Өлең, жыр, ақындар

Теңге -Тәуелсіздік символы

Мұғалім: Мухаметканова Райжан Батырбековна, ШҚО Өскемен қаласы, № 22 орта мектебі КММ

Сынып: 6 Б                                Күні: 28.11. 2016

Тақырыбы: Теңге – тәуелсіздік символы

Мақсаты:  тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру;

Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, дизайнерлері туралы мағлұмат беру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың іскерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін оятып, Отанға деген сүйінпеншіліктерін арттырып, патриоттықа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, сөзжұмбақ, шар.

 

Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)

 

І. Ұйымдастыру.

Мұғалім:  Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Сыныптан тыс ашық ісшарамызға қош келдіңіздер. 

Тәрбие сағатымызды Мемлекеттік Гимннен бастайық.

(Гимн орындалады)

Бүгінгі тәрбие сағатымыз  еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған «25 жұлдызды күн» іс-шарасының аясында өтпек.

 

ІІ. Жаңа сабақ.

Тақырыпты ашу үшін әр топ сөзжұмбақ шешеді.

І топ – Теңге.

ІІ топ – Тәуелсіздік

ІІІ топ – Символы сөздерін табу керек. Осылайша тақырыпты ашамыз.

Мұғалім. Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.

І бөлім. Теңге тарихы: Оқушылар теңге тарихына тоқталады.

Камила: Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілді.      

Жастілек: Әрбір  елдің  тарихында үлкен  шежіре, тарих  жатыр. Ал  біздің еліміз  үшін ХХ  ғасырдың  маңызы  зор. Себебі, еліміз  тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің    белгілеріне  ие  болды.  Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды  көрсететін  рәміздеріміз бар.   Елтаңба, Гимн, Туымызбен бірге  тағы  бір белгі  — ұлттық теңгеміз бар.   Теңге 1993жылы  15 қараша күні  дүниеге келді.

Әмір: Теңгенің  авторы  болу  бақыты дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам  шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов,  Мендібай  Әлин мен  Ағымсалы  Дүзелхановтың  үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен  еңбектерінің нәтижесін теңгені елге  жеткізді.

Алғашқы теңге « Харрисон  Санс » фирмасында бір жыл ішінде өңделіп, басылды. Демек, теңгенің алғашқы  нұсқасы  Англияда шықты.

Еркежан: Әрине, теңге бірден төрт ая­ғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жыл­дар оның құнсызданған ке­зеңі болды. Де­генмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқ­татқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен ор­нық­тылығын сақтауы мемле­кет­тің қаржы саясатындағы қарым­ды істерінің нәтижесі.

Ақан: Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көр­сет­кіш­терінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мере­кесінің бірі екені сөзсіз.                           

Әмина: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.

Ілияс: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Мұғалім: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.

Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты.

Қазақстанда ақша басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. Соның арқасында Қазақстан ерекше атаулы күндерде мерекелік банкноттар шығаруға мүмкіндік алды.

Ұлттық валютаның атауына «сом», «ақша», «алтын» секілді атаулар бақталас болған. Яғни, теңге атауымен бірге осы нұсқалар да таңдауға түскен.

Теңге банкнотасы қатарынан үш рет  2011, 2012 және 2013 жылдары дүние жүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. 

 

ІІ бөлім. « Теңге  — ұлттық  табыстың  кепілі » 

Сайысымыздың І кезеңі «Сандар сыры» .

1991 ж. 16; 1992 ж. 4 маусым; 1992 ж. 2 наурыз; 1993 ж. 15 қараша;

1995 ж. 30 тамыз;  1995 ж. 1 наурыз;  1998 ж. ;   2010 ж.(ОБСЕ төраға)   

1940 ж. 6 шілде;  2006 ж. 2017 ж.; 2015 ж.   

 

Сергіту сәті. «Теңге алу » ойыны

Математикалық есеп: 1+1*5/2=5;     2+1*4/6=2;     15-5/2+6=11;       3*5+10=25;

25/5*2+15=25;    50-45*5=25;  25/5*3+10=25;   100/20*5=25;  60/3+5=25.

 

ІІ сайыс. «Тұлғаны тап». Берілген теңгеде бейнеленген тұлғаны тап!
1 теңге – Әл-Фараби
10 теңге – Шоқан Уәлиханов
100 теңге - Абылайхан
3 теңге - Сүйінбай
50 теңге - Әбілхайыр
20 теңге - Абай
5 теңге - Құрманғазы
ІІІ сайыс.  Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға сөзді жаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер (теңге). 
Жылқы құлыннан өсер. 
2. Есепсіз ______ жоқ (дүние). 
3. Алтын тапсаң _______ ал. (санап). 
4. Ақша кетуге тырысады, 
________ ұстауға тырысады (есеп). 
5. Тамшы  тама берсе _______ болар (дария). 
6. ______ оңай, жинау қиын (шашу). 
7.  Ақша ашпайтын _________ жоқ (құлып). 
8.  ______ да сұрауы бар (судың). 
9.  Ақшада ____ жоқ (көз). 
10. Ар - намысы таза адамның ______ аз болады (ақшасы). 
11. Мың ____ болғанша 
Бірқылды басың болсын (сом). 
12. Базарда бәрі бар, 
__________ешкім бермейді. (ақшасыз) 

Қорытындылау.

Рефлексия. Парусты бояу.  Жасыл түс-өте жақсы, мен барлық тапсырманы еш қиындықсыз орындай алдым. Сары түс – жақсы, мен қиналсамда барлық тапсырманы орындадым. Қызыл- мен қатты қиналдым, мұғалімнен көмек сұрадым.
 

Мұғалім сөзі. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! – дей келе «Теңге – тәуелсіздік символы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

«Қазақтай ел қайда» хормен айтады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз