Ақтөбе қаласы
№31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымының
логопеді: Давлетова Алия Халилкызы
Тақырыбы: Қыстайтын құстар
Тобы: Арнайы ортаңғы тобы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Тіл дамыту
Мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы балалардың сөздік қорын кеңейту. Зат есімнің септелуін қолдануға, салыстырып әңгімелеуге дағдыландыру. Зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дауыс екпінін түзету. Табиғатқа сүйіспеншікпен қарауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: заттық, мазмұнды суреттер, қиынды суреттер.
Әрекет кезеңдері |
Логопедтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
- Логопед балалармен сәлемдеседі. Шаттық шеңберін орындауға шақырады. - «Тосын сый». - Балалар бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айсұлу келіпті. Сендермен бірге сабақ оқығысы келеді екен. Қарсы емессіндер ме? |
- Балалар жиналып шеңбер құрып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
- Әрине қарсы емеспіз. |
Ұйымдастыру іздену |
- Балалар біз жақсы сөйлеу үшін қандай жаттығулар орындау керекпіз? - Артикуляциялық жаттығулар «Тәтті тосап», «Сағат» т.б. - Тыныстау жаттығуы. «Ыстық шәй» (балаларға картоннан жасалған кеселер таратылады) - Қуыршақ Айсұлу қыстайтын құстарды айтқанда шатасады екен. Сендердің көмектесулерінді сұрайды. Көмектесеміз бе? Ендеше, қыстайтын құстарды айтайық. (қыстайтын құстардың суреттері көрсетіледі) «Салыстыру» - Балалар қыстайтын құстар бір-біріне ұқсамайды екен. қанеки салыстырып сипаттама беріп көрейік. (салыстырып, қандай айырмашылығы бар екенін айту). - «Не артық?» дидактикалық ойыны Логопед балаларға суретте қыстайтын құстар арасына үй және жыл құстарын қосады, ал балаларға онын ішінен артық құстарды атап, көрсетуін сұрайды. - Сергіту сәті. - Логопед балалармен музыка әуенімен сергіту сәті сөздері мен қимылдарын сәйкес орындайды. - «Кім жылдам» ойыны - Балалар мына қиынды суреттерді құрастырсақ, бір құстың суреті шығады. Ол қандай құс екенін білгілерін келеді ме? Ендеше құрастырайық. |
- Тіл жаттығуларын. - Балалар айнаның алдында артикуляциялық жаттығуларды орындайды - Балалар кеседегі шәйді үрлейді.
- Иә, көмектесеміз. - Балалар тапсырмаларды орындайды, қайталайды, көрсетеді.
- Балалар құстарға сипаттама береді: қандай айырмашылығы бар екенін айтады. Қарға үлкен, торғай кішкентай, қарғаның түсі қара, ал торғайдың түсі қоңыр, т.б.
- Балалар қыстайтын құстардың арасында артық құстарды табады, атайды.
- Балалар сергіту сәті сөздерін қимылдарға сай орындайды, көңіл-күйлерін көтереді, демалады. - Иә, білгіміз келеді. Балалар қиынды суреттерді құрастырады. |
Рефлексивті түзету |
- «Не жоқ?»-дидактикалық ойын. Тақтада бар суреттерді кезекпен жасырады, ал балалар не жасырғанын тауып айтады. - Қорытындылау: марапаттау, кім жақсы жұмыс істегенін сұрау. |
- Балалар тапсырманы бірлесе орындайды.
- Балалар бір-біріне баға береді. |
Күтілетін нәтиже
Білу: Қыстайтын құстар туралы айтуды.
Игеру: Қыстайтын құстардың айырмашылығын табуды.
Меңгеру: Сұраққа толық жауап беруді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі