Өлең, жыр, ақындар

А.Мұқибек "Қазақстан"

Жалпы орта білім беретін 
Ақтау мектеп-балабақшасы жанындағы
"Айгөлек" балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі
Жұбанышева Ұлжан Асқаровна



Сабақтың мақсаты: өлең тақырыбының мағыналық мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға дағдылау, туған елді сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: өлеңдегі сөздер, төл мерекеміздің сипаты арқылы тәуелсіздіктің идеялық маңызын ашу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, автор суреті, плакат, маркер.
Сабақтың барысы: 
Қызығушылығын ояту. 
1. Ұйымдастыру кезеңі 

Психологиялық дайындық
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, құралдарын түгендеу.

Бір ата, бір ананың тілегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек жүрегіміз.
Бірлік барда тірлік бар деген бабам
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз.

2. Оқушыларды топқа бөлу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыста ауа-райы қандай болады?
- суық, аяз, боран, қатты жел.
- Қыс айларын білеміз бе?
- желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қыс айлары арқылы топқа бөліну.

3.Үй тапсырмасын қайталау.
 «Желтоқсан» өлеңін мәнерлеп оқыту

 (әр топтан екі оқушыдан) 
 1-топ: Қыс мезгілі туралы мақал – мәтел айтсын 
 2- топ: Қыс мезгіліне сурет салсын 
 3-топ: «Желтоқсан» сөзіне топтастыру жазсын 
 
4. Мағынаны ашу 
- Балалар, қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?
- Жаңа жыл, Президент күні, Тәуелсіздік мерекесі.
- Алда қандай үлкен мерекені тойлаймыз?
- Тәуелсіздік мерекесін.
- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл?
- 25 жыл.
- Иә, дұрыс айтасыңдар,балалар.Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік жолында қаншама жастарымыз қыршыннан қиылды.
- Бүгінгі жаңа сабағымызда тәуелсіздік туралы ақын Ауыт Мұқибектің Қазақстан өлеңімен танысамыз.

Ауыт Мұқибек ақын. Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. 1998 жылдан бері Қазақстанда тұрады. 
Өлең жазады. 1998 жылы Қазақстанға келген. 

Қазақстан
Өлеңді мұғалім дауыстап оқиды 
Оқушылар көзбен іштей оқып шығады 
Оқушыларға дауыстап оқиды.

Мәтін не туралы? 
- Туған тіл; 
- Туған ел; 
- Туған жер.

5. Сұрақ-жауап:
1. Күн шуағын төккен күн? 
2. Баққа қолы жеткен күн? 
3. Бостандығым тұңғыш рет 
    Ақ қанатын қаққан күн? 
4. Әже әлдилеп немересін 
    Басы айналған бақтан күн? 
    Осы жолдар не туралы айтады? 
    16- Желтоқсан Тәуелсіздік күні туралы айтады

6. Топтық жұмыс.

1-топ. Тәуелсіздік деген не? (топтастыру не өз ойларын жазу)
2-топ. Мерекелік құттықтау хат жазу
3-топ. «Тәуелсіздік» шығарма жазу

7. Сергіту сәті 

 Тапсырма

1. Ақынның қуанышты сәтін бейнелейтін жолдарын тауып оқу.
2. Туған жер туралы мақалдар айту. 

8. Ой толғау
«Қазақстан - болашақта» топтар сурет салады 
Қорғайды. 
9. Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу 
10. Бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз