Ақтөбе обылысы, Қандыағаш қаласы
"Күншуақ" балабақшасы
Таухабаева Индира Максотовна
ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 01.02.2017ж
Тәрбиеші: Таухабаева И.М
Тобы: «Шаңырық»
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: «Экология негіздері»
Тақырыбы: «Үрмебұршақты отырғызу»
Мақсаты:
1. Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы білім беру..
2. Тұқым отырғыза білу дағдыларын игерту.
3. Еңбекқорлыққа баулу.
Қажетті құрал–жабдықтар мен көрнекіліктер: бала санына қарай алжапқыш және топырақ салынған стақан, піскен үрмебұршақ, қоапшадағы үрмебұршақ, өсімдік суреттері, аламан ойыншығы, стекалар..
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық |
Тәрбиеші сабаққа аламанның (тышқанның бір түрі) келгенін хабарлап айтады. - Балалар, аламан сендерден үрмебұршақ отырғызуға көмектесулеріңді сұрайды. Бірақ оны қалай отырғызу керектігін білмейді. Балалар, аламанға көмектесеміз бе? |
Балалар сабаққа белсене қатысады, алжапқыштарын киеді. - Көмектесеміз. |
Ұйымдастырушылық - ізденітік
|
1. Білімді өзектендіру. Үрмебұршақтың суретін көрсетеді. - Бұл ненің суреті? 2. Үрмебұршақ туралы түсіндіру. Үрмебұршақ – жылу сүйгіш өсімдік. Сондықтан ол ыстық жақтарда өседі. Үрмебұршақ біздің елімізде де өсіріледі. Үрмебұршақты суық топраққа отырғызбайды. Сондықтан оны күн жылынған кезде отырғызады. Үрмебұршақ өсу үшін жылу, су, жарық және ауа қажет. Біз бүгін үрмебұршақты қалай отырғызу керектігін үйренеміз жіне оны аламанға қалай отырғызу керектігін көрсетеміз. Тәрбиеші қорапшадан үрмебұршақтарды алып, балаларға таратады. Оның тұқым екенін айтады. - Балалар, үрмебұршақты алақан арасына салып есіп көрейік, қолға қалай сезіледі? Түсі қандай? 3. Билингвальды компонент: үрмебұршақ – фасоль, отырғызу – посадить. 4. Сергіту жаттығуы. Шақ-шақ-шақ, |
Суретті қарап, үрмебұршақ туралы білетіндерін айтады.
Көру арқылы үрмебұршақты зерттейді.
Әсерлерін бөліседі. - Қатты, сопақша тәріздес. |
|
5. Үрмебұршақ отырғызу. Тәрбиеші балаларды бір–бірден шақырып, қолдарына үрмебұршақтың дәнін таратады, балалар орнына жайғасқан соң отырғызу реттілігін айтады. - Стекамен шұңқыр жасаймыз. - Шұңқырға үрмебұршақтың дәнінің өсімі бар жағын аратып саламыз. - Топырақпен көмеміз. - Су құйғышпен аздап су құямыз. Балалардың алдына отырғызу реттілігі көрсетілген үлгіні ұсынады. Балаларға керекті құрал жабдықтарды таратып береді. Үрмебұршақты отырғызу барысында тәрбиеші әр баланың еңбегін қадағалап, мадақтап отырады. 6. Жеке жұмыс өткізеді. |
Қайталайды.
Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.
Тәрбиеші тындап, үрмебұршақты отырғызу реттілігін естеріне сақтайды.
Бұршақ отырғызады. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Сұрақ–жауап әдісі арқылы оқу іс–әрекетінде алған білімдері қорытындыланады. |
Сұрақтарға жауап береді. Бір–бірінің жауаптарын тыңдайды. |
Күтілетін нәтежелер:
Жасайды: үрмебұршақты отырғызуға берілген тапсырманы;
Түсінеді: үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің қалай көбейетіндігін, яғни олардың өсіп – жетілуі үшін топырақ, су, жарық және жылу қажеттігін;
Қолданады: тұқым отырғыза білу дағдыларын.
Бақила.
Үрмебұршақ қанша күнде өседі?
Жұмагүл
Үрмебұршақ қанша күнде өседі