Өлең, жыр, ақындар

Көжектің анасын тап

Шығыс Қазақстан Облысы
Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
«М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ
«Балапан» шағын орталық тәрбиешісі
Тлегенова Ләззат Едилханқызы

 

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

Көжектің анасын тап

Мақсаты:

   Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Аңдарды сипаттауға жаттықтыру, тақпақтар  арқылы тілдерін дамыту. Сөздік қорларын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Міндеттері:

  Өз қылықтарына баға беруге үйрету, сыйластыққа , адалдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

  Суреттер, ертегі кейіпкерлері, слайд, карточкалар, геометриялық пішіндер

 

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

 

 

 

 

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу.

Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
Ертемен, ақ пейілмен.
Қайырлы таң деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
Қайырлы күн тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін,
Кеш жарық деп кіремін.

Қол алысып, қане біз,
Достасайық  бәріміз.
Армысың алтын күнім,
Армысың балабақшам.

Балалар шаттық шеңберге тұрып тақпақ айтады.

  Ұйымдастыру іс-әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту

 

   Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешімін табыңдар.

   Орғыған қорқақ, көзі қыли,

   Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді

   Балалар, бұл кім туралы айтылған?

 

   Балалар, таңертен мен балабақшаға келе жатып  жолда көжекті кездестірдім, ол анасынан адасып қалыпты. Біз көжекке анасын тауып берейік, болысайық.

   Балалар сендер көжек туралы не білесіңдер? Ол қандай аң?

   Тағыда орманда қандай аңдар мекендейді екен?

   Ендеше бізге орманға барып көжектің анасын тауып беру үшін не қажет?

   Ия дұрыс орман алыс, біз онда көлікпен бара аламыз.

   Көліктер нешеге бөлінеді?

   Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?

    Ия осы көліктердің бәрін біз қандай көліктер дейміз?

    Тағыда қандай көліктер бар?

    Ал біз қандай көлікпен барамыз? Біз көп болғандықтан автобуспен барайық па?

    Балалар автобусқа отыру үшін бізге билет қажет екен. Бүгінгі автобустың билеттері ерекше,  бір карточкадан алып қандай пішін бейнеленгенін айтып түсіне қарай өз орындарынды тауып отырыңдар.

«Геометриялық пішіндерді ата»

Төрт аяғым дөңгелек,
Адамсыз мен жүрмеймін,
Барлық жерге жеткізіп,
Қаласаңыз апарам.

   Міне, балалар, біз орманға келдік,  алдымызда көптеген қиындықтар мен кедергілер күтіп тұр, сол кедергілерден біз бірігіп өтүге тырысайық.

   Түлкі шығады алдарынан.

   Балалар, алдымызда өзен ағып жатыр, сол өзеннен өту үшін бізге ағаштан  көпір салу керек. Мына жатқан әр ағаштың астында сендерге тапсырма берілген. Сол тапсырманы орындап көпір салайық.

«Суретке қарап сөйлем құрастыру»

Жақсы, балалар біз өзеннен өттік. Тапсырманы жақсы орындадыңдар.

   Ой мынау кім екен алма ағаштың астында пысылдап отырған? (ағаштың астында кірпі отырады)

   Кірпі балалардан көмек сұрайды. Алма жинап беруін сұрайды. Әр алманың астында тапсырма жасырулы екен, сол тапсырмаларды орындап кірпіге алма жинап беру керек екен.

«Антоним сөздерін тап»

  - Балалар, сендер жүріп шаршаған шығарсыңдар отырып демалып алайық.

  Шыршаның үстінде үкі отыр.

  - Балалар үкімен амандасайық.

  Үкі ойын ойнауды ұсынады.

  «Мен қайдамын?» ойыны

  Алдарынан аю шығады.

  - Аю сен не істеп жүрсін? Аю жидек жинап жүргенін айтады, балалармен сергіту сәтін жасайды.

  Топ топ топ топ басайық,

  Сергітуді бастайық.

Жел соққандай телсене,
Қозғалайық белсене.
Аю келді томпандап,
Керілді ол қорбандап.
Жанжағына қарайды,
Жидектерін санайды.
Оң жағына қарайды,
Оң жағында бес жидек.
Сол жағына қарайды,
Сол жағында бес жидек.
Бәрін қосып санайды,
Бірақ санай алмайды.
Кәне көмек қылайық,
Қанша жидек айтайық.

   Он.

   Жақсы, балалар енді ары қарай жол жүрейік ой мынау кім екен. Алдарында қасқыр отырады. Қасқыр балаларға ертегі кітабінін бұзылып қалғанын айтып, қай ертегі қалай аталатынын атап берулерін сұрайды

«Ертегіні ата»

   Осылай қоянның үйіне де жетіп қалыппыз.    Қоянымыз ұйықтап жатыр ғой.

   Кәне, балалар, қоянды оятайық.

Қоян, қоян тұршы,
Беті-қолынды жушы.
Айнаға қарашы, шашыңды тарашы.

Қоян оянып, көжегін көріп құанады. Балаларға рахметін айтып, сыйлық береді

Балалар жұмбақты шешіп сабақтың тақырыбын ашады.

 

 

 

 

 

   Балалар көжекке болысуға келіседі.

 

   Көжек қоянның баласы. Ол жабайы аң. Ол орманда тұрады. Көжек сәбізді

   Аю, қасқыр, түлкі, кірпі т.б.

 

Көлік

 

 

Үшке ол жер, су, әуен көліктері.

Жеңіл машина, жүк машинасы, мотоцикл, велосипед, поезд, автобус т.б.

 

Жер көлігі.

Су көліктері, әуен  көліктері.

 

Балалар автобуспен баруға келіседі.

 

   Әр бала карточкасын алып пішініне, түсіне қарай өз орындарын табады.

 

 

 

Тақпақты тәрбиешімен бірге айтады.

Балалар орманға келгендеріне қуанышты болып, бірігіп жұмыс жасауға келіседі.

 

Түлкімен амандасады.

Балалар бір ағашты  алып тапсырманы орындайды.

Суретке қарап сөйлем құрастырады.

ағаштан көпір салып өзеннен өтеді.

 

 

Ол кірпі. Балалар куанып кірпіні қарсы алады.

Балалар кірпіге көмектесуге келіседі, алманың тапсырмасын орындайды. Антоним сөзерді атайды.

 

 

 

Балалар отырып демалады. Үкімен амандасады, ойын ойнайды.

Үкі шыршанын қай жерінде орналасқанын айтады.

Үстінде- астында, алдында-артында, оң жақта- сол жақта т.б.

 

Балалар аюмен әңгімелеседі.

Балалар аюмен бірге тақпақты жатқа айтып,  әртүрлі кимыл-қозғалыстар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар суретке қарап ертегілердің атап береді.

 

 

 

 

Балалар қоян туралы өлең айтып қоянды оятады.

Қоянға көжегін тапсырады.

Рефлексивті-түзетуші

   - Балалар, бүгінгі сабақта біз не істедік?

   Орманда кімдерді кездестірдік?

   Сендерге сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

   Қандай қиындықтар кездесті?

   Сабақты смайлик арқылы бағалайды.

   Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

   Дәптермен жұмыс жасайды.

   Сабақты смайликтар арқылы бағалайды.

   Смайликтарды тақтаға іледі.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

   Шығарманың мазмұнын анық байланыстыра жүйелі жеткізе білуі қажет. Сөйлемді толық айтуды.

Нені игереді:

   Балалар тілдерін дамыта отырып, антоним, синоним сөздерін дұрыс  игереді.

Нені біледі:

   Жабайы аңдарға қамқорлық жасауды біледі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер