Өлең, жыр, ақындар

Менің отбасым. Әпкемнің әдемі көйлегі

Атырау облысы, Исатай ауданы
Исатай селосы
"Балбөбек" бөбекжай-балабақшасы
Халидуллина Маржан Қабдолмажитқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Ай апта

 17 қараша 2017ж

Мақсаты

Білім саласы

Таным

Шығармашылық

Өзінің отбасы туралы әңгіме құрауға үйрету. Тілде сын есімдерді (мейірім, тату) етістіктер ді қамқорлық жасау, жұмыс істейді, көмектеседі) дұрыс қолдана білуді үйрету. Үлкенді сыйлауға, кішіні қамқорлауға үйрету.                                                   

Көйлек үлгісін әшекейлеуге,саусақ пен мөртаңбалар мен, қылқаламмен сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу.

Блок

Отбасы

Апта тақырыбы

Мен кіммін

Бөлімдері

Жаратылыстану, Сурет салу

Тақырыбы

«Менің отбасым» «Әпкемнің әдемі көйлегі»

Әдістер

сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру, жұмбақ шешу,  көрсету, сергіту, ойын

Көрнекіліктер

 флипчарт, балалардың отбасылық фотосуреттері. демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана

Қос тілділік

Отбасы-семья, тату-дружно

Сөздік

Отбасы, тату, мейрім

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Кәне-кәне, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.

- Балалар біз неге ұқсадық?
- Күнге, киіз үйге, допқа ұқсадық па?
- Балалар біз қандаймыз?
- Шұғылалы таңдаймыз.
- Балалар алақанымыздың жылуын сезіндік пе?
- Кәне, ендеше апайларымызға, жақсы тілектерімізді айтайық

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Армысыздар қонақтар.

 

 

 

Балалар шаттық шеңберін құрып, көңілді күйде өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап қимылмен орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын атайық
- Қазір қай ай?
- Аптаның қай күні?

- Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге Қуыршақ Айсана қонаққа келді. Ол өзімен бірге отбасының суретін ала келіпті. Ол өзінің отбасы туралы әңгімелеп берулеріңді өтініп отыр.

- Айсанаға көмектесеміз бе? (флипчарт арқылы сурет көрсетіледі)

- Бұл суретті қалай атаймыз? Неліктен?

- Ал,сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер  Айсананың отбасында кімдер бар екенін табасыңдар.

- Ол өте меірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.

- Бұл кім?

- Балалар Айсананың әжесі не істеп жатыр?

- Ал сендердің әжелерің не істей алады?      

- Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі.

- Ол бізге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.

- Кім бұл?

- Айсананың атасы не істеп жатыр?

- Ал сендердің аталарың қандай?

Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам...

- Бұл жұмбақ кім туралы?                         

- Айсананың анасы не істеп жатыр?

- Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар?

- Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

- Және соңғы жұмбақ...Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді, сендерді қыдыртады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады, балабақшаға сендерді әкеледі.

- Бұл кім?

- Айсананың әкесі не істеп жатыр?

- Дұрыс.Ал әке не істей алады?

- Ағаш жарады, мал шаруалайды, футбол ойнайды.т.б.

- Ал сендердің әкелерің қандай?

- Балалар, ал сендер білесіңдер ме, жақын адамдарды қалай атайды?

- Оларды туысқандар немесе туыстар деп атайды.

- Айсананың отбасы қандай екен? Тату-тәтті. Отбасындағы әр адам өз ісімен айналысып жатыр.

Сөздік жұмыс: отбасы, тату, мейірім

Сергіту сәті:

Саусақ жаттығуы:

Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз.
Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек - анам.
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек - мен,
Титтей бөбек - сен.

- Балалар мен сендерге отбасыларың мен түскен фотоларыңды алып келіңдер деген болатынмын. Ендеше отбасыларына кезек берейік

Отбасы сөйлейді. Жасмин, Диас; Айзере, Зарифа өздерінің отбасылары туралы әңгімелейді.   Сендердің сонымен бірге қамқоршы аға, әпкелерің бар?

- Айсананың әпкесі не істеп жатыр?

- Сол Айсананың әпкесіне арнап әдемі көйлектің суретін саламыз. Ол үшін топтағы қыздарымыздың көйлектері қандай екенін, олардың түстерін, өрнектерін, ұзын-қысқалығын, әдеміліктерін әңгімелейік.

Салу жолдарын түсіндіру, көрсету.

- Балалар әдемі көйлекті дөңгелектер мен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, қылқаламды, сұқ саусақтарыңды пайдалануға  болады. Қылқаламның ұшымен бояуды тамызып, мақта оралған таяқшалар арқылы дөңгелек түсіруге болады.

Ескерту: Балалар сүрткішті дұрыс пайдаланамыз, бір-бірімізгебөгет жасамай, дұрыс отырамыз.

-Ал балалар сендер отбасы туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Мақал-мәтелдер.

Ақылды қария-ағып жатқан дария.

Ата-балаға сыншы.

Дидактикалық ойын: «Қай зат кімдікі?» Ойын шарты: мұнда балалар әжесіне, атасына,анасына, әкесіне, ағасына, апасына тиісті заттарды атауы керек)

-Күз

-Қыркүйек, қазан, қараша

-Қараша

-Бейсенбі

 

 

Балалар келісімдерін береді.

Балалар назарларын суретке аударады.

Бұл - Айсананың әжесі. Айсананың әжесі Айсанаға жылы қолғап тоқып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл - Айсананың атасы. Айсананың атасы немересімен шахмат ойнап отыр.

 

 

Айсананың анасы туралы. Айсананың анасы отбасына тамақ әзірлеп жатыр.

Балалар өз ойларын айтады.

 

 

 

 

Бұл - Айсананың әкесі.Айсананың әкесі жиһазды жөндеп жатыр.

 

 

 

 

Айсананың отбасы - тату.

 

Қайталайды: отбасы, тату, мейірім

 

 

Мәтінге сәйкес қимылмен орындайды.

 

 

 

 

Диас - менің отбасымда атам, әжем, әкем, анам, қарындасым тұрады. Атам, әжем-зейнеткер. Әкем-жүргізуші, анам-балабақша да тәрбиеші. Қарындасым Медина балабақшаға барады. Ата, әжем-ертегі оқып береді. Әкем бізді демалыста қыдыртады. Анам бізге дәмді тағамдар пісіріп береді. Мен қарындасымды ойнатамын. Біздің отбасымыз тату, мейірімді отбасы деп айта аламын.

 

 

 

- Айсанамен бірге ойнап жатыр.

 

Балалар қыздардың көйлектерінің түстерін, өрнектерін қарап, бақылап әңгімелейді.

 

Дайын көйлек үлгісіне балалар субояқпен, оң қолдарына қылқаламды алып, таңдаған түстерімен солдан оңға қарай дөңгелектер салады. Кейбір балалар сұқ саусақпен салады.

 

 

 

Балалар мақал-мәтелдерді қайталайды.

 

 

Балалар ойынға қызыға қатысады

Рефлексивтік-жинақтаушы

- Бүгін бізге қонаққа кім келді?

- Кімнің отбасымен таныстық?

- Айсананың отбасы қандай екен?

- Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің?

- Балалар мына сызба кестеге назар аударып,бірге қайталайық.

Сызба кесте:

Күн дегенім анам, әкем,
Ай дегенім әжем, атам,
Жұлдыздарым әпкем, ағам,
Амандығын олардың күнде тілеп жатамын. Сендердің отбасыларыңа татулық пен мейірімділік тілеймін.

Балаларды мадақтау.

Қуыршақ Айсана келді.

Айсананың отбасымен таныстық. Айсананың отбасы тату, мейірімді Балалар өз ойларымен жауап береді.

 

Балалар сызба кестедегі суреттер бойынша айтып қайталайды.

Күтілетін нәтиже

Білу керек

Отбасы мүшелерін атай біледі.

Түсінеді

Әңгіме құрай алады. Отбасына арналған мақалдарды біледі.

Қолдана біледі

Отбасы мүшелерінің бірі әпкелеріне арнап әдемі көйлектің суретін салады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз