Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенің мақтанышпен сезіне алатындай іс- қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау ойдан арна тартады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей, жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда, қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын ұғым.
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу - баланың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу; туған ел тарихы жəне өз халқы мен басқа да ұлыстардың мəдени мұрасын, салттары мен дəстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру.
Патриоттық тәрбиенің маңыздылығы олардың құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғалған толық кепілдігімен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ететін конституциялық еркіндік, экономикалық дамыған, әлеуметтік тұрақты өркениетті, демократиялық мемлекет құру бойынша болып жатқан процестер бірнеше маңызды сапалы жаңа міндеттерді жоғарылатқан жағдайда өседі.
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру;
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Руханилық, адамгершілік, толеранттылық базасында әлеуметтік қатынастар ұдайы өндірісінің мобилизация ресурсы ретінде таралудың көбеюі патриотизмге деген кезқарастың соңғы кездері әлеуметтік дамудың маңызды құндылығы ретінде табады. Патриоттық тәрбиені анықтайтын принциптер қатарына келесілерді жатқызуга болады:
• адамның патриоттық санасының әлеуметтік-мәдени детерминациясы;
• оның мінез-құлқының әлеуметтік құндылық жанамалылығы;
• ұрпақаралық рухани құндылық сабақтастығы;
• толеранттылық;
• әлеуметтік ұқсастылық;
• Отанын қорғауға дайындығы.
Патриоттық тәрбие - бұл азаматтарда жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру, Отанға деген берілгендік сезімі мен азаматтық парызын орындауға дайындығы және Отан мүдделерін қорғаудағы конституциялық міндеттері арқылы атқарушы билік жүйесінің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, оқу орындарымен ғылыми ұжымдар, көпжоспарлы, жүйелі орындауға болатын мақсатты және үйлестірілген қызметі.
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжай директоры
Кабдрахманова Мереке Мендибаевна
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі