Алматы облысы, Алакөл ауданы
МКҚК №2 "Қуаныш" балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі Муратбекова Жазира Токишовна
Орта орыс топ балаларына арналған қазақ тілінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі
Оқу қызметінің тақырыбы: Үй жануарлары.
Оқу қызметінің мақсаты: Үй жануарларымен таныстыра отырып, үй жануарларының аттарын қазақша айтуға үйрету және дидактикалық ойындарды ойнату.
Дамытушылық: Қойылған сұраққа толық жауап беріп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.
Әдіс-тәсілдер: таныстыру, дыбыстық жаттығулар, қайталау, түсіндіру, суретпен тілдік жұмыс, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы.
Билингвальдық компонент: Түйе – верблюд, бота – верблюжонок, жылқы – лошадь, құлын-жеребенок, сиыр-корова, бұзау-теленок, қой-баран, қозы-ягненок, ешкі-коза, лақ-козленок.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері және мүсіндері.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Мұғалімнің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық ынтасын көтеру |
Жылулық шеңбері. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қане, бәріміз жылулық шеңберіне жиналайық. Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа. Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де. Өте жақсы, сендер әрқашан осындай әдепті бала болуларың керек. Терезеден далаға назар аударайықшы далада ауа-райы қандай? Бүгін аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінің нешінші айы? Балалар , енді өткен тақырыпты еске түсірейік. Сөздік жұмыс: Қыс, қар, аяз, суық, Аяз ата, қолбақ, т.б. |
Сәлеметсіз бе, апай! Балалар қол ұстасып, тақпақтарын бірге орындайды.
Күн суық, аспанда күн шығып тұр. Аптаның екінші күні. Қыс мезгілі. Қыс мезгілінің бірінші айы. Сөздерді хормен қайталайды. |
Іздену кезеңдерін ұйымдастыру |
Балалар, біз бүгін үй жануарлары және олардың төлдерімен танысамыз. Суретпен жұмыс. Балаларға сурет көрсете отырып үй жануарларының қазақша аттарымен таныстыру. -Мынау түйе. Мынау жылқы. Мынау сиыр. Мынау қой. Мынау ешкі. Балалар, енді осы үй жануарларының төлдерімен танысайық. Ал, мына суреттерге назар аударсақ мұнда үй жануарларының төлдері бейнеленген. -Мынау бота. Мынау құлын. Мынау бұзау. Мынау қозы. Мынау лақ. Билингвальдық компонент: Түйе – верблюд, бота – верблюжонок, жылқы – лошадь, құлын-жеребенок, сиыр-корова, бұзау-теленок, қой-баран, қозы-ягненок, ешкі-коза, лақ-козленок. Өте тамаша, енді сергіту жаттығуын жасайық. Барлығымыз орнымыздан тұрамыз. Бой сергіту жаттығуы Бала, бала балақан, Ғажайып сәт: Есік қағылып бөлмеге қуыршақ Айгерім кіреді. Айгерім балалармен амандасып, өзінің қолындағы жануарлардың қайсысы ұй жануары, қайсысы жабайы жануар екенін ажырата алмай жүргенін айтады. Мұғалім: Балалар қуыршақ Айгерімге көмектесеміз бе? Ендеше, мынау қандай жануар? -Атын атаңдаршы. -Ал, мынау қандай аң? -Атын атаңдаршы? Дұрыс айтасыңдар. Сендер үй жануары мен жабайы аңдарды ажырата алады екенсіңдер. Мұғалім: Айгерім, сен бұдан былай үй жануары мен жабайы аңды шатастырып алма. Балалар біз Айгерімге сиыр мен түлкінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіріп берейік. Венн диаграммасы: Балалар, оң жақтағы суретке қараңдаршы мұнда сиырдың суреті, ал сол жақтағы суретте біз бұрын танысқан жабайы аң түлкінің суреті тұр. Енді, осы екі жануардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырайық. Дыбыстық жаттығулар: Қ-қ-қ-қ қозы, қорзы. Б-б-б-б бұзау, бота. С-с-с-с сиыр, сиыр. Ұ-ұ-ұ құлын, құлын. І-і-і ешкі, ешкі. |
Суретке қарап сөздерді толық, әрі анық қайталайды.
Балалар сөздерді қайталайды, меңгереді.
Ән ырғағы ойналғанда балалар сөзін айта отырып қимылды жаттығуларды орындайды.
Балалар Айгеріммен амандасады.
Иә, көмектесеміз. Үй жануары. Сиыр. Жабайы аң. Түлкі. Балалар мұғаліммен бірге жануарлар айырмашылықтарын ажыратады.
Дыбыстарды, сөздерді қайталайды. |
Рефлексивті қорытындылау |
Дидактикалық ойын: «Төлін тап!» Ойын шарты: Жүргізуші үй жануарларының мүсінін көрсеткенде, балалар төлін енесінің қасына апарып қойып, қазақша атын атаулары керек. Балаларды мадақтау. Мұғалім бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатынасқан балаларға жұлдызшалар үлестіреді. |
Мұғаліммен бірге ойын шартын сақтай отырып ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Үйренуі: Балалар қазақша үй жануарларының аттарын атауды үйренеді.
Түсінігі: Қазақша қойылған сұраққа дұрыс жауап беріп, қазақ тіліне қызығушылықпен қарау керектігін түсінеді.
Іс-әрекет дағдылары:Оқу қызметінде тыныш отырып, ерекше дыбыстар мен жаңа сөздерді айта білуге дағдыланады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі