Өлең, жыр, ақындар

Күздің кереметі. Ә.Табылдиев

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Шалабаева Алмагүл Утешқызы

Әдебиеттік оқу 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Күздің кереметі. Ә.Табылдиев.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы өмірі мен шығармашылығын таныта отырып, оның әңгімесінің идеялық-мазмұнын ашу, кейіпкерлер іс-әрекеттері мен сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбекті  сүюге тәрбиелеу және жақсы істерді бағалай білуге ұмтылдыру;

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз бетінше ізденуге жұмылады, ойлау қабілеттері дамиды, дүниетанымын кеңейіп, сөздік қоры молаяды.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденушілік, талдау, ажырату, салыстыру, топтау, жинақтау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек-сызбалар, автор туралы кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Балалар ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңызды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.

Өте жақсы балалар.

Алтын сары қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.

Жапырақ түсіне байланысты топқа бөлу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Балалардың көзін жұмғызып музыка қою. Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап өздеріңді күзгі бақта жүргендей сезініңдер. Құстың шықылықтаған дауысы құлағымызға жағып салқын жел соғып тұрғандай. Піскен жемістің иісі мұрныңды жарып бара жатқандай. (көздерін ашу)

Постер арқылы қорғау. «Күзгі бақтың көрінісі»

ІІІ. Мағынаны таныту.

Олай болса, Күздің ерекше кереметтерін суреттейтін Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» әңгімесімен танысамыз.

Авторға мәлімет беру.

Әрі ақын, әрі жазушы Әдібай Табылдиев 1926 жылдың 1 ақпанында Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында дүниеге келген.

Әңгімені оқу.

IV. Ой қозғау.

Топтарға тапсырма беру.

Әңгімеге мазмұндық жоспар құру.

Мазмұндық жоспар:

1. Бақшадағы күзгі қайнаған еңбек.
2. Күзетші Омар атайдың қонақтары.
3. Күздің берекелі дастарханы
4. Күз кереметін көруге асыққан балалар
5. Ата әңгімесі

V. Сергіту сәті.

VI. Ой тастау

Топтарға тапсырма беру.

Ребус шешу.

1. Суретке қарап күздің ерекшелігіне түсінік беру.

2. Мәтінге сүйеніп күзгі дастарқанға сипаттама беру.

3. Күздің алтын күз деп аталу себебі.

«Күздің кереметі» суреттер слайд.

VII. Ой толғаныс.

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң.
Бізде үлесті қосамыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

Ойын көкөніс жинау.

VIII. Ой қорыту.

Рефлексия.
Не білуші едік?
Не білдік?
Не білгім келеді?

VII. Үйге тапсырма

VII. Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз