Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының ағылшын пәні мұғалімі
Таджкулова Гулайым Нурдаулетовна
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: Hello, greeting. Letter А
Мақсаты: амандасу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Аудиожаттығу, CD дисктер, кеспе қағаздар
Әрекет кезендері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Балалармен амандасады. Hello children! Қараңдаршы, бүгінгі күн қандай тамаша. Бұл ерекше күн. Біз ағылшын тілі еліне саяхатқа аттанамыз. Бір-бірімізге күлімсірей қарап, сәтті сапар тілейік. Жарайсыңдар балалар орынымызға отырамыз. |
- Good morning teacher! Балалар бір-біріне сәтті сапар болуын тілейді. |
Іздену – ұйымдастырушы
|
Балаларды А а әріпімен таныстырады, әріпті дауыстап қайталайды. 1 тапсырма:Тақпақты орындауды ұсынады. Aligator қолтырауын, Қорқынышты ол бір жауың. А а әріпінен басталатын, Жақындауға жасқанатын. Балалар ағылшын тілі қазіргі заман адамына өте қажет. Ағылшын тілі не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Foxy есімді түлкішек, оның жанұясы және Батыр, Дана,Дима, Ира деген балалар бізге ағылшын тілін үйренуге көмектеседі. 1-тапсырма. Hello. I am Mum. 2-тапсырма. Hello. I am Batyr. Foxy шапалақтайды. Clap! Clap! Clap! Foxy аяғын топылдатады. Stamp! Stamp! Stamp! Foxy секіреді. Hop! Hop! Hop! Foxy жүреді. Step! Step! Step! |
Балалар А а әріпінен басталатын Aligator сөзін қайталайды және жаттайды. Балалардың жауабы: ағылшын тілі саяхат жасауға, болашақта жұмыс істеуге және шет елде оқу үшін керек екенін айтады.
Балалар алдағы үақытта ағылшын тілін үйренуге көмектесетін түлкішекпен, оның отбасымен танысады.
Балалар кейіпкерлердің өздерін таныстырғанын тыңдайды. Педагогтың басшылық етуімен сәлемдеседі, өздерінің аттарын айтады. Hello I am...
Балалар сергіту сәтіне сәйкес қимыл-қозғалыстар көрсетеді. |
Рефлексивті коррекциялаушы |
Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Бүгінгі кейіпкерлермен қоштасайық! -Do you like our lesson? -Сіздерге сабақ ұнадыма? -Lesson is over! -Good bye children! |
Goodbye Foxy, Batyr, Dana, Dima, Ira.
-Yes, I like. -Ия, ұнады. -Good bye teacher!
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: балалар өздерін таныстыра білуі керек.
Болуы керек: оқу іс-әрекетіне қызығушылығы болуы керек.
Талапты болуы: ағылшын тілінде мәдениеттілікке тәрбиелеу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі