Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі
Дюсенова Сания Урынбаевна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар (ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Алдын ала дайындықпен ойыншық туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Жануарлар төлдерінің аттарының «-шақ», «-қан» жұрнақтары арқылы жасалуы туралы түсінік беру.
Көрнекіліктер: ойыншықтар- қуыршақ, құлыншақ, қошақан, ботақан.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, өлең жаттату.
Сөздік жұмыс: сүйікті ойыншықтар, ұрыншақ, момақан, тұлпар, ойнақтаймын баладай.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Дос болып жүрейік, |
Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Балаларға топқа ойыншықтардың қонаққа келгендіктері туралы айту. − Балалар, бізге қандай ойыншықтар қонаққа келді? − Бұл ойыншықтар – қуыршақ Әйгерімнің сүйікті ойыншықтары. Әйгерім: − Мен ойыншықтарымды өте қатты жақсы көргендіктен құлынды- құлыншақ, ботаны - ботақан және қозыны - қошақан деп еркелетіп атаймын. Сендердің де сүйікті ойыншықтарың бар шығар? − Балалар, қазір біз Әйгерімнің сүйікті ойыншықтарын тыңдап көрейік. Олар не айтады екен. Құлыншақ: Мен - Құлыншақ, Құлыншақ, Қошақан: Мен – Қошақан, Қошақан, Ботақан: Мен – Ботақан, Ботамын, − Балалар, Әйгерімнің ойыншықтары – қошақан, ботақан, құлыншақ сендерге ұнады ма? Әйгерімнің ойыншықтары қандай екен? Балалар ойыншықтарды сипаттау әңгімесін тәрбиешінің көмегімен құрастыру. Әйгерім: − Балалар, менің сүйікті ойыншықтарым туралы әңгімелеріңе рахмет. Сергіту жаттығуынан кейін ойыншықтарыммен ойнауға шақырамын. Сергіту жаттығуы. − Балалар, енді Әйгерімнің ойыншықтарымен «Не жоқ?» ойынын ойнайық. Ойын ұйымдастыру, балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. |
− Құлыншақ, қошақан, ботақан.
- Балалар өз ойыншықтары туралы айтады.
Балалар мұқият тыңдайды.
«Әйгерімнің ойыншықтары бар. Олар сүйкімді. Құлыншақ ұрыншақ. Ол күнұзақ шапқылайды. Өскен соң тұлпар болады. Қошақан момақан, лақтай секірмейді. Ботақан баладай ойнақтайды, боздап дауыс қатады.» Сергіту сәтін орындайды. Қимылмен көрсетеді. Ойын ойнайды. |
Рефлексивті - түзетушілік |
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қою. Балаларды мадақтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ойыншық туралы сипаттама әңгіме құрастыра алуды;
Болуы керек: Жануарлар төлдерінің аттарының «-шақ», «-қан» жұрнақтары арқылы жасалуы туралы түсініктері болу;
Баланың қолынан келуі керек: Қойылған сұрақтарға жауап бере алуы;
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі