Бүгінгі күн заман талабына сай оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың, ұлттық рухани мәдениетінің өркендеуі білім саласына өзгеріс ендірмей қоймайды. Сондықтан халықтың ұлттық–тарихи дәстүрі барлық оқыту мен тәрбиелеу ісінің бастау бұлағы болуы тиіс.
Мектепке бару – баланың өміріндегі ең маңызды кезең. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын дұрыс қойса шын мәнінде мектеп өміріне тез үйренісіп кетуіне себеп болады. Ал дұрыс түсіндірілмеген тапсырмаларды сасқалақтап, орындай алмай, бірте-бірте ол баланың өзіне деген сенімі, мектепте оқуға деген тілегі жоғалып кетуі мүмкін.
Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады. Қазіргі кезде мектеп өміріне икемді балалардан гөрі икемсіз балалар саны көбейіп бара жатыр. Міне, осы проблеманы шешу, яғни, оқушыны мектеп өміріне бейімдеу жолдарын білу мектеп табалдырығын аттаған оқушының алғашқы ұстазының және ата-анасының алдындағы үлкен міндеті екендігі сөзсіз.
1-ші сыныпқа қабылдау барысында психологиялық-педагогикалық зерттеу диагностикасы баланың интеллектуалдық, сенсорлық-моторикалық қабілетін ескеретін тестерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
12 жылдық білім беруге көшудің эксперимент шеңберінде мектепке келген баланың жеке қабілетін анықтауға арналған әдістердің ішіндегі ең маңыздысы – жеке тұлғаға бағдарланған оқыту болып табылады. Диагностика жұмыстары мектепке балаларды жеке тұлғалық бағдарлы оқытуға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарға жету үшін баланың жеке даму деңгейі мен оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер ұсынылады:
1. Керн-Йерасектің төрт субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тестісі;
2. Ой-өрісінің даму үйесін анықтайтын тест;
3. Оқу іс-әрекеті алғышарттарының деңгейін анықтауға арналған тест;
4. Назар аудару мен қабылдау және талдау мен жинақтау қабілеттерін анықтау;
5. Логикалық ойлау элементтері;
6. Қол бұлшық еттерінің даму деңгейін анықтау;
7. Мінез-құлқын анықтау;
8. Жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктерін анықтау;
9. Баланың тілінің даму ерекшелігін анықтау;
10. Математика пәніне қабілеттілігін анықтау.
І кезең – баланы мектепке қабылдау. Бұл қабылдау кезеңі сәуір-мамыр айларында басталып, қыркүйек айының басында аяқталады. Бұл уақытта балаларға психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, баланың мектепке дайындық деңгейі жан-жақты тексеріліп, анықталады. Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен жеке және топтық жұмыстар жүргізіп, кеңестер беріледі.
ІІ кезең – баланың алғашқы өміріне бейімделуінің бір құралы – ойын түрлері болып табылады. Олардың ойын арқылы психологиясы жетіліп, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Әсіресе, сабақтарда топқа бөлініп, жұмыс жасау арқылы оқу роцесін өз жолдастарымен бірлесе талдап, мектеп өміріне бейімделе бастайды.
ІІІ кезең – мектепке бейімделу кезіндегі қиындықтарды жеңу мақсатында оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерттеу одан әрі жалғасады. Бұл кезеңде сынып жетекшісі мектепте, ал ата-ана үйде баламен түрлі жұмыстар жүргізуі керек. Мектеп пен ата-ана тығыз байланыста болады.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала шықпайды» демекші, жас ұрпаққа ата-бабамыздың асыл қасиетін, тәлім-тәрбиесін қазірден бойына дарыту мақсатында ата-аналар мен педагогтар жұмыстануды күшейтіп, дамытып отыру керектігін ұмытпауымыз керек.
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасы
Тәрбиеші: Избастиева Марияш Сагиновна
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі