Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасы МКҚК-ның
тәрбиешісі: Сапиева Гульзира Кузенбаевна
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика
Білім беру саласы: Таным.
Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі математика»
Мақсаты: Балаларды 1-ден 10-ға дейін санап жаттықтыру. Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік: көп заттардан затты ажыратып алуды үйрету, жыл, апта, ай туралы білімдерін, ұзын-қысқа ұғымын бекіту.
Дамытушылық:ойын арқылы қанша неше деген сұраққа жауап бере білуге, тапсырманы дұрыс орындай білу іскерлігн арттыру.
Тәрбиелік: балаларды өзара тапсырманы ұқыпты орындауға, бір-бірімен сыйластықта болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, слайд, ойын әдісі.
Көрнекілік: сандар, санау құралдары, суреттер, геометриялық пішіндер, дид.ойын, ойыншық жануарлар, үйшік т.б.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
Іздендіру- Ұйымдастырушы
|
Арайлап таң атты - Балалар, біздің республикамыз қалай аталады? - Рәміздерге нелер жатады? - Бір жылда неше мезгіл бар? - Бір аптада неше күн бар? - Балабақшаға неше күн келеміз? - Неше күн демаламыз? - Қазір тәуліктің қай мезгілі? - Балалар қандай ертегілерді білесіңдер? - Бүгін біз «Үйшік»ертегісі бойынша математика оқу қызметінен тапсырмалар орындаймыз. - Тапсырманы орындаймыз ба? - Алаңқайда ескі үйшік тұр еді. Бірде оның жанына тышқан келіпті. Үйшікке жету үшін 2 жол жатыр. Тышқан қай жолмен бару керектігін білмей тұр. - Көмектесеміз бе? - Қандай жолмен барады? - Алдарыңда екі түрлі жолақша бар. Соны салыстырамыз. Тышқанды қандай жолақшаға қоямыз? Жарайсыңдар балалар үйшікте неше аң тұрады? - Үйшікке бақа секіріп келеді. Бақа жылап: - Балалар көмектесіңдерші. Моншағымды жоғалтып алдым» дейді. - Балалар көмектесеміз бе? - Алдымызда әр түрлі геометриялық пішіндержатыр, содан моншақ жасап берейік. - Балалар бұл қандай түстер? - Рахмет! - Бақа мәз болып, үйшікке барып тұрады. - Үйшікте неше аң тұрады? Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, - Үстіңгі жолақшаға шыршаларды, ал астыңғы жолақшаға саңырауқұлақты қоюды тапсырады. - Шырша нешеу? - Ал саңырауқұлақ ше? Қоян үйшікке секіріп кіреді. - Балалар үйшікте неше аң бар? Алыстан үйшікті түлкі көреді.Ол балалардан санамақ сұрайды.Сөй-тіп үйшікте неше аң тұрады? Кенет үйшікке ырылдаған қасқыр келеді.Суретті жұмбақтар шешеді.Қасқыр да үйшікке кіреді. Үйшікте неше аң тұрады? Орманнан қорбаңдаған аю келеді. - Бұл не айқай, бұл не-шу? Мені үйшікке кіргізіңдерші. - Балалар,аю үйшікке сия ма? - Неге? - Аюға үйшік құрастырып береміз бе? Геометриялық пішіндерден үй құрастырайық. |
Балалар шеңберге тұрады. Амандасады. Қазақстан.
Ту, елтаңба, әнұран. Төрт мезгіл бар. Жеті күн. Бес. Екі. Таңертең. Бауырсақ, Шалқан, Қызыл телпек, Қасқыр мен жеті лақ т.б. Ия. Ия. Қысқа жолмен. Балалар ұзындығын салыстырады. Қысқа жолақшаға Бір. Ерасыл: Бірім, бірім, бірім бе,
Ия. Балалар әр түрлі пішіндерден моншақ жасайды. - Қызыл, көк, сары..
-Екі. - Балалар тапсырманы орындайды. Балалар салыстырады.
- Көп. - Біреу.
- Үш. - Төрт. Бір дегенім - бүркіт Қалады аңдар үркіп Екі дегенім-есек, Білмейді ол есеп. Үш дегенім-үкі, Аулап жейді түлкі Төтр дегенім-тиын Сан білмесең қиын. - Бес. Балалар жұмбақты шешеді. - Жоқ. Себебі, ол өте үлкен. Балалар пішіндерден үй құрастырады. |
Рефлексивті түзетушілік |
Дидактикалық ойын: «Адасқан санды ретімен орналастыр» Мақсаты:араласқан сандарды ретімен қою керек. - Жарайсыңдар, балалар! - Балалар сендерге тапсырмалар ұнады ма? - Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. - Мадақтау. |
Балалар сандар ретін табады. Көрсетеді.
- Ия. Сұрақтарға жауап берді. |
Күтілетін нәтиже:
Білді: 1-ден10-ға дейін тура, кері санауды, геометриялық пішінді ажыратады;
Игерді: ұзын-қысқа, көп-аз ұғымдарын түсінді;
Меңгерді: тапсырмаларды орындай білуді;
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі