Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің
құқық пәнінің оқытушысы
Мырзаева Гүлзамира Алламбергеновна
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құқық ұғымы. Некелік-отбасылық құқықтар және міндеттер, оларды жүзеге асыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
• Отбасы және неке түсініктерін анықтау,
• Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері туралы білім беру.
• Отбасы ұғымымен, неке түрлерімен таныстыру,
• Қазақстандағы отбасы және мемлекеттің отбасы саясаты туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
• Толымсыз отбасы, ажырасу, ерлі-зайыптылар жанжалы, сондай-ақ, жалғызбастылар проблемасы туралы ой қозғай білу,
• Неке мен отбасы тақырыбы аясында пікір таластыру.
• Некеге тұру және оны тоқтату мен бұзудың тәртібін зерттеу,
• Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік:
• Отбасы құндылығын насихаттау,
• Жастарды берік отбасы құруға тәрбиелей, отырып оларға ажырасудың қауіптілігін көрсету
• Жастардың санасына некенің жағымды бейнесін сіңіру.
• Қоғамда отбасы имиджинің мәртебесін көтеру.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың көрнекілігі: бейне, фото слайдтар, Қазақстан Республикасыныңнеке және отбасы туралы заңы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу.
б) оқушыларназарынсабаққааудару.
в) топ студенттерін алдын ала топқа бөлу, топта жұмыс істеу іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында, үйге берілген тапсырманы топпен бірлесе отырып орындалуын қадағалау.
г) үй тапсырмасын сұқбат, әңгіме әдіс-тәсілдерімен сұрай отырып, студенттердің ұшқыр ойларын қалыптастыру, өтетін жаңа тақырыппен байланыстыру.
2. Студенттерге сабақта өтетін жаңа тақырыптың маңыздылық жақтарын түсіндіру
• Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
• Оқушыларды жаңа тақырыппен байланысты қоғамның көкейтесті мәселелеріне, артып бара жатқан қоғамның дертіне, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың жойылып бара жатқандарына ат үсті қарамауға, ойлары мен үндерін ашық түрде жеткізуге баулу шыңдау.
3. Дөңгелек үстелге қатысышылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру:
Модератор-оқытушының міндеті:
• Көтерілген мәселенің қаншалықты көкейкесті екендігі туралы дөңгелек үстел барысында айтып отыру.
• Көтерілген мәселелер бойынша қорытынды жасақтау.
• Қаулы қабылдау.
Қатысушы-студенттердің міндеті:
• Қоғамдағы болған жағдайлардың хабарларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізу.
• Мықты дәйектер мен нақты деректерді ұсына отырып, азаматтық белсенділіктерін таныту, өз ойын еркін жеткізу.
• Тақырып айсында мағыналы сөйлеу.
• Тақырыптан ауытқымауын, әрі нақты қойылған сұраққа нақты жауап беру.
• Қоғамның дертіне ат үсті қарамау. Азаматтық позициясын білдіру.
Дөңгелек үстелге қатысып отырған қоғамдық топтың мүшелерінетоптық жұмыс жүргізудегі негізгі ережелерін сақтауға назар аударту:
• кезекпен сөйлеу;
• белсенді тыңдау;
• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;
• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;
• көмектесу және көмек сұрау;
• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;
• талқылаудың қорытындысын шығару;
• дәйекті айғақтар келтіру.
Әр қоғамдық топқа сөз сөйлеу кезінде қойылатын талаптар:
• Баяндама дайындау;
• Тірек сызбалар, бейне таспалар, презентациялар көмегімен қоғамның проблемасына аудиторияның назарларын аударта білу қажет.
Оқытушының сөзі. Құрметті, студенттер бүгінгі сабағымызда «Некелік-отбасылық құқықтары және міндеттері, оларды жүзеге асыру» атты жаңа тақырыбын өтеміз. Қарастырылып отырған тақырыптың маңыздылығы келесі жағдайлармен анықталады. Бүгінгі таңда неке қатынастары тек біздің мемлекетіміздің шеңберінде ғана емес, бүкіл әлемде кең өріс алуда. Некесіз қатынастардың, жалған некелердің, толық емес отбасыларының саны артуда. Қоғамның отбасына және некеге деген ықыласы бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Бұл ықылас отбасының адами тіршілік әрекетінің барлық аясымен байланысқан. Қай тұрғыдан сарапқа салсақ та, неке мен қоғам – егіз ұғым. Қоғамның негізі – іргесі берік отбасы. Осыған орай бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып танылғасын, осы тақырып аясында құқықтық білімдеріңізді тереңдету, ҚР Отбасы кодексімен таныстыру, неке мен отбасы арасындағы байланысты анықтау, бақытты отбасының қоғамдағы орнын талқылау, талдау үшін дөңгелек үстел арқылы пікір алысу мен алмасуды ұйымдастыру жөн көрдім.
3. Дөңгелек үстелді өткізу тәртібімен таныстыру
1. Жаңа тақырып бойынша жоспарда қарастырылған мәселелерді ашу.
• Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
• Отбасы түрлері және, отбасылық қарым-қатынастар
• Неке құқығы. Некеге тұру шарты және тәртібі.
• Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
• Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
• Азаматтық неке
• Отбасының стажы бойынша отбасының типтеріне сараптама жасау:
а) жас жұбайлар;
б) жас отбасы;
в) баладан үміткер отбасы;
г) балалары бар жас отбасы;
д) орта жастағы жұбайлар отбасы;
е) егде жұбайлар жұбы.
ж) географиялық белгісі бойынша: қалалық, ауылдық отбасы.
4. Дөңгелек үстелге қатысып отырған қоғамдық топтарды таныстыру проблемалық сұрақтарға назарларын аударту:
№1 Қоғамдық ұйым «Отбасының құлдырауы мен дағдарысы»
№2 Қоғамдық ұйым «Отбасылық қарым-қатынастар жүйесіндегі әйел мен қыздың рөлі».
№3 Қоғамдық ұйым «Қазақстан қоғамындағы заңсыз некелердің көбею мәселесі: ерте некелер, азаматтық некелер, полигамия»
№4 Қоғамдық ұйым «Неке ұғымының салмағына салмақты қарау»
Жаңа тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды талқылау:
• Отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады?
• Отбасын сақтап қалу үшін дәстүрдің қаншалықты маңызы бар?
• Қазақстанда алимент қалай төленеді?
• Алимент балаға әке бола ала ма? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі туралы ой қозғау.
• Ажырасу – ұлт келешегіне төнген қатер туралы қоғамның жан айқайына құлақ асыңыз.
• Ажырасуды болдырмайтын себептердің ең бастысы – әйелдің үйде отыруы деген пікірілерге көз қарастарыңызды білдіртіңіз.
• Жетімдер үйін толықтыруда азаматтық некенің бұл түрі қомақты үлес қосып жатыр деп қоғамның үлкендері пікірілерлеріне өз ойларыңыз бен пікіріңізді білдірсеңіз.
5. Көтерілген мәселелер бойынша қорытынды жасақтау.
Отбасы нық, әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды, қоғаның дерті жойылады деген пікірмен келісезі бе? Сұрақтың жауабын даусқа салайық.
«Иә» деп жауапқа келісетін қоғамдық ұйым мүшелері қолдарыңызды көтеріңіз.
Қоғамдық ұйым мүшелерінің барлығы сұрақтың жауабымен келісті.
6. Дөңгелек үстелдің хаттамасымен таныстыру, ұжымдық Қаулы қабылдау.
1. Отбасының иесі- еркек, киесі – әйел деп әрқашанда танылсын.
2. Отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы болып танылсын.
3. Батыс елдерінде кең өріс алған азаматтық некені қазақ қоғамында бой алдыртпасын, тыйым салынсын.
4. Қазақстан мемлекетінің әрбір отбасы үлгілі отбасы иесі болып аталсын.
5. «Ажырасу, азаматтық некелесу» атты қоғамдық дертпен күресуге жастар атсалсын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қожабекова Б. Қазақы неке. Алматы, 1994.— 64 бет.
2. Жүнісов А. Неке қию. Алматы, 1992.— 56 бет.
3. Байжанова Ж. Отау тігу. Алматы, 1995.— 84 бет.
4. Қарақұлов И. Сырласу. Алматы, 1996.— 164 бет.
5. Г.Мейірханова. Неке және отбасы. Алматы, 1998.— 155 бет.
6. Исаева Г. Шаңырақ шаттығы.— Алматы: Қайнар, 1992, -352 бет.
7. Жумадуллаева А. Жастарды отбасы-некелік өміргедаярлаудың негізі — ата-ана өнегесі // Ұлт тағылымы.— 2001, № 3.
8. Мейірханова Г. Неке және отбасы. Алматы, 1998.
9. Нұршайықов Ә. Семья өміріндегі әдеп және психология.— Алматы, 1986.
10. Байжанова Ж. Семья бақыты. Алматы, 1990.
11. Байжанова Ж. Отау тігу. Алматы, 1995.
12. Заңдар жинағы. Неке және отбасы. Алматы, 1999.
13. Оразбекова К. Иман және инабат. Алматы, 1993.
14. Тәңірбергенова Г. Әлеуметтану (Отбасылық-некелік қатынастар әлеуметтануы). Алматы, 2000.
15. Шотамбекова А. Азаматтану (V бөлім. Отбасы). Алматы, 1998.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі