СҚО, Шал ақын ауданы, Жаңасу ауылы
Жаңасу бастауыш мектебі
Ибраева Самал Макбузовна
Мақсаты: оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп,жаман қасиеттерден жирену сезімін қалыптастыру; адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту. Тіл байлығын таным белсенділігін арттыру, әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
Әрқайсыларың өз дөңгелектеріңді алып, артын аударсаңдар бір құпия табасыңдар. Ал оның сиқыры мынада: артындағы суреттен сендер бір-бірлеріңмен қалай сәлемдесу түрлерін көресіңдер. Егер күлкі бейнеленсе онда бір-бірімізге күлімдей қарайық. Алақан бейнеселсе қолымызды қысып амандасайық, жүрек болса құшақтайық, күн болса жақсы ықыласпен амандасайық. Біздің тәрбие сағатымыз «Әдептілік-әдемілік» деп аталады. Біздің әдептілігіміз неден басталады? (Амандасудан) Амандасудың қандай түрін білеміз?
Әдептілік туралы ұғымды қалыптастыру.
1. Мектепте (суретпен жұмыс)
Алтын ақыл
1. Сабақтан кешікпе, сабақтан себепсіз қалма
2. Мектепке келгенде бойыңды жинақтап, бас киіміңді ал.
3. Мектепке келгенде әуелі мұғалімге, содан соң жолдастарыңа сәлем бер.
4. Сынпқа үлкендер кірсе, бәріміз орнымыздан тұрамыз.
5. Сабақ кезінде тура қарап отыр. Сабақ үстінде бір-біріңмен сөйлесіп отыруға болмайды.
6. Партаңа ештеңе жазба
7. Дәлізде жүгірме. Баспалдақтан секірме
Кітапханада
Алтын ақыл
Кітапханада айқайлап сөйлеспе
Алған кітабыңды сызбай,жыртпай,бүлдірмей ұстап тапсыр.
Кітап‑білім бұлағы.
Сергіту сәті
Көшеде
1. Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа баруың қажет. Қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті,немересі қорыққаннан жылап жіберді, сенің әрекетің.
2. Апаң сені дүкенге жұмсады. Он минутта барып кел деді. Сен жүгіріп бара жатқанда, алдыңда бір топ әже келе жатыр. Сенің әрекетің?
Алтын ақыл
1. Көшеде қатты айқайлауға болмайды.
2. Мәдениетті адам түкіре бермейді.
3. Үлкен кісінің жолын кесіп өтпе.
4. Қағаз, орауыштарды жәшіктерге таста.
Көлікте
Әңгіме «Әдеп» (талдау жасау)
Алтын ақыл
1. Автобуста итеріп кимелеме
Айқайлап қатты сөйлеме
Үлкен кісіге орын бер.
Қорытынды: Жалғастыр ойыны:
Не істеуге болмайды?
Не істеу керек?
Сиқырлы сөздер. Ізгі сөздер
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі