Өлең, жыр, ақындар

Отанымды сүйемін

Алматы облысы, Алакөл ауданы
«Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
физика пәнінің мұғалімі: Қасымбаева Гүлім Шапиолдаевна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отанымды сүйемін

Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, слайд.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық «Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!   
 

Кіріспе. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Отанымды сүйемін» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

ӘНҰРАН орындалады.

Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. «Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – Отаны.
Оқушылардың отан туралы өлеңдері.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Бүгін «Мен туған елімді сүйемін!» атты саяхат-ойынын өткіземіз.

Бірінші «Тарих» бекеті
1. Қазақтың әйгілі үш биі? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
2. Қазақ халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.)
3. Қазақстанның елордасы? (Астана)
4. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)
5. Қазақстанның ең алғашқы астанасы? (Орынбор)

Екінші «Тау мен дала» бекеті
1. Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)
2. Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі, Басқан, Сарқант)
3. Қазақстанның ең биік нүктесі ата? (Хантәңірі шыңы)

Үшінші «Әдебиет» бекеті
1. Қазақ халқының ұлы ақындарын ата (Абай Құнанбаев, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Мақатаев т.б.)
2. Қазақ халқының ертегілерін атаңдар (Ер-Төстік, Алтын сақа, Асанқайғы, Тазша бала, Керқұла атты Кендебай, Жыл басы т.б.)
3. Отан, туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар:

Отансыз ... адам – ормансыз бұлбұл
Отан ... оттан да ыстық
Ел іші – .... алтын бесік
Отан – .... елдің анасы, ел – ердің анасы.
Туған жерге ... туың тік.
Туған жердей ... жер болмас, туған елдей ел болмас.

Төртінші «Салт–дәстүр» бекеті
1. Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза айт, Рамазан айт, Наурыз)
2. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер (бесбармақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз....)
3. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік т.б.)  
4. Қазақ халқының ұлттық сувенирі саналатын зат? (түйе, киіз үй....)

Біз міне балалар өз елімізді аралап  саяхатымызды жасап келдік.
Қорытынды:
Отан - атам,
Отан - әкем.
Осы сөзім қатемекен?!
Қате болса,
Неге біздер -
Дейміз оны Атамекен?!
Отан - әжем,
Отан –анам!
Туған ел деп,
Туған жер деп,
Ол бекерге аталмаған.
Атам, әжем, әкем, анам-
Төртеуіде Отан маған.
Төртеуіде ботам дейді,
Ер азамат атан дейді.
Мақтанамын Отанымен,
Отаныма ботамын мен.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз