Өлең, жыр, ақындар

Пойыз

Атырау қаласы, Ақсай селосы
Жалпы білім беретін Б.Момышұлы атындағы
№25 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі
Мансурова Айгул Буранкуловна

 

Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным

Бөлімі: Жапсыру.

Тақырыбы: Пойыз

Мақсаты: Балалардың пойыз туралы білімдерін, темір жолда жүретін көлік екенін түсіндіру; ұсақ бөлшектерді қосу; шаршыдан дөңгелектерді қию; шығармашылық ойды дамыту.Тілдерін дамыту. Сусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: Суреттер қарау

Сөздік жұмыс: Паравоз, вагон.

Қостілділік компонент: Пойыз - поезд

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.

Балалар орындарынан тұрып, орындықтарды пойыз сияқты етіп, ретімен қойып, пойыз туралы ән шырқайды.

Пойыз әнін орындау

Пойыз, пойыз
Судай жаңа,
Жылтырайды шынымен.
Не бар екен пойызда?
Аю менен маймылдар,
Мысықтармен қояндар,
Міне, осындай пойызды
Балаларға сыйлаймыз.
Ұзақ, ұзақ,
Жол ұзақ.
Балалар, біздің ойыншықтар саяхатқа шыққымыз келеді. Бірақ бізде пойыз жоқ, не істейміз?

Ендеше сабағымызға кірісейік.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Пойыз қандай геометриялық пішіндерден тұратынын қарастырайық. Пойыз – көлік, теміржолмен жүреді. Пойызда паровоз бен вагондар бар. (суретін көрсету)

Балалар мен сендердің алдарында қиылған қағаздар яғни пойыздың вагондарын қойдым кане солады қағаз бетіне жапсырайық. Балалар вагон неше бөліктен тұрады. Көп бөліктен. Дұрыс айтасындар балалар.

Сөздік жұмыс: паровоз,вагон.

Балалар жұмыстанады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді.

Пойыз тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар мен дөңгелектерден тұрады. Балалар казір жылдың қай мезгілі - қыс мезгілі. Қыста ауа-райы қандай болады? Қар жауады, аяз болады, күн салқын болады. Қыста неше ай бар - үш ай бар. Қандай айлар бар - желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қазір айдың қай айы – Қаңтар айы.

Балалар мен сендердің алдарында қиылған қағаздар яғни пойыздың вагондарын қойдым кане солады қағаз бетіне жапсырайық. Балалар вагон неше бөліктен тұрады. Көп бөліктен.Дұрыс айтасындар балалар

Қайталайды: паровоз,вагон. Балалар бірінің артына бірі пойыз сияқты тұрады. Жұдырықтарымен айналдырады. Алқандарымен шапалқтайды. Аяқтарының ұшына тұрып қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді.

Сергіту сәті:

Пойыз: Ду-ду! Ду-ду!
Мен жүремін,
Мен жүремін!-деп шулайды,
Ал вагондар зулайды.
Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!
Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!
Ұшақ болып, балалар,
Ұшамыз биікке, биікке.
Жоғары қарай тартыламыз,
Енді жерге қонамыз,
Қолымызды төмен түсіреміз.

Балалар бірінің артына бірі пойыз сияқты тұрады. Жұдырықтарымен айналдырады. Алқандарымен шапалқтайды. Аяқтарының ұшына тұрып қолдарын жоғары көтереді, төмен

Билингвальді компонент:

Пойыз-поезд

Балалар жұмыстанады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді.

Пойыз тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар мен дөңгелектерден тұрады.

Қайталайды: паровоз,вагон. Балалар бірінің артына бірі пойыз сияқты тұрады. Жұдырықтарымен айналдырады. Алқандарымен шапалқтайды. Аяқтарының ұшына тұрып қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді.

Билингвальді компонент:

Пойыз-поезд.

Пойыз жасауға кіріседі

Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші балаларды ойыншықтардың атынан мақтайды.

Қуаныштарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, пойыз құрастырады; қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Түсінеді: Пойыздың теміржолмен жүретін көлік екендігін.

Қолданады: Қайшы мен желім-қарындашты дұрыс қолданады, оқу–іс әрекеті барысында алынған дағдыларды.


Пікірлер (2)

Аманбай АРАЙЛЫМ

мақалдар өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз