Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы
«Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Джиенбаева Бақтыгүл Нұрмаханқызы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

2 сынып

Мақсаты:

Білімділік: Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту

Дамытушылық: Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой өрісін, танымын, логикалық ойлау қабілітін, шығармашылық ізденісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.

Сабақтың формасы: дәстүрлі

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, суреттермен, сызбалармен жұмыс, тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: буклет, суреттер, Э.Венн диаграмма, плакаттар, оқулықтар, слаид.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу түгендеу

Психологиялық дайындық.

II.Мақсат қою:

Оқушыларға Абай ата туралы жалпы мағлұмат беру. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдау, мазмұнын ашу.

Өлең жазатын адам кім?

Батыл, ер сөздеріне мағынасы жуық сөз.

Республикамыздың бас қаласы?

Түнде аспанда не шығады?

Жарайсыңдар, балалар! Қандай сөз шықты балалар?

Абай. Олай болса,бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»  өлеңі

III.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:

Балалар, Абай атамыз қай жылы дүниеге келген? 1845-1904 Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. (слаид көрсету)

Кітапхана бұрышы Абай Құнанбаевтың кітаптары, өлеңдері. Оқушыларға көрсетіп, таныстыру.

Абай атамыздың өміріне шолу жасау. Аймектеп көрсету Видиоролик

- Балалар, видиороликтегі өлең шумақтары қай мезгілге арналған?

- Қыс мезгілі

- Тағы қандай мезгілге арналған өлең шумақтарын білесіңдер?

- Қыс, көктем, жаз, күз.

Дұрыс, ал енді жыл мезгілдеріне байланысты өлең шумақтарын шығарған қай ақын?

- Абай Құнанбаев

Балалардан жыл мезгілдеріне байланысты өлең шумақтарын сұрау.

Жазғытұры. Жаз. Күз.

Оқулықпен жұмыс

Ғылым араб-ілім-білім, тану-жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнай мағынасы - ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

Ғалым-араб-алим – сөзі арабтың алим:оқыған, оқымысты, ада мдарына арнап қолданылатын сөзі.

«Ғылым таппай мақтанба» өлең жолдарын өзім мәнерлеп оқып беремін.

Балаларға үнсіз, іштей, көзбен оқыту.

Балалар дауыстап оқиды.

Мазмұнын талдау

Шығармашылық жұмыс

Тараудағы берілген суретті өлең жолдарымен байланыстыра әңгімелеу

Өнерге, білімге зер салатын болсақ, міндетті түрде белгілі бір маман иесі болатынымыз айдан анық.

1-сыныпта оқыған Абай жырлаған 5 асыл істі, 5 жаман қылықты есімізге түсірейік, жатқа айтайық.

Э.Венн диаграммасы

Абай атамыз жырлаған 5асыл іс, 5 жаман қылықты жазу

 

Балалар Абай атамыз тек қана өлең шумақтарымен шектеліп қана қоймай ән де жазып, композитор болған.

 

«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай», «Сегіз аяқ»т.б

Сергіту жаттығуы

Көзімнің қарасы. Ән бірге айту.

Дәптермен жұмыс

Ақын білім алу үшін қандай жаман қылықтардан аулақ болу керек деген? Осыған байланысты шығарма жазу

IV.Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Сонымен балалар Абай Құнанбаев кім? Топтастыру         

V.Бекіту кезеңі:

Нақыл сөз

Білім – бұлақ,

Ақыл – жағалай біткен құрақ.

Мазмұнан талдау.

Білім–ғылымға байланысты мақал-мәтел білеміз бе?

Желсіз түнде жарық-ай хормен айту.

VI.Үй тапсырмасын беру: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттап келу. 129 бет

VII.Бағалау


Пікірлер (2)

Құралбай Үмітай

Абайдың өлеңдері маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз