Өлең, жыр, ақындар

Ж. Аймаутов «Торғай»

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№19 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Иманғалиева Гүлжамиға Тілепіқызы

Мақсаты: мәтіннің мазмұнын оқып беру арқылы көркем шығарманы меңгерту.

1. Білімділік: мәтінді оқу, сұрақ-жауап арқылы білім дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту.        
3. Тәрбиелік: мәтін арқылы айналадағы тіршілікті қорғауға, қайырымдылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.     

Көрнекіліктер: АКТ, торғай, жылан, Ж. Аймаутов портреті.

Әдіс-тәсілдер: топтық, талдау, сипаттау;                                                                                                    

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру:  Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Психологиялық дайындық

Мен ақылдымын.
Қиындықтан қорықпаймын.
Мен жаспын.
Қандай әдемімін.
Менің  көңіл күйім өте тамаша!
Мен бүгінгі сабаққа дайынмын.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

- «Он сұрақ» әдісімен

- Ы.Алтынсарин кім?
- «Өзен» өлеңінде не туралы айтылған?  т.б.

IV. Жаңа сабақ:

- Бүгін сабақта Ж. Аймаутов «Торғай» әңгімесімен танысамыз.

Автор туралы мағлұмат беру.

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.

Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

- Мәтінмен таныстыру

Мәтінді АКТ-ден көрсету, оқыту арқылы түсіндіру.

- Мәтінмен жұмыс

- тізбек бойынша оқу
- тұтас оқу
- іштей оқу

- «Сұрақтары бар қорап» әдісі

-    Жерге түскен торғайдың халін мәтінге сүйеніп суретте.
-    Сұр жыланның күш көрсеткен жерін мәтіннен тауып оқы.
-    Торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипаттаған жерін оқы.

Сөздік жұмыс: бәкене-аласа, қақ-іркіліп қалған жауын суы
Сергіту сәті (видео арқылы билеу)
Топтық жұмыс

1 топ
«Торғай» туралы 4 жол өлең құрастыру.

2 топ
Торғайдың жыланға арбалуындағы сәтін мәтіннен оқи отырып суреттеу.

3 топ
«Жылан» туралы қысқаша шығарма жазу.

V. Жаңа білімді бекіту:

- мәтінге жоспар құр:

Жоспар:

1) Торғайдың алғашқы халі
2) Сұр жыланның күш көрсетуі
3) Ақбілектің ерлігі

- Сурет бойынша жұмыс:

- Суретте не көріп тұрсың?
- Мәтінге сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта
- Мәтін мазмұнын айт

VI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу. 

VII. Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз