Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіз елім – тірегім

«Қаратөбе мектеп – гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Кетебекова Көркем Урынкабыловна

Бекітемін:

Күні: 12.12.2016

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – тірегім»

Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құреттеуге тәрбиелеу. Салауатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, арқан, асық, суреттер, тілек бұрышы.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі.  (3 мин)
2. Кіріспе бөлімі. (1 мин).
3. Негізгі бөлім.  (30 мин)
•    Таныстыру
•    Арнау жырлар.
•    Асық ойыны.
•    «Кім тапқыр» айдары
•    Күрес
•    Ән шашу
•    Арқан тартыс

4. Қорытынды: (10 мин)
•    Тәуелсіздікке арналған оқушылардың жылы лебіздері.
•    Ән шашу.

Сабақтың барысы:

 

Ширату: «Жаса Қазақстан» әніне флешмоп биі

 

Кіріспе.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен «Тәуелсіз елім – тірегім» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан - тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол. 

Тәрбие сағатымызға екі топ қатысады:

        Бірінші топ - "Ұландар"

        Екінші топ - "Қыраңдар"

Бүгінгі сайысымызға баға беретін әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.

Әділқазылар тағайындалады.

Топтардың өзін-өзі таныстыруы.

Бірінші топ:

Біз жас қыран самғаған білім көгінде,
Мақтанышы боламыз туған елімде,
Алғырмыз,оқимыз,
Көңілге бәрін-бәрін тоқимыз.

Екінші топ:

Біз бақытты баламыз,
Тәуелсіз елде тұрамыз
Отанның атын шығарар
Болашақтың ұланымыз

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған екі топтық арнау жыр шумақтарына кезек береміз.

- Балалар қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?
- Оқушылардың жауаптары.
- Жақсы дұрыс айтасындар қазір сендермен осы ұлттық ойынның бір түрін ойнаймыз.

«Асық» ойыны.

Өте жақсы балалар жарайсыңдар асықты өте жақсы ойнайды екенсіңдер, ендігі «Кім тапқыр» айдарына кезек береміз.


1. 1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2. 1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3. 1993ж. 15-қарашада – Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4. 1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5. 1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.
6. 1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
7. 1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8. 2000ж. Мәдениет жылы.
9. 2002ж. Денсаулық жылы.
10. 2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11. 2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.
12. 2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
13. 2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.
14. 2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар – ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерін көрейік.

Күрес

Ән: Қарасай Дәулеттің орындауында «Туған жер» әні

Арқан тартыс

 

Балалар, бүгінгі сабағымызға өте жақсы белсене қатыстындар жарайсыңдар. Қазір бәріміз тәуелсіздігімізге өзіміздің жылы лебіздерімізді білдіреміз. Ол үшін кезекпен кезек шығып алақанымызды қойып тілектерімізді айтамыз.

Хормен;  «Егемен ел Қазақстан»  


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз