Хромтау ауданы, Дөң ауылы
"Бәйтерек" балабақшасының
Тәрбиешісі: Сапарова Айсауле Абылхайровна
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тәрбиешінің сұрақтары бойынша суреттен қысқа әңгіме құрастырып айтуға ынталандыру.
Дамытушылық: Ойын, тақпақтар арқылы сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Сөредегі ойыншықтар, суреттер, тақта, тірек сызба, ..
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, қайталау, әңгімелеу, сұрақ-жауапт.
Іс-әрекеттер кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті әрекеті
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын жасайық.
Таза ауаға қол сермеп,
Жүрек жылуын жасайық.
Мейірімділік шоғын біз,
Қонақтарға шаш.
Сәлеметсіздерме!
Балалар бірге айтып, қимыл-қозғалас арқылы қонақтармен амандасады
Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін бірнеше сұрақтар қояйын..
Ұйымдастыру–іздестірушілік кезеңі
- Қазір жылдың қай мезгілі? – Қыс мезгілі
Қыс айлары: Желтоңтар, Ақпан, Қаңтар.
Тәрбиеші: Қыс туралы қандай таппақ білесіңдер?
А.Құнанбаев Қыс.
Ақ киімді денелі ақ сақалды.
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жарайсыңдар балалар. Қыста өте қызық ойындар оинаимыз. Дала суық көбіне үиде ойыншық ойнаимыз. Ойыншықты барлығымыз жақсы көреміз. Ендеше тақтадағы суреттерді қарайық. Суреттер арқылы ойыншық дүкенімен таныстыру.
Әндетіп дүкенші кіріп келеді. Балалар бізге қонақ келді. Бұл дүкенші:
(көңілді әуенге дүкенші келеді, әндетіп)
Дүкенші: Сәлеметсіңдерме балалар!
Бар қызықты тамашалап назар салыңдар
Ашылды дүкен, мұнда бәрің қараңдар!
Көжек, мысық, күшікте,
Тышқан отыр бұрышта.
Сендер жақсы көретін,
Ойыншықтардың бәрі осында.
Дүкенші: Балалар қараңдаршы, менің дүкенімнің сөрелерінде әдемі ойыншықтар көп, сендерге ұнады ма? Бұл жәй дүкен емес, ойыншықтары да ерекше. Ойыншықтармен ойнап, олар жайлы тақпақ айтып бергенді жақсы көреді.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Сәлем сәлем. Балалар өте жақсы енді дүкеншіге тақпақ айтып біртіндеп ойыншық сатып аламыз
Қоян сатып аламыз.
Ұзын құлақ сұр қоян.
Машина сатып алады.
Досым маған ойыншық
Машинасын сыйлады.
Бірақ оның ішіне,
Саусағым да сыймайды.
Бип-бип-бип-бип
Қаланы аралап,
Автобус келеді.
Бәріміз қыдырсақ,
Бізге қызық солақ.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үлкен болып жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
- Біздің аю әдемі, ол үлкен, жабайы аң. Аюдың жүні жұп-жұмсақ, көзі қап-қара. Оның төрт аяғы, екі құлағы бар. Мен аюмен ойнағанды жақсы көремін
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, аю туралы тақпақ айтып және онда кездесетін дыбыстарды анық айтуға ырысайық: Ю-ю-ю-ю қорбаңдайды аю.
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «Б» дейді,
«Р»-ға тілі келмейді,
Ұйықтап қапты партада,
Бұл не деген масқара.
Балалар енді ойын ойнаймыз. Ойыншық жасыру. Сергіту сәтіі
Стол үстіне бірнеше ойыншықтар тізіп қойып оиға сақтап алу. Көздерін жүмады тәрбиеші ойыншықтың біреуін жасырады. Жоқ ойыншықты балалар тауып алады.
Тәрбиеші: Балалар, қане дұрыс отырып тақтадағы суретке назар аударайық.
Суреттен не көріп тұрсыңдар? Балалар қандай ойыншықпен ойнап жүр? Қандай ойын ойнап жатыр?
Әңгімелеу:
Балалар доп ойнап жүр.
Доптың пішіні қандай?
Доп не істейді? (түсін, көлемін сұрау)
Доп туралы тақпақ кім біледі
Барлығымыз:
Доп доп топ топ
Доп жоғалды
Топ топ доп доп
Доп жоғалды доп жоқ.
Қап қап тап тап.
Тақпақ:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
Мына суретте де ойыншықтар көп екен.
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркеллігі соншама,
Өзі жүргісі келмейді.
Қортындылау: Айтылған жаңа сөздерді қайталап айту. Тілдерін дамыту.
best1968
админ.Саламатсызба, мына сабақтың негізгі авторын көрсеткеніңіз әділ болар, мына сілтеме бойынша көріңіз https://www.metod-kopilka.ru/til-damitu-oyinshitar-dkeni-58975.html