Өлең, жыр, ақындар

"Киім дүкені"

Ростовка тірек мектебі ресурстық орталығы жанында ашылған шағын орталықтың «Ботақан» тобының тәрбиешісі Солтан Жаңыл

Білім облысы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Киім дүкені

Көрнекілік: Ұл бала және қыз баланың киімдері, әртүрілі қысқы киімдерінің суреттері, қағаз, түрілі-түсті қарындаш, қорапша.

Мақсаты: Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету.  Киімдерді бір-бірінен ажыратып атарын толық айта білуге үйрету. Бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа баулу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.  Шаттық шеңбер. Жартылай шеңбер жасап қонақтармен амандасады.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа,

               Батамыз да қаламыз өлеңін қимылмен айтады.  Балалар бүгінгі сабағымызда біз киім дүкеніне барып сонда өткіземіз, қуыршақтарымызға киім сатып аламыз дүкен аралап ұнаған киімдерімізге тапсырыс береміз. Олай болса киім дүкеніне кеттік. Балалар  орындыққа жайғасады алдарында киім дүкені тұрады онда балалар киімі балалар киімінің суреттері, ұл бала, қыз балалар киімдері болады сатушы апай киім сатып тұрады. Сатушы апайға сәлемдеседі. Сатушы апай: «Сендер маған өз өнерлеріңді көрсетіп берсеңдер ән айтасыңдар ма, билейсіңдер ме, тақпақ айтасыңдар ма өздерің білесіңдер әйтпесе мен сендерді дүкеніме кіргізбеймін қуыршақтарыңа киім сатпай қоямын» дейді.

Балалар:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз,

Айналаға, адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз өлеңін айтып береді.

Тәрбиеші.

Сізден өтініш бір күнге бізге дүкеніңізді бізге бере тұрыңызшы ертең келгенде мына киімдеріңіздің бәрін сатып қоямыз менің балаларымның қолынан бәрі келеді дейді тәрбиеші апай. Балалар орындарына жайғасады.

Суретпен жұмыс. Тәрбиеші. Міне балалар мына суреттерге зер салайық  мұнда барлық қысқы киімдер . Әркім өзіне ұнаған киімін көрсетсін және аты мен түсін айтып берсін сол киімге тапсырыс беріп алғызамыз жарай ма? Жеке-жеке балалардан мысалы калготкиді көрсет, етікті қайсы дегендей сұрақ қою арқылы киімдердің аттарын сұрау.

 

 

Қорытындылау. Тәрбиеші қорапты балаларға көрсетіп қозғайды бұнда не бар екен деп балаларды қызықтырады, ашып қараса ішінен түрілі-түсті қарындаш, үлестірмелі парақшалар  шығады, парақта жартылай боялған қолғап, тымақ, мойын орауыш жемпір байпақ тың суреті салынған. Балалардың міндеті сол боялмаған жерді түрілі- түсті қарындашпен бояу. Балаларға қағаз бен түрілі-түсті парақ таратылады.  Жарайсыңдар балалар, бұл бояған суреттеріңді дүкенші апайға сыйға тартайық  бізге дүкенін сеніп тапсырғаны үшін.

Сергіту сәті: «Ұзын мұртты құмырсқа»

Ұзын мұртты құмырысқа,

Бара жатыр жұмысқа,

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына,

 Алға қарай бір адым,

Арттақ қарай бір адым,

Үлкен тау деп ойнадым. өлеңін қыймыл қозғалысымен айтып сатушы апайға салған суреттерін беріп рахметтерін айтып балабақшаларына қайтады.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз