Өлең, жыр, ақындар

Интеллектуалды сайыс «Білім жолымен»

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
«№3 Балдәурен балабақшасы»
Утеулиева Анар

 

Керекті құралдар: тапсырмалар бойынша слайдтар, суреттер, есеп амалдары жазылған карточкалар, әуенді музыкалар.

Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер, ата-аналар! Бүгін балабақшада ересек және мектепалды даярлық топ балалары арасында балалардың білім деңгей көрсеткішін анықтау мақсатында балабақша ішілік «Білім жолымен» атты интеллектуалды сайысқа қош келдіңіздер!

Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.                                                          
Оқы, үйрен, жасұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! - деп сайысымызды бастаймыз.

Бұл сайыс екі бағыт бойынша өтеді.

1-ші бағытта алдын ала дайындап тапсырған балалар портфолиосы тексеріліп, бағаланады.

2-ші бағыт 6 бөлім бойынша өткізіледі:

1. «Бәйге»
2. «Жорға»
3. «Қарапайым математика»
4. Логикалық сурет салу.

Әр бағытқа тән сұрақтар дайындалып, балалар соған жауап береді. Ең көп жауап берген бала жеңімпаз атанады.

Енді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Балабақша директоры: Игилманова С.Е
Балабақша әдіскері: Қуанышқалиева А.К.
Балабақша тәрбиешісі: Тлепова А.Т

Сайыскерлерімізбен танысайық:

1-ші №4 «Солнышко»тобынан Тлекова Айым
2-ші №5 «Айгөлек» тобынан Хадис Жамиля
3-ші №5 «Айгөлек» тобынан Жоламан Айдос
4-ші №6 «Балауса» тобынан Бектемисова Ақерке
5-ші №6 «Балауса» тобынан Төлегенова Сындар

Сайыскерлеріміз дайын болса бастаймыз.

Жүргізуші:

1-ші бағытта алдын ала дайындап тапсырған балалар портфолиосы тексерілген болатын,сол портфолиоға 10 көлеміндегі бағамен бағалаңыздар.

2-ші бағыт бойынша:                                                                                            

1-бөлім: Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт-деп бәйге сайысына кезек береміз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ баға беріңіз.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге бәйгелерді көріңіз.

Әр сайыскерлерге сұрақтар беріледі,балалар сол сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Әр сұраққа екі ұпай беріледі.

2-бөлім: «Жорға» Бұл бөлімде сауат ашу,тіл дамыту бойынша тапсырмалар беріледі. Әр сұраққа 3ұпай беріледі.

3-бөлім: «Қарапайым математика»                                                                    

Әр сұраққа 3ұпай беріледі.

4-бөлім: Сонымен ең соңғы бөлім «Логикалық сурет салу» ақ қағаздағы аяқталмаған суретті аяқтап, суретке ат қою керек. Бұл сайыста салынған суретке қарап, 5 ұпай беріледі.

Сонымен ұпайларды анықтап, ойын жеңімпаздарын марапаттау.

Осымен балабақша ішілік «Білім жолымен» интеллектуалды сайысымыз аяқталды. Жақсы күндерде кездескенше сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз