Тіл дамыту
Тақырыптық- күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасына,Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына негізделіп жасалды.
«Тіл дамыту» Алматы «Алматыкітап». 2013ж
авторы: Ә. С. Әмірова, К. Анартаева
Пәні: Тіл дамыту
Сағат саны: 32 сағат аптасына 1 сағат
Түсінік хат
Тіл дамыту – сөздік қорын байыту, тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу, сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту.
«Тіл дамытуды» оқытуда қойылатын талаптар:
*қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп өмірмен байланыстыру;
*оқылған әңгіме, ертегі, тақырыптарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу;
*жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;
*сурет топтамалары бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;
*монологты және диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау;
*оқылған шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып, олар туралы өздігінен қорытынды жасау;
*тіл дамыту дәптеріндегі тақырыптық жүйемен берілген тапсырмаларды орындай білу;
*тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір – бірінен ажырата білу.
Тіл дамыту
Р/с |
Іс – әрекеттің тақырыбы |
Бағдарламалық мазмұны |
Қолданылатын көрнекілік |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Білім еліне саяхат |
Мектептегі оқушылар туралы баяндау, суреттер арқылы білім ордасы туралы түсінік беру. |
Мектеп ауласы,мерекеге сай безендіріледі. |
1 |
|
2 |
Жомарт күз |
Күз туралы білімдерін тиянақтау.Күз сыйына,адамдар еңбегіне құрметпен қарауға баулу,молшылық,береке сөздерінің мағынасын түсіндіру,сөздік қорын молайту. |
Күз егін көрінісі,күзгі еңбек. |
1 |
|
3 |
Бау-бақшада |
Бау-бақша туралы әңгімелеу,жұмбақтар шешкізу арқылы сөздік қорларын толықтыру. |
Бау-бақшаны жинап жүрген сурет. |
1 |
|
4 |
«Нан қайдан келеді?» ертегісі |
Өткен ертегілерді еске түсіру және аттарын атай білуге үйрету.Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету.Сөздік қорын молайту,диалогті сөйлеуге төселдіру. |
Наубайхана,наубайшы, диірмен,егіс даласы туралы суреттер,піскен нан түрлері. |
1 |
|
5 |
Менің отбасым |
Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.Отбасы туралы әңгімелеу,диалогті түрде сөйлесе білуге,грамматикалық тұлғада таза анық сөйлеуге дағдыландыру. |
Отбасы суреті,ертегі оқып отырған әже. |
1 |
|
6 |
Біздің үй |
Сурет бойынша үй бөлмелерін ажыратып айтуға және өз бөлмесіндегі жиһаздарды атап,жұмбақтар шешуге,әңгімелеуге төселдіру. |
Коттедж суреті,бала бөлмесіндегі заттар. |
1 |
|
7 |
«Қасқыр,түлкі, әтеш» ертегісі |
Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге,берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. |
Үстел үсті театры,қасқыр,түлкі,әтеш ойыншықтары. |
1 |
|
8 |
Үй құстары және үй жануарлары |
Үй құстары және үй жануарларын атап,олардың пайдасы туралы баяндау.Сурет бойынша әңгімелеу.Үй құстарына және үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. |
Тауық балапанымен,су құйып жатқан бала суреті және төрт түлік мал туралы суреттер. |
1 |
|
9 |
Жабайы аңдар. «Тапқыр қоян» ертегісі |
Жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелеуге сурет бойынша сөз,сөйлемдер құрастыруға үйрету.Ертегі желісі бойынша баяндау,сұрақтарға толық жауап беруге төселдіру. |
Орман қөрінісі,аң патшасы арыстан ортада,айналасында жабайы аңдар. |
1 |
|
10 |
Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы |
Өзінің сүйікті ойыншықтары туралы баяндауға, көрмеге әкелген ойыншығын сипаттауға үйрету. «Ойыншықтар айтысы» әңгімесі арқылы өз ойыншығына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,күтіп ұстауға тәрбиелеу. |
«Ойыншықтар айтысы» ертегісі бойынша үстел үсті театрын ұйымдастыру, ойыншықтар көрмесі. |
1 |
|
11 |
Елордасы-Астана |
Астананың көрікті жерлерін атау,өздерінің Астанадан көргендерін баяндау.Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу.Сөздік қорын молайту.Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. |
Астана көрінісі,Бәйтерек, үш бидің ескерткіші, мұхит аралы. |
1 |
|
12 |
«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі |
Ертегімазмұныбойыншадиалогтіәңгімелесу.Айтысөнерініңерекшелігінтүсіне білуге,өзбетіменертегініайтабілугежаттықтыру.Суретбойыншаәңгімеқұрастыруғаүйрету. |
Ертегі мазмұны бойыншасурет. |
1 |
|
13 |
Қысқы киімдер (Сюжетті рөлдік ойындар) |
Киімдердің түрлерін ажыратуға,қай мезгілде киетіні туралы ойын арқылы және қысқы киімдерді атап,сөйлемдер құрастыруға үйрету.Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу. |
Балаларға арналған киім дүкенінің суреті,киімдер үлгісі. |
1 |
|
14 |
Көңілді қыс және қысқы ойындар |
Қыс айларында ойнайтын ойындарды атау,қызықтарын сұрақ-жауап ойыны арқылы әңгімелету, бір-біріне қамқор,дос болуға,ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу. |
Қыс көрінісі, жұмбақтар,шана,шаңғы,коньки суреттері. |
1 |
|
15 |
Тәулсіздік төрімде |
Тәуелсіздік сөзіне түсінік беру.Өлең жолдары арқылы қазақ елінікі екенін баяндау.Өз еліміздің рәміздерін суреттеу.Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. |
Карта,еліміздің рәміздері,Алматы, Астана суреттері. |
1 |
|
16 |
Қошкелдің Жаңа жыл |
Жаңа жыл мерекесін естеріне түсіре отырып,жаңа жылда көргендерін әңгімелету.Аязата,Ақшақарға қандай өлең,тақпақтар дайындағанын мәнерлеп айтқызу.Өлең жолдарын анық айтуға дағдыландыру. |
Безендірілген шырша. |
1 |
|
17 |
Құстардың тіршілігі |
Құстардың тіршілігімен таныстыру.Олардың ерекшеліктерін сипаттап,оларға деген аяушылық,қамқорлық сезімдерін ояту. |
Ұяға жем салып жатқан балалар суреті. |
1 |
|
18 |
Жабайы Жануарлардыңқысқы тіршілігі |
Жабайы аңдардың қысқы тіршілігін суреттер бойынша әңгімелету.Жұмбақтар шешкізу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.Аңдарға қамқорлық сезімін ояту. |
Ұйықтап жатқан аю,індегі түлкі суреті,т.б. |
1 |
|
19 |
Көшедегі көліктер |
Көше көліктері туралы баяндау.Көліктің не үшін қажет екендігін әңгімелеу.Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгімелеу.Көлік жүргізушілерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. |
Қала көрінісі, машинаның түрлері. |
1 |
|
20 |
«Жеті Қазынаның бірі» ертегісі |
Балаларға таныс ертегілерді естеріне түсіруге,аттарын атауға көмектесу,диалогпен сөйлеуге үйрету.Сөздік қорын молайту. |
Аң патшасы арыстан, айналасында ит және адам суреті. |
1 |
|
21 |
Мамандықтыңбәрі жақсы |
Әртүрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту.Суреттерді қолдана отырып әңгімелеу арқылы тілін дамыту.Үлкендердің әр мамандық иелерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. |
Компьютер, ғарышкер, дәрігер, құрылысшы суреттері. |
1 |
|
22 |
«Бір уыс мақта» әңгімесі |
Ы.Алтынсариннің әңгіме,ертегілерін еске түсіру,бір уыс мақтаның құстарға тигізген пайдасы туралы баяндау. |
Анасы,қызы және мақта суреттері немесе үстел-үсті театры. |
1 |
|
23 |
Көктем |
Көктемгі тіршілік,көктемгі еңбектер туралы түсініктерін тиянақтау.Табиғаттың әсемдігін,сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу. |
Алғашқы бүршік жарған ағаштар,алғашқы гүлдер. |
1 |
|
24 |
Аналар мерекесі |
Әр адам үшін басты тұлға-ана туралы түсініктерін тиянақтау.Ана туралы жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету.Анасы туралы пікірін тиянақты,еркін жеткізе білуге талпындыру. |
Аналар мерекесіне көрініс және үнтаспаға жазылған аналардың дауысы. |
1 |
|
25 |
Хайуанаттар Бағындағы қызықтар |
Балаларды оқиғалы суреттерді құрастыруға дағдыландыру.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстырып айтуға баулу.Аңдарға қамқорлық жасауға үйрету. |
Хайуанаттар бағындағы аңдар туралы суреттер, ойындар. |
1 |
|
26 |
Наурызға шашу. Наурыз мерекесі |
Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу.Наурыз мерекесі туралы ертегілер арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту.Мерекелік көңілін көтеру. |
Ағаш отырғызып жатқан балалар,наурыз көжеге салынатын заттардың суреті. |
1 |
|
27 |
«Алтын сақа» ертегісі |
Сурет бойынша ертегінің мазмұнын айтуға баулу.Ертегінің не себепті «Алтын сақа» деп аталатыны туралы түсіндіру.Балаға көмектескен кейіпкер туралы баяндау. |
Ертегі желісі бойынша кестеге бөлінген суреттер. |
1 |
|
28 |
Ынтымақ мерекесі |
Қазақстан көп ұлтты мемлекет жайында әңгімелеу.1 Мамыр ынытымақ,достық күні екенін түсіндіру.Ұлттық киімдер мен салт-дәстүрлер туралы баяндау.Өз ұлтының салтын,дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу. |
Әр ұлттың өкілдерінің мереке кезінде түскен фотолары. |
1 |
|
29 |
Жеңіс мерекесі |
9 Мамыр жеңіс күні туралы мағлұмат беру.Батыр ағалар мен апалардың есімдерін атай білуге үйрету.Еліміздің мақтаныштары туралы әңгімелету арқылы өз Отанын сүйе білуге,қорғауға тәрбиелеу. |
Мәңгілік алау,жеңіс шеруі бейнеленген сурет. |
1 |
|
30 |
Біз мектепке барамыз |
Кітап,мектеп деген сөздерге сөз,сөйлемдер құрастыру.Сурет бойынша сөйлемдерге толық жауап беруге үйрету. |
Балабақшамен қоштасу сәтінен көрініс. |
1 |
|
31 |
Жаз |
Жайқалған жаз,піскен жеміс-жидектер туралы әңгімелету.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.Берілген сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. |
Жаз мезгілінен көрініс. |
1 |
|
32 |
Балалар күні |
Балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру.Өздерінің тақпақ-әндерін анық нақышына келтіре айтуға үйрету.Мерекеде көргендерін баяндауға үйрету. |
Парк іші,мерекеден көрініс. |
1 |
|
|
Барлығы |
|
|
32 сағат |
|
Динара
Бул жоспар о сыныптiкi сиякты 1 сыныпка жокпекен
Гүлназ
Қасқыр, түлкі әтеш ертегісін қайдан іздеуге болады. Таба алмай қойдым?
Дина
Маған 1сынып КМЖ керек ДЦП бала