Өлең, жыр, ақындар

М.Зверев. Суықторғай

Алматы обылысы, Алакөл ауданы
Байзерек негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Кистаубаева Раушан Абаевна

Әдебиеттік оқу  №75

 

 Күні: 26.01.2017ж

 Сыныбы: 4

 Сабақтың тақырыбы: М.Зверев. Суықторғай

 Мектебі: Байзерек негізгі орта мектебі

 Сабақтың типі: жаңа сабақ

 Мұғалімнің аты-жөні: Кистаубаева Р.А.

 Сабақтың жалпы мақсаты

Құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту арқылы, табиғатты қорғауға баулу

 Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар жасай алады: мәтін бойынша өз түсініктерін айта алады.

Оқушылардың көбі  жасай алатын болады:құстарды ажырата алады

Кейбір оқушылар жасай алады: Тақырыптан алған білімін өмірде қолдана алады.

 Өткен сабақта:

Тақырып бойынша білетіндері: Тақырыпты меңгеріп, алған білімін өмірде пайдаланады.

Сөздік қорлары баиды. Топта жұмыс жасауға, өз ойын білдіруге, сыни ойлауға дағдыланады.

 Сабақ жоспары:

 Сабақ кезеңдері:

Жоспарланған іс-әрекет

 Ресурстар

 I. Ұйымдастыру кезеңі

Келген қонақтарға, сыныптастарына амандасып сәттілік тілейді. Сабаққа дайындық.

 

интерактивті тақта, слайд, карточкалар, оқулық.

 II. Негізгі кезең

Үй жұмысын тексеру ұпай жинау арқылы.

20 ұпай

1. Қасымның боранда адаспауына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
2. Оның табандылығын, ақылдылығын қандай іс-әрекеттер арқылы көруге болады?
3. Қасымның аты қандай белгі берді?

10 ұпай.

1. Қасым нені есіне алады?
2. Жерге құлаған тосқан кезде Қасым не естіді?
3. Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген?

5 ұпай.

1. Қасым қайда оқиды?
2. Ышқынады дегенді қалай түсінесің?
3. Автор боранды қандай боран дейді? Оның себебі не деп ойлайсың?

 

III. Жаңа білімді қалыптастыру кезеңі. Білу

- Балалар қыстамайтын құстардың арасынан бір қыстайтын құсты тауып алыңдар. Сол құс сендердің топтарыңның аты болады. Құстар туралы жалпы білгендерін айтады. Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу.

Максин Зверев туралы толық ақпарат беру. Максим Дмитриевич Зверев Барнауыл қаласында 1896 жылытуды. Барнауылдың училищесін, Томскнің университетін бітірді. Алматыдағы хайуанаттар саябағы және Алматы мемлекеттік қорығында жұмыс істеген. Алпысқа тарта ғылыми жұмыстар мен жиырма шақты кітаптардың авторы. Бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанда өткізген ол «Ақ марал», «Індер мен ұяларда», «таулы шыңның қожасы», «жаңа қоныста» сияқты көптеген әңгіме повестері арқылы қазақ оқырмандарына кеңінен таныс.

 

IV. Дағдыны қалыптастыру кезеңі. Түсіну

 

Сөздік жұмыс:

Бапсыз – ізі, белгісі
Аш өзегіне түсіп кетпесін – көп күн аш болғаннан кейін бірден қатты тойып тамақ ішуге болмайды, ол азқазанға ауыр болады
Қоңданып – семірді, оңалды, толықсыды

Суықторғай әңгімесін топпен жұмыс жасау арқылы талдайды, түсінбеген жерлеріне қосымша жұмыстар жүргізу.

 

V. Талдау кезеңі

 Мәтінмен жұмыс. Топтар шығып қорғайды. Топтар бір-біріне сұрақтар дайындап қояды.

Сергіту сәті: құстардың дауысымен қандай құс екенін табу.

 

VI. Қолдану кезеңі

«Кім жылдам» ойыны. мәтін бойынша әріптері ауыстырылған сөздерді дұрыс табу керек.Суықторғай - құстың ішіндегі ең әдемі құс. Оның басы, қанаты, құйрығы қара, кеудесі қызыл түстес. Қыстың бірінші қарымен келетін құс. Ол суыққа төзімді құс. Сондықтан да суықторғай деп аталады.

Дәптермен жұмыс. Кітапта берілгенсуықторғайдың аянышты халі суреттелген тұсты тауып оқып, сызбаны толықтырады.

Мәтінді теріс оқу - жылдам оқуға дағдыларын дамыту. Бір оқушы орнынан тұрып оқиды, соңынан балалардың бәрі хормен қайталайды.

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып, қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

 

VII. Бағалау кезеңі

- Балалар кімге сабақ ұнады?.

- Бүгін сабақтан не түсіндіңдер соны осы тастар арқылы көрсетейік. Мына стақандағы суға тас салған сайын су көтеріледі, яғни біздің де біліміміз көтерілді деген сөз.

 


VIII. Үй  тапсырмасы

Мәтінді оқу, әңгімелеу. Жоспар құру.

 


Пікірлер (2)

сания

жақсы екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз