Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасы МКҚК
№14 «Жасқанат»
Ересек тобының тәрбиешісі: Қаналиева Роза Абдуллаевна
Білім беру саласы: коммуникация, әлеуме
Ұйымдастырылған оқу қызметі: сөйлеуді дамыту, экология негіздері.
Мақсаты:
Білімділік: төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру.
Дамытушылық: балалардың ой–өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелеу: балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс–тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ–жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.
Керекті құралдар: тақырыпқа сай слайд.
Сөздік жұмыс: зілзала, су тасқыны, сел, өрт.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық - қозғаушы |
Педагог өлең оқиды: Табиғат егіз адаммен, - Әр адамның өз үйі бар. Әр жануардың да өз үйі бар. Жәндіктер, гүлдер, ағаштардың да өз үйі бар. Балалар, осылардың бәріне ортақ үйді қалай атайды? |
- Бәріне ортақ үй Жер деп аталады. |
Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік |
Балаларға жұмбақ жасыру: Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, - Ол не екен балалар? - Балалар жаңбыр, найзағай – олар табиғи құбылыстарға жатады екен. Табиғи құбылыстар әр түрлі болып келеді. Жаңбыр жауса жерге шөптер шығады, шаң – тозаң болмайды. Алайда жаңбыр көп жауса, адамға келтірер зияны көп болмақ. Балалар бүгін біз осы табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз. Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеп соғатын немесе денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылыққа зиянын келтіретін жағдайды айтамыз. Төтенше жағдай екі түрлі себептермен болуы мүмкін: табиғи сипаттағы немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары). Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс), үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыста-рындағы авария туғызған төтенше жағдайлар. Бүгін балалар мен сендерге осы төтенше жағдайлар кезінде қандай сақтық шараларды қолдану керектігі туралы айтып өтемін. Солардың бірі – өрт. Өртке елді мекендердегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыстар, мұнай өнімдері қойма-ларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен, ағаштарды өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдам-дығы минутына 0.1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді. Сергіту сәті. Қане, қызық ойындар
- Балалар, біз күннің екінші жартысында от пен су туралы мақалдар жаттаған болатынбыз. Қане кім тақпақтар айтады. |
- Жаңбыр, Найзағай.
Балалар төтенше жағдайлар туралы түсінік алады.
Балалар өрттің адамға келтірер зияны туралы әңгімені тыңдайды.
Балалар су тасқыны туралы түсінік алады, олардың қалай пайда болатынын, сақтық шараларын тыңдайды. Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл – әрекет жасайды. Балалар жер сілкінісі туралы әңгімені тыңдайды, сақтық шараларын естеріне сақтады.
Балалар тақпақтар айтады. Аманжол: Жоламан: Сезім: Гаухар: Арсен: Жандәулет: Райымбек: Гаухар:
|
Рефлексті – коррекциялаушы |
Балаларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты пысықтау. Мақтау, мадақтау. Іс–әрекетті қорытындылау. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі