Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасы
Тәрбиеші: Балмағанбетова Азиза Жалғасбайқызы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта:Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Менің құқықтарым мен міндеттерім
Мақсаты: Балаларға өздерінің құқұқтары мен міндеттерін түсіндеру. Бізің еліміз демократиялы, құқұқтық мемлекет болғандықтан, балаларды құқықтық жағынан қорғалатыны туралы мәлімет беру. Әрбір баланың өз құқұғы бар екенін, балалар мерекесі туралы түсініктерін жетілдіру. Үлкендер еңбегін сыйлай білуге, бағалауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: заң, құқық.
Керекті құралдар: Суреттер.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбері! - Көк аспанда күн күлсін! Балалар айналаға қарайықшы, ауа райы бүгін қандай керемет! Ауа райы салқын, ағаштардан жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. - Ендеше бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар? Өте дұрыс, балалар. 2. Өткен тақырыпты қайталау. (Менің-Отаным Қаззақстан) - Балалар, біз қай республикада тұрамыз? - Қазақстан республикасының бас қаласы қалай аталады? - Біз қай қалада тұрамыз? - Қазақстан Республикасының Президенті кім? |
Балалар педагогтың айтқанын қайталап айтады.
Күз мезгілі
- Қазақстан Республикасында тұрамыз. - Астана - Жаңаөзен қаласында тұрамыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. |
Іздену ұйымдастырушы |
Жаңа тақырыппен таныстыру Тақырыбы: Менің құқықтарым мен міндеттерім. Дұрыс балалар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.Бізің өз отбасымыз, өз Отанымыз бар. Біз бақытты өмір сүріп жатырмыз. Бақытты өмір сүру дегеніміз-адамның тілегінің орындалуы, әрқашан қуанышты болуы. Бақытты өмір сүру үшін ересектер еңбек етеді,балаларын оқытады, тәрбиелейді. Ал балаалар, балабақшаға, мектепке барады. Еліміздің әрбір адамы бақытты өмір сүру үшін жағдай жасалған. Балабақша, мектеп, аурухана және ойын-сауық орталықтары бар. Кез келген адамның емделуге, оқуға құқығы бар. Ал сендердің өз отбасыларыңда, өз Отаныңдарыңда бақытты өмір сүруге құқықтарың бар. Әр жылдың маусым айының 1-ші жұлдызы «Балаларды қорғау күні»- мерекесі болып аталып өтіледі. |
Балалар жаңа тақырыпты мұқият тыңдады.
Үлкендердің айтқанын тыңдау |
Рефлексті коррекциялаушы |
Құқық – мемлекет тарапынан заңмен әрбір адамға берілетін ерік, бостандық. Конституция – бұл біздің еліміздің басты заңы. Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат. - Балалар, сендер өз құқықтарым бар деп өз беттеріңше, ойларыңа келгенді жасай беруге болмайды.Өз құқықтарыңмен бірге өз міндеттеріңде бар. - Ол қандай міндеттер? - Сендердің қазіргі уақыттағы басты міндеттерің: Үлкендердің айтқандарын тыңдау. Біздер міне, осындай бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз.
Сергіту сәті (Слайдтан көрсету) Көркем сөз оқу Отан дейміз от жаққан жерімізді Мақал-мәтелдер үйрету Атаңның баласы болма, Ел алғысын алсаң, Адалдықтың белгісі - Әдепті бала арлы бала, |
Үлкендердің айтқанын тыңдау |
|
ІІІ. Қорытынды. Сонымен, қорыта келгенде, - Балалар өзіміздің құқығымызды қорғауға, міндеттерімізді орындауға, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. - Қандай оқу іс-әрекеті болды? - Бізің қандай құқықтарымыз бар екен? - Балаларды қорғау күні кай күн?
Барлығыңыз бүгінгі оқу-іс әрекетіне толық қатыстыңдар. Сау болыңыздар? |
Балабақшада, мектепте оқып, білім алуға
1-маусым күні
Балалар өз түсінгендерін айта білді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар өз құқықтарын, лайықты өмір сүру заңдылықтарын түсінді.
Игереді: балалар құқығының заңмен қорғалатынын біледі.
Меңгереді: адам құқықтарын сақтау, құрметтеу, дұрыс қарым-қатынас жасау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі