің шынжыр тігіс, айқас тігіс және түктеп тігу түрлерін қолданылады. Кесте әсем де, әдемі шығу үшін жіптің түсін эскиз бойынша талғаммен таңдай білу қажет.
Сабақты қорыту. Қолөнердің бір түрі – кесте тігу.
Бағалау. Оқушылардың кестелеудегі шеберлікпен орындаған жұмыстарының сапасына қарай бағалау.
Үйге тапсырма. Кесте тігу жұмысын үйде жалғастыру және кесте өнері туралы мәліметтер жинау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі