Өлең, жыр, ақындар

Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз тойы

Атырау қаласы
Қ.Смағұлов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жұмалиева Гауhар Абзалқызы

күні

 

 

Ана тілі

1-сынып

Сабақтың тақырыбы

Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз тойы

Сілтеме

Ана тілі  «Алматы» 2012 ж АКТ интеактивті тақта слайд сызбалар

Жалпы мақсаттары

1. Оқушылардың заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау

2. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру, оқушылардың сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, сөздік қорын, инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушының танымдық қабілетін дамыту

Оқыту нәтижесі

Өлеңнің негізі идеясын ұғынады. Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата біледі. Топпен жұмыс жасайды.

Тапсырмалар

1. Ұйымдастыру. Психологиялық көңіл-күй. «Жымию»
2. Қызығушылықты ояту. «Ұқсастығы неде?»                                     
3. Ой қозғау                                                  
4. Сергіту сәті
5. Ойлан, топтас, талқыла
6. «Шығармашылық
7. Қорытындылау
8. Бағалау

Уақыты

(3 мин).

 

 

(7 мин)

 

 

 

 

 

 

(5 минут)

 

 

 

 

2 мин

2 мин

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(2 мин)

 

 

(5 мин)

 

 

 

 

 

 

 

(5 мин)

 

 

(2 мин)

 

(2ин)

 Мұғалімнің әрекеті:

Оқушының әрекеті

1. Психологиялық көңіл-күй. «Жымию»

Ойын мақсаты: Оқушылардың өздеріне деген сенім ұялату, өзара сыйластық қарым- қатынасқа тәрбиелеу, көңіл- күйлерін көтеру, жаңа сабаққа бағдарлау.

Қағаздың түстеріне қарай 4 топқа бөліп отырғызу.Топбасшыға бағалау парағын беру.

А) Мұғалім:

Балалар күннен не таралады?(шуақ, нұр шапақ, сәуле, жылу, жарық)

Осы әдемі күн сияқты біз де бір-бірімізге әдемі жымиып, күлкімізді  сыйлайық

2. Қызығушылықты ояту

Өзектілігі: оқушының өткен тақырыппен жаңабілімді, ұштастыруы, үйренушінің белсенділігін арттыру, сұраққа жауап беретін сөздерді ажырата білгізу, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптасты

Ә) Ертеде «Балалар әлемі» деген үлкен шахар болыпты. Ол шахарда үлкенді- кішілі балалар өмір сүріпті. Олар әрбір жыл мезгілінде гүл отырғызды, көбелек ұстады, сары жапырақ жинады, аққала соқты. Осындай жаймашуақ күнде аю қонжығын ертіп, осы үлкен балалар әлеміне келеді.Келсе балалар ойынның қызығына берілген екен. Аю да қонжығымен бірге ойнады, секірді, мәз- мейрам болды. Кеш батып, барлығы тарады.

- Балалар осы ертегіден заттың қимылын білдіретін сөздерді табайық.

3. Ой қозғау

Өзектілігі: Үйренушінің белсенділігін, танымдық қабілетін арттыру

- Балалар, бізге Алматы қаласынан хат келіпті. Олар сендерге мына бейнетаспаны салып жіберіпті.

- Олар сендерден осы заттардың қимыл іс- әрекетін жазып жіберулеріңді сұрайды.

Формативті бағалау

4. Сергіту сәті

Өздік жұмыс. Оқулықтағы

115-жаттығуды орындату

Формативті бағалау

5. Ойлан, топтас, талқыла

1-топ Қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесіңдер?
2-топ Қазақтың ұлттық ойындары туралы не білесіңдер?
3-топ Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?
4-топ Қазақтың қандай салт- дәстүрлерін білесің?

- Ендеше балалар Әдібай Табылды атамыздың «Наурыз тойы» өлеңімен танысамыз. Авторлар туралы түсініктеме беру:Слайд

Топпен жұмыс

1-топ Өлеңді оқу
2-топ Өлеңнің мазмұнын айту
3-топ Сұрақтар қою
4-топ Суретін салу

6. Танымдық. Ойын: “Ұқсастығы неде?» сыни тұрғыдан ойлау арқылы салыстыру

7. «Шығармашылық» жұмыс. Өзектілігі: өз бетімен тақырыпты дәлелдеудің жаңаша нұсқауын орындау

а) Өлең ұйқасын тап:

Таң шуағы арайлап,

Дала нұрға ...

                          Балалардың барлығы

Ұйқысынан ...

Керекті сөздер: оянды, керілді, малынды, бөленді, шомылды, тұрды.

7. Қорытындылау. "Маған ұнайды" тақырыбында сурет салу

8. Бағалау.

9. Үйге тапсырма

1. Өлеңді жаттап келу
2. Наурыз тойы туралы эссе жазу
3. Наурыз-көктем сурет салу

10. Рефлексия. Сабақтан алған әсерлері мен  смайлк  таңдау.

Оқушылар жақсы бір-біріне тілектер айтады

Топқа бөлініп отырады

 

 

 

Оқушылар тақтадағы суреттердің не екенін тауып, кім ?неістеді? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? не қылды? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек  топтастырып жазады.

 

 

 

 

Оқушылар жұптасып орындайды

Оқушылар музыка әуенімен «Қамажай» биін билейді

Берілген үлгі бойынша сұраққа тиісті жауап жазады

 

 

Оқушылар топта бірігіп постерге орындайды 1 оқушы жауап береді

 

 

 

 

Оқушылар автордың өмір баянымен танысады

 

 

 

Оқушылар оқиды, мазмұнын айтады, сурет салады сұрақтар қояды

Оқушылар ұқсастығын табады

Жұппен орындайды

 

Оқушылар керекті сөздерді қойып жазады

Жұппен орындайды

 

 

Сурет салу. Ережелерді  айту, ажырату, талдау. Есте сақтау

 

Оқушылар өздеріне ұнаған сәтерді сурет арқылы бейнелейді

 

Топбасшы өз тобындағы оқушылардң қорытынды бағасын айтады

 

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 

Сабақтан алған әсерлері мен смайлк  арқылы  таңдап  көрсету


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз