Өлең, жыр, ақындар

Еліктеуіш сөздер

Жамбыл облысы . Тұрар Рысқұлов ауданы Алғабас шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жапарқұлова Мира Бақытқызы Қазақ тілі 6 сынып Сабақтың тақырыбы: Еліктеуіш сөздер. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Еліктеуіш сөздер туралы түсінік беру. Өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеуіш сөздерді ұқтыру. Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылығын, танымдылығын, сабаққа деген қызықушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту. Тәрбиелік: Тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге, туған жерін сүюге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтастыру, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, слайд, кестелер,сөзжұмбақ. І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу. 2.Кезекші мәлімдемесі. 3.Журнал бойынша түгендеу. 4.Жаңа сабаққа дайындық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 298- жаттығу(Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден еліктеу сөздерді табу) ІІІ. Өткен материал бойынша білімдерін тексеру кезеңі: 1. Кесте Мысалдар Мезгіл үстеуі Мекен үстеуі Мөлшер үстеуі Сын-қимыл үстеуі Күшейткіш үстеуі Мақсат үстеуі Себеп-салдар үстеуі Ала жаздай + Сол үшін + Аса + Ақырын + Мұншама + Қасақана + Тысқары + 2.Сұрақ-жауап алу. 1.Еліктеу сөздер туралы түсінік. 2.Мысал келтіру. ІV. Мақсат қою кезеңі: Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Еліктеуіш сөздер туралы түсінік беру. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Еліктеуіш сөздерді ұқтыру үшін түрлі тәжірбиелер көрсету. 1.Сіріңке жағып, стақандағы суға батырамын. Сұрақ: -От қайтіп сөнді. -От быж етіп сөнді. -Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар? -Құлағымызбен естідік. 2.Шар үріп, атып қалу. -Шар қалай атылды? -Шар тарс етті. 3.Сағат қалай жүреді? -Сағат тық-тық етіп жүреді. 4.Барабан қалай соғылады? -Барабан дүңк-дүңк етеді. Сұрақ:1. Өздерің жаңа көрген, айтқан нәрселеріңе байланысты, не ұқтыңдар? 2.Дыбыстарды қай сезім мүшемізбен қабылдадық? Мысалы: Малшышың үлкен төбеті арс-арс етті. Ырғалып қарға қарқ етті, Ірімшік жерге салп етті. Еліктеуіш сөздердің ережесін шығару,оқулықпен салыстыру. Яғни, табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталды. Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдын амалын білдіреді. Мысалы: Тарс-тұрс етті, ырс-ырс етеді, гүрс-гүрс шығады, сарт-сұрт болды, т.б. VІ. Жаңа материал бойынша түсінгенін зерттеу кезеңі: -Балалар, бүгін сабақтан қандай білім жинақтадыңдар? Білгенімізді, жаттығу жұмыстарын орындаймыз, сөздерді дұрыс байланыстырамыз және топтастыру әдісін пайдаланамыз. 299 - жаттығу. Еліктеуіш сөздерді тауып топтастыру. Саңқ Гүрс Сатыр-сұтыр Қарш-қарш 300- жаттығу. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсету. Қаңқ етер, тық-тық басып, дүрс –дүрс соғып, сарт-сұрт болды,тарс-тұрс етті, гүрс етіп. Сөздерді үлгі бойынша дұрыс байланыстыру. Мақсаты: сөздерді дұрыс байланыстыру әрі еліктеуіш сөздерді білу, ұғыну. Шарбақ шыр-шыр етті Торғай саңқ етті. Садақ жалт қарады. Тас дүрс-дүрс соғады. Дауыс тарс ете түсті. Жантас зу етті. Жүрегі сақ ете түсті. VІІ. Бекіту кезеңі: Сабақты сөзжұмбақ арқылы бекіту. Е л і к т е у і ш 1. Қатты қорыққан кедегі қозғалыс (селк) 2. Қазанның жай қайнауы (бүлк) 3. Ең жіңішке дауыстың естілуі (шіңк) 4. Жөтелдің түрі (күрк) 5. Үйдің төбесінен аққан тамшының естілуі (тырс) 6. Күлкінің түрі (кеңк) 7. Қасыңнан, төбеңнен бір нәрсе өте шықса калай сипаттайсың? (зу) 8. Шала ұйыған айранның беті (ірк) 9. Бүркіттің аңды көргендегі даусы (шаңқ) VІІ. Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалау кезеңі: 301 жаттығу. Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарын суреттеп шағын әңгіме жазу. Оқушылардың сабаққа ынтасы, білімі бағаланады.


Пікірлер (5)

+77731322587

КЕРЕМЕТ

МАДИЯР

КЕРЕМЕТ

Алия

кумп дегенды калай сойлеммен жазуга болады

Ақмаржан

Маған шоқан уәлихановтар отбасының г.н.потанинді салтанатты қарсы алуын дегенді қалаи жазуға болды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз