Атырау облысы, Исатай ауданы
Исатай селосы
"Балбөбек" бөбекжай-балабақшасы
Халидуллина Маржан Қабдолмажитқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ай апта |
|
Мақсаты |
Білім саласы |
Қатынас |
Аю мен қоянның балаларымен, олардың сыртқы түрлерімен таныстыру. Суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. |
Блок |
Жануарлар әлемі |
|
Апта тақырыбы |
Орман мекендеушілері |
|
Бөлімдері |
Сөйлеуді дамыту |
|
Тақырыбы |
Қоян, қонжық |
|
Әдістер |
Көрсету, түсіндіру, тосын сәт, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын. |
|
Көрнекіліктер |
Слайд, Қоян көжегімен, аю қонжығымен бейнеленген суреттер, ойыншықтар, сызба кестелер. |
|
Қос тілділік |
Қоян-заяц, аю-медведь, |
|
Сөздік |
Қоян, аю, көжек, қонжық, қатты, жұмсақ |
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Сәлеметсіңдер ме,балалар! Шаттық шеңбері: Күлімдеп күн бүгін, |
Балалар амандасады. Балалар шаттық шеңберін құрып, көңілді күйде өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап қимылмен орындайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Кубизм әдісі бойынша өткен оқу іс-әрекетіне шолу жасау. Дидактикалық ойын: «Дауысын сал» Құстардың суреттері берілген.Текшені лақтыру арқылы қандай құстың суреті бетіне қараса, сол құстың дауысын салады. Міне, балалар,біздің бүгінгі тақырыбымыз: Қоян,қонжық. 1. Әңгіме жүргізу: - Балалар біздің тобымызда қандай ойыншықтар бар деп, ойыншықтарды қарауға ұсыныс жасалады. Ойыншықтарды атап, топтастырайық. 2. Ғажайып сәт: Бізге қонаққа қоян мен қонжық келді. Қоян мен қонжық балалармен амандасады. 3.Суретпен жұмыс: Қоян мен қонжық жабайы жануарлар. Олар орманда мекендейді. Аңдарды қыстың қатты үскірік аяздарынан жылы үлпілдеген жүні,індері мен апандары қорғайды. Аңдар азықтарын орманнан тауып жейді. - Қоянның құлағы, аяқтары, денесі қандай? - Түсі қандай? Қоянның баласын не дейміз? Мынау - қонжық. Ол - аюдың баласы. - Қонжықтың түсі қандай? - Қонжық қалай жүреді? Сөздік жұмыс: қоян, аю, көжек, қонжық Сергіту сәті: Қоянша секіріп, қонжықша қорбаңдап жүреді Сызба кестеге қарайық. Мұнда қандай жануарлар берілген. Сөйлем құрастырайық. «Ненің баласы екенін тап?» дидактикалық ойыны: Үлестірмелі материалда берілген суреттен қоян мен аюды олардың балаларымен сәйкестендіреді. |
Не қалай дауыстайды.
Балалар текшедегі суретке назар аударады.Құстың дауысын салуға тырысады.
Балалар ойыншықтарды қарап, аттарын атайды. Қандай ойыншықтар жұмсақ, қандай ойыншық тар қатты екенін ажыратады, топтастырады. Балалар таңдана қарайды. Балалар қоян, қонжықпен амандасады.
Суретке қарап әңгімелейді.
Құлақтары, денесі ұзын. Ақ Көжек Қоңыр. Қорбаңдап жүреді. Қайталайды: қоян, аю, көжек,қонжық
Секіріп, қорбаңдап, сергіту жаттығуын жасайды.
Бұл - қоян. Қоян - жабайы орман жануары. Қоян - сәбіз бен қырыққабатты жақсы көреді.
Бұл - аю. Аю жабайы, орман жануары. Аю балды жақсы көреді. Балалар суретке қарап аю мен қоянды балаларымен сәйкестендіреді. |
Рефлексивтік-жинақтаушы |
- Балалар біз бүгін қандай орман мекендеушілерімен таныстық? Сызба кесте бойынша оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балаларды мадақтау. |
- Қоян мен қонжық.
Балалар сызба кестедегі суреттер бойынша айтып қайталайды. |
Күтілетін нәтиже |
||
Білу керек |
Аю мен қоянның балаларын,ажыратуды; |
|
Түсінеді |
Суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауды.; |
|
Қолдана біледі |
Аю мен қоянның тіршілігі туралы мәліметтерді. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі