«КЕЛІСІЛДІ» Колледж әдіскері __________ С.М.Кунапиянова «_____»_______________2017ж. |
|
«БЕКІТЕМІН» Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ____________ М.А.Каримов «____»_____________2017ж. |
Пәні: |
Цифрлық тарату жүйелері |
Сабақтың тақырыбы: |
ИКМ-120 жүйесінде байланысты ұйымдастыру |
Сабақтың мақсаттары: |
|
Білімділік: |
Білім алушыларды ИКМ-120 жүйесінде байланысты ұйымдастырудың негізгі әдіс-тәсілдерін үйрету. |
Дамытушылық: |
Білім алушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл – күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту. |
Тәрбиелік: Сабақтың түрі: |
Білім алушыларды азаматтыққа, адамгершілік қасиеті және жоғары саналылыққа баулуға тәрбиелеу. Теориялық |
Сабақтың типі: |
Аралас сабақ. |
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ |
|
Сабаққа қолданылатын әдебиеттер: |
В.Н. Гордиенко «Многоканальные телекоммуникационные системы» Москва 2005. |
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: |
Оқулықтар.
|
Сабақты жүргізу кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
а) Студенттермен сәлемдесу;
ә) Студенттерді түгендеу;
б) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;
в) Студенттердің назарын сабаққа аудару
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (10 мин)
- Цифрлық сигнал дегеніміз не?
- Периодты және периодты емес сигналдар?
- Сигналдар классификациясы?
- Байланыс арнасы?
- Сигнал деген не?
- Сигналдың түрлері?
- Сигналдың қызметі қандай?
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (40 мин)
ИКМ-30(импульсті кодты модуляция) беру жүйесі импульсті кодтық модуляцияны ИКМ-ВД қолдана отырып,ВРК әдісімен қалалық телефон желісінде жалғағыш байланыс желілерін ұйымдастыру үшін арналған.
Беру жүйесі өткізгіш диаметрі 0,5-0,7 мм Т және ТПП симметриялық кабель жұптарымен жұмыс істеуге арналған. Екіжақты трактіні ұйымдастыру үшін кабельдің екі жұбы қолданылады: тура және кері беру бағыты. Байланыс трактісін бір кабельді және екі кабельді жүйемен ұйымдастыруға болады, бірақ бір кабельді байланысты ұйымдастыру сұлбасында ауысатын өшуі бойынша кабель жұбын арнайы таңдау керек.
Желілік трактінің максималды ұзындығы кабель түріне байланысты 50-100 км болады.
Регенерация бөлімшесінің ұзындығы кабель түріне ИКМ-30 қосылған кабель жұбына байланысты 1,5-2,7 км құрайды. Телефон арнасының сигналдарын кодтау сегіз разрядты симметриялы екілік кодпен жүргізіледі. Кодтау – сызықты емес, А-87,6/13 заңымен. Желі код ретінде квазиүштік код ЧПИ қолданылады.
АТС пен ИКМ-30 арасында СУВ беру үшін қондырғы құрамына кіретін электронды келістіру құрылғысы СУ қолданылады.(шығыс СИ және кіріс СВ).
Арнаның тиімді беру жилік жолағы – ТЖ-0,3-3,4 кГц.
Типтік арнаның цифрлық сигналының сигналдық циклдік құрылымы мен сызықты кодтың типінен тұратын арнайы лолгикалық құрылымы бар. Цифрлық сигналдың циклдік құрылымы мыналар үшін қолданылады: синхронизациялар; біріншілік желідегі арналар иерархиясының әр түрлі дәрежелері арасындағы мультиплексиралау мен демультиплексиралау процестері; блокті қателіктерді бақылау.
Сызықты код цифрлық сигнал таратудың кедергітұрақтылығын (помехоустойчивость) қамтамасыз етеді. Тарату аппаратурасы циклдік құрылымымен цифрлық сигналдың тарату ортасында берілетін модульденген электрлік сигналға түрленуін орындайды. Модуляция типі қолданылатын жабдыққа және тарату ортасынатәуелді болады.
1 желісінің негізгі біріншілік арнасы жоғары-циклдік құрылымы мен сигнализаиця арнасы бар, цифрлық телефонияның екінші жүйесінде және ISDN де қолданылады. PDH иерархиясының басқа арналарында тек циклдік құрылымы бар.
E1 арнасының бұл ерекшелігі оның біріншілік және екіншілік желілер арасындағы «шекара» болатынмен шартталған. E1 циклдік құрылымынң 3 негізгі нұсқасы бар:
- Құрылымдық емес ағын;
- Циклдік құрылымымен;
- Циклдік және жоғары циклдік құрылымдармен.
Е1 құрылымдық емес ағыны мәліметтер таратудың жүйелерінде қолданылады және циклдік құрылымы жоқ (арналарға бөлінуі) – бұл негізгі цифрлық арна (НЦК) – 64 кбит/с.
Циклдік құрылымымен Е1 ағыны 0 – ден 31 – ге дейінгі Time Slot (TS) арналық аралықтарға бөліну түрінде 64 кбит/с – пен НЦК – нің 32 арнаға бөлінуін қарастырады. Әрбір аралық үшін цикл құрамында 8 бит беріледі, цикл (фрейм немесе кадр) ұзындығы 256 битке тең, бұл 125 мкс – ді (цикл ұзақтығы) құрайды. Нөлдік арналы аралық FAS (Frame Alignment Signal) циклдік синхронизацияның сигнал беріліс астында беріледі.
Бұл тарату жүйесі қалалық АТС пен қала сыртындағы АТС арасында ТЖ 30 арнасы арқылы төменгі жиілікті кабельдің қағазд және полиэтиленді изоляциясы бар диаметрі 0,5, 0,6 және 0,7мм байланыстырады. Сонымен қатар ИКМ – 30 цифрлы тарату жүйесі үшін арна үзіліссіз құрылғы ретінде қолданылады. Жүйе бір кабельдік және екі кабельдік болып құрыла алады. Бір кабельді қолданғанда қарама – қарсы бағыттағы мәлімет тарату қайтагенерациялауда бір кабельдің әртүрлі сыныарларына , ал екі кабельдік әртүрлі кабельдер түрінің сыңарлары қосылады. Бірінші жағдайда өтпелі өшудің көлеміне байланысты сыңарлары таңдалады 2 кабель. Жүйеде цифрлы сызықты тракт барлық кабель сыңарларында қалыптасуы мүмкін, сол кезде кабельдік сыйымдылық 13 – 14 рет ұлғаяды, ал бір кабельдік жүйеде 10 рет қана, өйткені 1/3 кабель сыйымдылығы қолданылады.
ИКМ – 30 аппаратурасы цифрлы тарату аппаратымен бірге жұмыс істей алады. ЦТА қолданғанда сызықтық ИКМ – 30 трактінде жоғары кластың дыбыстық таралу 4 арнасы пайда болады.
Аналогті – цифрлы құрылғыны (таратуда) және цифрлы – аналогты (қабылдауда) құрылған түрленуді 30 телефондық сигнал қабылдағанға структуралық циклдың таралуына байланысты топтық цифрлы ағынның таралу жылдамдығы 2048 кбит/с. Ол кірген және шықан дискретті ақпаратты және АТС құрылғыларымен біріктіруге көмегі тиеді. Сызықты тракт құрылғысы сызықты цифрлы сигналды реттеп қабылдауға арналған. Сонымен қатар қашықтан басқарып қоректендірумен НРП телебарлауға байланыс қызметін құруға негізделген.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту (18 мин)
- сандық қондырғылар;
- оларға не жатады;
- сандық құрылғылардың логикалық функциясы;
- АЦҚ-30 жайлы кесте түрінде жазыңыздар;
- аналогты және сандық сигнал сызбасын сызу.
V. Сабақты қорытындылау(15 мин)
- Цифрлық сигнал дегеніміз не?
- Цифрлық ағын құрылымы дегеніміз не?
- E1 циклдік құрылымынң 3 негізгі нұсқалары?
- ИКМ-30(импульсті кодты модуляция) беру жүйесі не үшін арналған?
VI. Белсенді студенттерді бағалау (3 мин)
Жұмыс орнын жинау. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасы (1 мин)
«ИКМ 120-480» тақырыбына реферат жазу.
Лекцияны оқу
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі