Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік тұғыры биікте

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектеп жанындағы
"Айгөлек" шағын орталығының
ІІ санатты тәрбиешісі: Коптилеуова Кенжетай Жайлаубаевна

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биікте»

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін оят, елін, жерін, құреттеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырып, әнұран, суреттер, слайд, үнтаспа,  т.б.

Кіріспе бөлім:

Барысы:

Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен балалар! Бүгін біз сіздермен "Тәуелсіздік тұғыры биікте" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991 жылы 16 желтоқсан - тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.   Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол .

Әнұран айту:

Тәуелсіздік туралы тақпақтар: "Қарлығаш" топ бүлдіршіндері.

Тәуелсіздік жолында
Талай–талай тер төккен
Билігім өз қолымда
Еркіндігім – Елтаңбам

Құт, береке – шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты құс – қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраным
Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.

Тәрбиеші: "Қарлығаш" тобының "Балапан" биі

Ән: «Отан»

"Балдырған тобының тақпақтары"

Би: "Қазақша"

Ән: Балдырған тобы .

Тәрбиеші: Тәуелсіздік алған 21 жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз. Барлығымыз тәуелсіз заманның, егеменді елдің бақытты қожасы болдық. Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күн дегім келеді. Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі, көрмеген қасіреті қалмаған.

Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазақымның болған қалам
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам!

Астана туралы тақпақтар. 

Бабалардың көзіндей
Даналардың сөзіндей
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам!
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап – жас болып
Мен үлкен болғанда да.

Тәрбиеші: Би Балдырған тобы.

1986 жылы 16-желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар «Тәуелсіздік керек» деген тілегімен жиналды. Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі ,тарихтан алар орны ерекше.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн,
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

Би: Айгөлек

Қорытынды: Сондықтан басты құндылығымыз - Тәуелсіздігіміз! Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені абзал. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте»атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз