Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі
Қарабатыр Инабат Қайратқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сурет салу»
Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар» Ұжымдық жұмыс.
Мақсаты: Кескіні берілген балықтарды бір бағытта бояуға үйрету. Өз қалаулары бойынша балық түсін таңдай білуге үйрету. Балалардың қамқорлық сезімдерін ояту.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, үйрету, мадақтау.
Қажетті құралдар: Түрлі-түсті бояулар, балық, аквариум бейнеленген үлкен қағаз.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Тәрбиеші аквариум суретін көрсетіп немесе топтағы аквариумның қасына балаларды шақырып, олардың аквариум туралы білетіндерін сұрайды. |
- сұрақтарға жауап береді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Әңгімеден соң тәрбиеші балаларға аквариумдегі балықтарды жақынырақ қарап, олардың түстерін ататады. Сыртқы дене бөліктеріне, жүзетін қанаттары мен құйрығына назар аудартады. Тақтаға ілінген үлкен ақ қағазға назар аударады. Ол аквариум бейнесі, ішінде көк бояумен боялған суы бар. - Аквариумда не жетіспейді? Балықтар жетіспейді, сондықтан әр түрлі балықтарды бояп, аквариумға жапсырамыз. Тәрбиеші балықты сары түсті бояумен бояп көрсетеді. Нүкте белгісімен балықтың көзін салады. Тақтадағы аквариумнің суретіне балықты жапсырады. Балалардың жұмысы: - Балалар балық кескіндерін түрлі түсті бояулармен бояйды, кептіреді. - Жіңішке қылқаламмен балықтың көзі салынады. - Дайын болған балықтарды аквариум бейнеленген үлкен қағазға жапсырады. - Қалаған жерлеріне жапсыру, желімді ұқыпты жағу, артық жерлерін сүлгімен сүрту. Сергіту сәті: Қыста шаңғы тебеміз. |
- Сергіту сәтін орындайды. |
Рефлексивті - түзетушілік |
- Балалар біздер бүгін ненің суретін салдық? - Дұрыс айтасыңдар балалар Жарайсыңдар. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге барлықтарың жақсы қатысдыңдар. Қорытынды. Балалардың жұмыстарын мадақтау. |
- Аквариумдағы балықтардың.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Кескіні берілген балықтарды бір бағытта бояуға білу керек.
Болу керек: Әр түрлі түсті балықтары болу керек.
Баланың қолынан келу керек: Бір тегіс етіп бояу қолынан келді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі