Өлең, жыр, ақындар

Апта күндері. Ай

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарабұйрат ауылы
"Қарабұйрат орта мектеп-бақша" КММ-cінің
бастауыш сынып мұғалімі: Исаджанова Зияда Айдархановна

Сабақтың тақырыбы:  Апта күндері. Ай

Оқу мақсаты: циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды; уақыттың өлшем бірліктерін­ (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады.

Ресурстар: Апта күндерінің атаулары жазылған парақшалар, сабақ кестесі, үстел күнтізбесі, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер

Сабақтың мақсаты: Апта –уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру. Ай – уақыт аралығы және уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік енгізу, оқушыларды ай аттарымен және олардың орналасу ретімен таныстыру.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

І. Сабақтың басы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қане, қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Оң жақтағы көршіге
Сол жақтағы көршіге
Күлімсірей қарайық
Көкке қолды созайық
Бәрінен де озайық
Құшақтасып әр кезде
Тату достар болайық

ІІ. Кіріспе тапсырма: Балалар біздің бүгінгі математика сабағына апта поезы келіп тоқтайды. Поездың неше вагоны бар екен? Қане санап шығайық. Поездың вагондарына апта ретін жабыстыру. Апта ретін хормен айтқызу. Апта-7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді. «Апта» сөзі парсы тілінен аударғанда «жеті» деген мағына білдіреді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады. Балалар енді осы вагондардың ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар екен.  

Дүйсенбінің тапсырмасы:  Бәйге

- Аптада неше күн бар?

- Сабақ кестесіне қара? Аптаның қай күндерінде математика сабағы өтеді?

- Жұманың алдында аптаның қай күні келеді?

- Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?

- Сейсенбіден кейін неше күн өткенде сенбі болады?

Отбасылық демалыс

Әкесі, анасы және балалары 2 апта теңіз шипажайында болды. Отбасы неше күн демалды?

Сейсенбінің тапсырмасы:

Апта күндерін қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілдерінде айтып беріңдер. Оқушылар өздерін бағалайды.

Сергіту сәті:

Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда,
Сейсенбіде серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп,
Жұма күні жидек тердік ағаштан,
Сенбі күні кино көрдік театрдан,
Жексенбіде үйде болдық демалдық
Осылайша өте шықты бір апта.

III. Ай – ұзақ уақыт аралығы. Онда 4 апта және бірнеше күн болады. Айлар бірінен кейін бірі ретімен келеді.  Ай 30 немесе 31 ( ақпанда 28 немесе 29) тәулікке созылатын  уақыт аралығы. Наурыз айы қазақ күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бірінші айы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыздың 22-ші жұлдызында күн мен түн теңеледі.

Топпен жұмыс. Күнтізбе парақтарына ай аттарын жаз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар ай  аттарын кезек-кезек оқып шығады .

Сәрсенбінің тапсырмасы:

- Бүгін қай күн және қай ай?

- Келесі қай ай?

- Өзің туған айды ата?

- Барлық айлардың атын оқы.

- Қыс, көктем, жаз және күз айларын ата.

Тапсырма Күнтізбе бойынша анықтау:

- Талғаттың  туған күні – 9 сәуір. Бұл аптаның қай күні?
- Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады. Сәуір айында оқушылар неше күн демалады?
- Әмір сейсенбі және бейсенбі күндері қазақша күрес үйірмесінде жаттығады. Ол сәуір айында неше рет жаттығуға қатысады?

Тапсырма  Табиғат құбылыстарын ажырат

Бейсенбінің тапсырмасы:  Ай аттарын қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде айтып беріңдер.

Жұманың тапсырмасы:

Туған күніңді күнтізбе бойынша анықта.

Сенбінің тапсырмасы:    

Ойын:  Кім тез есептегіш.   жұмбақ есептерді шешіңдер

Жұмбақ есептер.

Буыршын мен атан бар,                                     Аулада бес үйрек,
Тайлағым мен ботам бар.                                   Қорада үш үйрек.
Үш інгенге иемін                                                Бір үйрек тығылды,
Санын айтшы түйенің? (Жеті)                              Қалғаны неше үйрек? (жеті)

Бесбайда бар бес іні,                                    Он асықтың үшеуін,
Естайда бар  екі іні,                                       Досын сұрап алады.
Қоссаң бес пен екіні,                                     Айтшы сонда нешеуі,
Неше екен шешуі? (Жетеу)                            Өз қолында қалады? (10-3=7)

Жексенбінің тапсырмасы: «Ханталапай» ойыны.

Ойының шарты: қоржынға 1-ден 7-ге дейін нөмірленген асықтар салынады. Оқушылар асықты алып, оның нөміріне сәйкес келген сұрақты оқып, оған жауап береді.

№ 1  Аптаның бірінші күні қандай?
№ 2  Бір жылда қанша ай бар?
№ 3  Қазір жылдың қай мезгілі?
№ 4  Сен қай күндері мектепке келесің?
№ 5  Бүгін аптаның қай күні?
№ 6  сауат ашу  сабағы қай күндері болады?
№ 7  Ертең қай күн болады?

IV.  Қорытынды тапсырма тест. Оқушылар бірін-бірі тексеріп, өзара бағалап отырды

V. Кері байланыс.


Пікірлер (2)

Укибаева Ұлбосын

Бастауыштың сұрақ жауаптары керек еді.
Көмектесіңіздерші.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз