Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
"Бейнеу бөбекжайы" МКҚК
VІ топ тәрбиешісі: Қожанова Алтынай
Мақсаты: Көркем әдебиетке қызығушылыққа тәрбиелеу,қоршаған әлемдегі жануарларды ажыратып тануға деген түсініктерін кеңейту. Олардың тіршілік мекенін білуге үйрету. Ертегілерді сахналауға қатысу ықыластарын арттыру. Тілдерін дамытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, ойын, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, көрсету.
Көрнекілік: Ертегі бейнеленген мазмұнды суреттер, ақ қағаз, түсті бояу, пламастер, түрлі-түсті қағаздар, слайд көрсету.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру-іздестіру
Рефлексті коррекциялаушы |
Шаттық шеңбері Шеңбер бойына тұрады шаттық шеңберін жасайды. Табиғат біздің анамыз, Кәне балалар, енді қолдарымыздан ұстап жүректен шыққан жылы лебіздерімізді айтайық Жарайсыңдар балалар, бәріміз тақтаға назар аударайық. Қазір бізде жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Қане ай аттарын атайықшы? Қыстың ерекшелігін білесіңдерме? Балалар мына жерде біреудің дауысы шығады. Ол не екен қарайықшы. - Ой, бұл аң патшасы арыстан ғой. Бұл жерде қайдан жүрсіз Балалар бұл аң патшасы-арыстан, жабайы және жырытқыш аң, орманда,тауда мекендейді. Түсі қоңыр немесе қызғылт сары болады тістері өте өткір,тез жүгіреді. Тәрбиеші жұмбақ жасырады. Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айқай да шу. Дұрыс айтасыңдар түлкі-өзі қу айлакер, құйрығы ұзын, түсі қызғылт сары, жүні үлпілдек құлағы тік. Кім түлкі туралы тақпақ біледі. Жарайсың отыра ғой, балалар есік қағылама Музыкамен билеп түлкі келеді. Тәрбиеші: Сіз қайдан жүрсіз? Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қонаққа келдім. Тәрбиеші: Төрлетіңіз,түлкі бикеш, біздің топқа қош келдіңіз! Бізбен бірге болыңыз. - Ал, балалар,түлкі туралы білетіндеріңізді ортаға салайық. - Түлкі қандай аң? - Түлкі қайда мекендейді? - Түлкі көп ертегілердің кейіпкері. Балалар қандай ертегі білесіңдер? - Ертегілер қалай басталады? - Иә, дұрыс айтасыңдар. Енді бүгін мен сендерге «Арыстан мен түлкі»ертегісін әңгімелеп берем,мұқият тыңдаңдар. (слайд көрсету) Ертегі ұнады ма? Олай болса, осы ертегіні қуыршақ театры арқылы тамашалайық Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Дидактикалық ойын: «Аңдарды орналастыр» Осы ертегіні рөлге еніп ойнайық. Кім арыстан болады? Кім түлкі болады? Балалар ертегідегі арыстан мен түлкінің бейнесі ақ қағазға бейнеленген Ұжымдық жұмыс: 1-топ түлкінің бейнесін жандандырайық,ол үшін үлпілдек жүнді,әдемі түлкіні акварель бояумен саусақ арқылы бояйық. 2-топ арыстанның бейнесін түрлі-түсті қағаздан жұлмалап,умаждап жапсыру. Балалар ертегі ұнады ма? Түлкі қандай аң? Түлкі қалай жүреді? Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін барлығыңды жұлдызшамен бағалаймын. Ал ата-аналарыңа қуанышты хабарлама жіберем. Құрметті ата-ана сіздің балаңыз Есболды бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатысқаны үшін көп-көп рахмет. |
Балалар қимылмен көрсетіп жасайды.
Біздің топта ұл-қыздар
Қыс мезгілі Үш ай бар Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан Балалардың жауабы
Балалар таңданады
Дала боран байқамай кіріп кетіппін
түлкі
Асылзада Түлкі деген қу екен Жүрген жерін шу еткен Жүздің жылпыс бұл аңы Артында көп ылаңы. Иә
Қу,айлакер орманда
«Шалқан», Бауырсақ, Қарлығаш пен дәуіт, Шұбар тауық, Қотыр торғай. Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, баяғы өткен заманда.
Балалар ұйып тыңдайды. Иә, апай Ертегіні қуыршақ театры арқылы қайталау
Балалар қимылмен қайталап жасайды.
Дайын орман суретіне аңдарды жапсыру
Есбол -арыстан Гүлфайруз-түлкі
Топқа бөлініп ұжымдық жұмыс жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Жан-жануарлар әлемімен ормандағы тіршілікті.
Болуы керек: Қызығушылығы, зейінді, ұжымдық жұмыс.
Жасай алуы: Ертегі кейіпкерлерін шығармашылық тұрғыдан жасай алуы.
Үйрену керек: үлпілдек сөзі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі