Өлең, жыр, ақындар

АДД-4004 ПИУ1 агрегатының құрылымы

Жамбыл  облысы, Меркі ауданы
№9 Меркі колледжінің өндірістік-оқу шебері
Аликулова Алия Кушикбаевна

Сабақтың тақырыбы: АДД-4004 ПИУ1 агрегатының құрылымы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімгерлердің алған білім негізін және практикалық іс-тәжірибе икемділігін пайдалана отырып күрделі комплектті іс–әрекеттерді іске асыруға дағдыландыру. АДД-4004 ПИУ1 агрегаты туралы түсінік беру және қолданудағы қауіпсіздік ережелерін үйрету

Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту (салыстыр,анализ-синтез жасай алу, бақылау, зерттеу, қабілетін дамыту т.б)

Тәрбиелік: Білімгердің өмірге көзқарасын қалыптастыру, адамгершілік принциптерін іске асыру, сабаққа қызығушылығын арттыру т.б

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, АДД-4004 ПИУ1 агрегатының құрылымы, бейнематериал

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:  

а) Білімгерлермен амандасу
б) Білімгерлерді тізім бойынша тексеру
в) Білімгерлерді күн тәртібімен таныстыру

 

II. Кіріспе нұсқауы

2.1.Өткен тақырыпты қайталау

Құрметті білімгерлер үй тапсырмасын өздерің дайындап келген тапсырмалар арқылы

4 топқа бөлініп орындаймыз.

«Өзіңді өзің бағала»

1 тапсырма. Тест сұрақтары

2 тапсырма. Кестемен жұмыс

3тапсырма. Марканы шешу

Тапсырмалар

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

Тест сұрақтары

 

 

 

 

Кестемен жұмыс

 

 

 

 

Марканы шешу

 

 

 

 

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

2.2.Санитарлық, гигиеналық және техника қауіпсіздік ережелерінің нұсқауы

Отынды қозғалтқыштан іс-әрекетке келетін дәнекерлеу генераторы дәнекерлеу доғасының дербес қоректендіру көзі болып табылатын дәнекерлеу агрегаты саналады.

Дәнекерлеу генераторы ретінде тұрақты тоқтың вентильді дәнекерлеу генераторы қолданылады. Дәнекерлеу тогының қашықтықтық реттеуі реостатпен жүзеге асырылады.

Дәнекерленген агрегаттың рамасында бекітілген қозғалтқыш және дәнекерлеу генераторы фланцтілік бекітіліспен жалғанған бір блоктың көмегімен агрегатқа орнатылған.

АДД-4004-ның осы рамасына қосымша көмекші электрқоректендіру генераторы бекітіледі. Ол дәнекерлеу генераторының шығыс соңындағы шкивтен клиноременді беріліс арқылы айналысқа келеді. Қозғалтқыштан дәнекерлеу генераторы берілетін айналу сәті эластикалық элементті қосылыс муфтасының араласуымен беріледі жүзеге асырылады.

Орын ауыстыру үшін агрегат тежегішсіз шассиге екі дөңгелегімен бекітіліп  орнатылған. Шасси тасымалдауға арналған, рамасы, екі дөңгелегінің осьі, жабысу құрылымдары және электр жабдықтарын қосатын вилкалы электржабдығы бар қонструкцияны елестетеді. Алдында тарататын техникадан шешілгенде орнатылатын тірегі бар.

Артында шассиді көлденең қойғанда ауып кетпес үшін орнатылатын тірек қондырғысы бар.

Зарядталмаған жағдайда қолданылатын аккумулятор батареясы агрегат рамасына орнатылады. Агрегатта келтіріліс қозғалтқыш есебінде Д144 моделді отынды қозғалтқыш пайдаланылады.

Агрегаттың басқару аппаратурасы және бақылау-өлшеу құрылғылары панелінің алдыңғы жағына, отын насосын басқару тұтқасы мен декампроссор басқару тұтқасы агрегат жабындысының ішқі жағына орналастырылған.

АДД-4004 ПИУ1 агрегатының құрылымы және жұмыс істеу тәртібі туралы бейнематериал көрсету.

Жаңа сабақты бекіту:

«Менің қызметім» (өзара сұрақ -жауап)

III. Ағымды нұсқау

3.1. Топтарға бөліп тапсырма беру

3.2. Ұйымдастыру жұмыстарын беру

Қорытынды нұсқау

Тапсырманың жинау, атқарылған жұмыстарын тексеру, қорытынды шығару, қателерін тексеру.

Баға қою.

Үйге тапсырма беру. АДД-4004 ПИУ1 агрегатының құрылымы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз