Өлең, жыр, ақындар

"Еңбек күні" мерекесі

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Шарипбаева Шынарай Алмухановна

 

Қанатты сөздер:

«Еңбек - ырыстың бұлағы, Еңбек - бақыттың шырағы»,
«Еңбектен қашпа, Ырысыңды шашпа»
«Елге қылған жақсылық, Еленбей қалмайды»

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні!!!

Мерекелерінің құтты болсын! Қадірлі қонақтар!

Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі – оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі. Бүгінгі еңбек күніне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.

- Сөз. Мектеп директоры Қайрат Абзалиұлына беріледі.

- Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде жүрген, ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі – тәрбие. Бүгінгі мерекемізге мектебіміздің ардагер ұстаздары бар ықыласы мен мейірімін төгіп келіп отыр.

- Сөз кезегі ардақты да, аяулы ұстаз Нағима Ұлтанбекқызына беріледі.

Ән «Айсәулем» орындайтын – Ұлан Есжанұлы

Ұл-қызымыз көбейсін отбасында,
Тірек болар бір-біріне қайда да.
Үлкендері-кішілерге қамқоршы,
Ал кішісі-үлкендерге көмекші.
Көше кезіп, бостан-босқа сенделтпе,
Араластыр ерте бастан еңбекке.
Өз ұрпағың болсын десең бақытты,
Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты.

- Сөз кезегі ардақты Тұрсынхан Мүшалиқызы мен Рая Ахметқызына беріледі.

Ән «Қазақстан» орындайтын – Қамза Аят

Ардагерлер ардақты асыл жандар,
Шәкіртімен мерейі тасығандар.
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде,
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар.

- Сөз ардагер ұстаздар Гүлнаш Ауханқызы мен Күләшхан Әсенқызына беріледі.

Ән «Қазақ жастары» орындайтын Ахат Бекзат

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.
Ізгілікті он бойына жинаған,
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның,
Ардақтысы болған елдің мұғалім.

- Сөз кезегі мектебіміздегі ұстаздар Ұлбосын Қоқышқызы мен Гүлбақыт Батжанқызына беріледі.

Ән «Әдемі-ау» орындайтын Бақытгүл Қабыкейқызы

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық щәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

- Сөз кезегі Гүлшаш Ұлтанбекқызы, Бақытгүл Берікбайқызы мен Тамила Бақшиқызына беріледі.

Ән «Асыл әжем» орындайтын Айтжан Жібек

Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жанған жігер беруден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздың қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын.

Аса құрметті ардагер ұстаздар, қариялар! Сіз қандай да сый-құрметке болсада лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.

Келесі сөз кезегі Цветлана Марипқызы мен Битай Омарқұлқызы, Сақыпжамал Әметқанқызына беріледі.

Ән «Әкелер» орындайтын Нышан Асылжан

Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын
Жас сынаға төгіп білім шуағын
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.

Қорытынды сөз мектеп директоры: Қайрат Абзалиұлына беріледі.

Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық тілейміз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлап,қадірлеңдер! Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар!

Енді бүгінгі кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыздан бата алып, шарамызды аяқтаймыз!

- Оқушылардың бүгінгі қонақтарға қоятын сұрақтары болса...

Сұрақтар:

1. Балаға берілетін адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады?
2. Адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз не?
3. Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кінәлар едіңіз?
4. Қазіргі кезде діни қақтығыстар мен әлемде болып жатқан дін жағынан келеңсіз жағдайлар туралы не айтасыз?
5. Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз