Өлең, жыр, ақындар

Менің отбасым

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
"Балдәурен" жекеменшік балабақшасының
тәрбиешісі:
Суйеубаева Айгул Отесиновна

Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ-жауап, сергіту, шаттық шеңбері.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері.

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.

Ойын: " Мынау кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атау.
Сергіту жаттығуы:

Бас бармағым – атам
Балан үйрек  - әжем
Ортан терек – әкем
Шылдыр шүмек – анам
Кішкене бөбек мен!

- Отбасы мүшесін ата.
- Отбасында кімді жақсы көресің?
- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.

Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.

- Өте жақсы балалар.

Қорытынды:

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік.
- Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік.
- Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік.
- Ойындар ойнадық.
- Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер.
- Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!


Пікірлер (2)

Зарина

Маған бұл сайт өте ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз