Эксперементтік есептер шығару әдістемесі
Білімді игерудің нәтижелігі таным процесіне адамның ә түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперементтің маңызы зор.
Физика сабақтарында оқушылардың эксперементтік жұмыс дағдасын, шығармашалақ қабілетін дамыту тұлғысын арттыруға болады.
Қабілеттілік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес. Оқушы қабілеті дегеніміз, оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Жеке тұлғаны дамыту, оқыту оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық деңгейде игере алады, яғни шығармашалық қабілетін дамытады. Бұл үшін оның шығармашылық ойын дамыту негізінде оқуға, яғни өздігінен білім алуға үйрету қажет. Сондықтан, ең алдымен оқушы даяр білімді мұғалімнің түсіндіруімен алатын дәстүрлі оқыту практикасынан бас тарту керек. Бізде әлі күнге мектепте сабақтаға белсенді бірде-бір тұлға – оқу материалын түсіндіруші мұғалім, ал оқушының рөлі тыңдаумен, оқумен және оны білімді тексеру кезінде қайта айтып берумен шектеледі. Шығармашылық үрдістегі басты мәселе – есептің шартынан оның шешіміне барар жолдағы логикалық алшақтықты түйсік арқылы жеңу. Толғандыратын мәселе (есеп, зертханалық жұмыс, эксперементтік тапсырма, т.б.) оны толық билеп, күші мен назары соған ауады. Адам басқа жұмыстармен шұғылданса да, оның сана түкпірінде осы мәселенің шешімі қарастырылып жатады. Оның ұзақтығы шығармашылық қызметтің тәжірибесіне байланысты. Бастапқыда оқушы есепті бір апта немесе одан да көп уақытта шығаруы мүмкін. Ол оның сана түкпірінде жүреді. Ол есепті міндетті түрде шығарады, тек ешкімнен көмек сұрамауы маңызды. Шығарамшылық қызметтен тәжірибе жинақталған сайын есеп бұрынғыдан да тез шығарылатын болады. Шығармашылық қабілеттерін арттырудаэксперементтік тапсырмаларды үйге берудің маңызы ерекше. Эксперементті жүргізудің дидактикалық құрылымы төмендегідей болуы мүмкін: демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер.
Мұғалімнің үйге эксперементтік тапсырмалар беруі сирек кездеседі. Дегенмен, оқу процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы, біріншіден, үй жұмысының формасын түрлендіреде (кітапты оқыту, есеп шығару), екінші оқушының алдына тек қана өздігінен эксперементтік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды.
Үй тапсырмасына эксперементтік тапсырмалар беру оқушының мынадай қабілеттерін және шеберліктерін дамытады.
Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу, эксперемент нәтижелерін жазу және қорытындылау).
Пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру).
Ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауыпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау).
Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.).
Физикалық эксперементтік тапсырмаларды үйге беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі. Үйге берілетін эксперементтік тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорины игеру процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Үйде оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Үй тапсырмасы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі.
Үйге берілген бақылаулар мен тәжірибелердідің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады. Үйдегі тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.
Эксперементтік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперементтік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперементтік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда эксперементті қою және өлшеу лер жүргізу маңызды.
Есеп түріндегі эксперементтік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру.
Мысалы көрсетейік.
Есептің қойылуы. Керекті құрал-жабдықтар: тік бұрышты қаңылтыр банка, таразы, масштабты сызғыш, суы бар ыдыс, құм. Банканың вертикаль қалыпта суда жүзуі үшін ішіне құм салады. Банканың суға батқандағы тереңдігін анықтау керек.
Берілген есептің шартын сурет салып, астына сұрағын қою арқылы жазса да болады. Сосын анализ жасайды, есепті шешу үшін қандай өлшеулер жүргізі керектігін анықтайды.
Талдау. Банкаға әсер ететін ауырлық күші және астынан әсер ететін кері итеруші күш теңескенше банка суға бата береді. Бұл жағдайда Fa=P. Бірақ Архимед күші денемен итерілген сұйқтық салмағына тең болғандықтан, Fa=9,8Н/кг*p*V, мұндағы V- Банканың батқан бөлігінің көлемі, p – судың тығыздығы. Батқан бөлігінің көлемі табан ауданы мен бату тереңдігінің көбейтіндісіне тең. Fa=9,8Н/кг*p*h*S. Осыдан h=F/9,8Н/кг*p*h*S (1.) (1) формуладағы құмы бар банканың салмағын білу керек. Судың тығыздығы мен банканың табаның ауданы білу керек.
Өлшеулер. Динамометрмен салмағын, ұзындығы мен енін сызғышпен өлшейміз. Ауданын анықтаймыз. S=I*a. рсу=1 r/см3.
Есептеулер. Тығыздықтың салмақтың және ауданның мәндерін формулаға қойып, бату тереңдігінің биіктігін (һ) анықтайды.
Тәжірибелік тексеру. Банканың вертикаль қабырғасына түсті сызықпен бату тереңдігін белгілейді. Тәжірибе көрсеткедей, табылған мәнімен есептелген биіктіктің мәні сәйкес келеді.
Эксперементтік есептерде тәжірибені қажет болғанда ғана қояды, кейбір есептерді фронтальды тәжірибе қойылуы мүмкін.
Мысалы:
Сызғыштың көмегімен судың стакан түбіне түсіретін қысымын өлшеу.
Электр лампасының тұтынған тогының қуатын анықтау.
Тақырыбы және орындалу тәртібі фронтальдық зертханалық жұмыстарға (пара-пар) сәйкес келетін, басқаша айтқанда, мақсаты және қойылуы бірдей, орындау реті және эксперементте алынған нәтижені сараптау тәсілі ұқсас, эксперементтік тапсырмаларға мысалдар келтірейік.
8-сынып
9-сынып
Үй жағдайында.
Серуенде.
Жоғарыдағыдай, үй тәжірибелерін орындау оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірмен логикалық түрде байланыстырады.
Техникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтеді. Оқушылардың талпынғыштығын, тапқырлығын арттырады. Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретеді. Эксперементтік есептердің бағалы жері – ол оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.
Екіншіден тіпті оңай деген эксперементтік тапсырманың өзі зерттеушілік қабілеті бар оқушыларды табуға жағдай жасайды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі