Өлең, жыр, ақындар

Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер

Сабақтың тақырыбы: Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қос сөздер туралы білімдерін тереңдету, жаттығу жұмыстарын орындау арқылы қос сөздердің жасалу жолдары және күрделі сөздер туралы білімдерін қайталау, бекіту.
Дамытушылығы: Мәтінді талдау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін байқау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа , белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі-іскерлік: сұрақ- жауап.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Жылулық шеңбері.Психологиялық дайындық.
2. Өткен сабақты пысықтау.Жұмбақтар шешу.
3. Жаңа сабақ.Күрделі сөздер ге нелер жатады.Қос сөз дегеніміз не.Мысал келтір
3.Топпен жұмыс істеу55- жаттығу.
1-топтың тапсырмасы.Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздерді теріп жазу.
2-топ.Екі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөздерді теріп жазу.
3-топ .Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерді теріп жазу.Әр топтан бір оқушы талдау.
4.Дәптермен жұмыс.56- жаттығу.Мәтінді оқып, қос сөздерді табу.Қос сөздердің жасалуын түсіндір.
5.Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерге сөз жазу, мысал келтіру.
6. Жатқа жазу.57- жаттығу.
7.Өзіндік жұмыс.58- жаттығу.Сөйлем құрау., Қос сөздерді қатыстыра отырып.
8.Тест тапсырмаларын орындату.
9. Шығармашылық жұмыс. Шығарма жазу.
 1- топ. Егеменді елдің кемеңгер басшысы.
 2-топ. Қыс.
 3-топ. Менің елім –Қазақстан.
10. Сабақты қорыту. Біз не білдік.
Үйге тапсырма. Мақал-мәтелдер жазу.
Бағалау.

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосы
Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектеп
Нигметова Гүлмира 4-сынып


Пікірлер (2)

Диас

Жап деген сөзге 7 сөз керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз