Ақтөбе қалалық білім бөлімі ММ
№ 49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Сагиева Назерке Сергеевна
Ашық ҰОІӘ – нің тақырыбы:«Кірпі ана бізде қонақта»
II-кіші «Көбелектер» қазақ тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу (ТРИЗ элементтерімен)
Мақсаты:
Дамытушылық: Балалардың шығармашылыққа деген қызығушылықтарын дамыту (трафарет, губка қарындаш).
Білімділік: Балалардың жемістер туралы білімдерін бекіту (жемістердің атын, пішінін, түсін айта білу). Трафарет қолданып түрту әдісімен сурет салуға үйрету.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әсемдіке, ептілікке тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер: тақта, жемістердің суреттері А3 форматта, алма бейнесінің трафареті, губка қарындаш, салфетка, гуаш бояуы (қызыл, жасыл, сары), жемістер толы кәрзенке.
Оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар залға кіріп амандасқаннан кейін (Бөлмеде себетте тұрған жемістерді көреді). Тәрбиеші таң қалып балалар қараңдаршы жеміс толы кәрзеңке, қандай тамаша хош исті жемістер. Балалар сендер жемістерді жегенді ұнатасыңдарма? Жемістердің дәмі қандай? (тәтті, қышқыл). Балалар жемістердің пайдасы көп, оны өзіміз жеген кезде жуып жеуіміз керек.
Балалар сендер жемістердің атауларын білесіңдерме?
Ойын: «Жемістердің атауларын айту» (Ендеше айтындаршы мынау қандай жеміс? Ал мынау ше? Балалар менің қолыма бір инелер кіретін сияқты. Жемістерді ала алмай тұрмын. Ой ой мынау не балалар?
Балалар: Кірпі
Тәрбиеші: Жарайсындар! Ал кірпі нені жақсы көреді?
Балалар: Алманы жақсы көреді.
Тәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Балалар кірпі бізден көмек сұрап тұр. Оның балаларына алма жасап бересіңдерме дейді?
Балалар: Әрине көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ол үшін балалар орынымызға отырайық. Алдарыңдағы заттарды азір теймейміз. Бәріміз маған тақтаға қараңдар. Балалар бірінші мен кірпінің баласына өзімнің алмамды сыйлағым келіп тұр. Ал сендер мұқият маған қарап отырсаңдар сендер де, дәл осындай алма кірпілерге жасап бере аласыңдар.
(Тәрбиеші тақтаға А 5 форматта кірпі бейнесі белгіленген ақ қағазды көлденең орналастырады.)
Тақтаның алдында үстел үстінде қызыл түсті гуащ бояу құйылған ыдыс, салфеткада губка қарындаш, тарелкеде трафарет, сулы салфетка)
Балалар ең бірінші алма бейнесі бейнеленген трафаретті кірпінің үстіне орналастырып аламын, сосын оны қаттырақ сол қолымызбен басып ұстап тұруымыз керек. Содан кейін оң қолымызбен губка қарындашты бел ортасынан үш саусақпен ұстаймыз. (губка қарындашты ұстағанда шетінен ұстауға болмайды себебі бос болып жұмыс нәтижесі нашар болады, ал губкаға жақын ұстасақ қолдарымыз лас болып қалады.)
Ал енді губканы бояуға малып аламын. Балалар губканы бояуға малған кезде ұшын ғана малып аламын. (Міне былай деп тәрбиеші көрсетеді). Енді балалар губкамен түртіп алма бейнесін жасаймын. Қайта қайта осылай түртемін, қажет болған жағдайда тағы қарындашымда бояуға малып аламын, сосын тағы түртемін. Міне балалар енді трафаретімді аламын. Ол үшін губка қарындашымды салфетканың үстіне қоямын. Содан кейін трафаретімді аламын. Трафаретті тарелкеге қоямын. Міне тамаша, кірпіге әдемі қызыл алма жасап бердім. Кірпі ана саған ұнайды ма? (ұнайды)
Тәрбиеші: Балалар жұмысты бастамас бұрын бойымызды жазып сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіптіде.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ жол салсақ.
Тәрбиеші: Балалар орындарыңа отырып әр кім өзінің кірпі досына алма жасап беріңдер. Көмек қажет балаларға көмектеседі, кірпі ананы ертіп жүріп тәрбиеші баларды мадақтайды. Жұмыс аяқталған соң, балаларға столдарға келіп алманың түсі қандай екенін сұрайды. (үш столда үштүсті алма. Қызыл, жасыл, сары алмалар салынады.)
Тәрбиеші: Балалар сендер Кірпі анаға жемістер туралы тақпақ айтып бересіңдерме?
Балалар: Әрине білеміз (Балалар жемістер туралы тақпақ айтады)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Кірпі ана қуанып рахмет айтып жатыр, кішкентай кірпілерін ертіп орманға кетемін дейді. Ал сендерге жеміс толы кәрзеңкесін беріп кетеді.
Қорытынды: Балалар бізге не келді?
Балалар: Кірпі келді. (Ана кірпі)
Тәрбиеші: Кірпіні біз қайдан тауып алдық?
Балалар: (кәрзеңкеден)
Тәрбиеші: Балалар біз кірпілерге не жасап бердік?
Балалар: алмалар
Тәрбиеші: Алманы немен салдық?
Балалар: трафарет, гуаш, губка қарындашпен.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бәрің де бүгін маған ұнадыңдар. Ал енді орындарынан тұрып сулы салфеткамен қолдарындағы бояуларды сүртіп, қолдарынды жуып келіңдер. Қазір кірпі ана сыйлаған жемістерді жейміз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі