О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Тарих пәні мұғалімі
Таймасова Лаззат Едилхановна
Тақырыбы: Неке және отбасы құқығы негіздері
Сабақ түрі: Аралас
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пән арқылы білім алушыларды ҚР-ның заңдарымен жан-жақты таныстыру, әр бап бойынша толық мағлұмат беру, ұғындыру
Дамытушылық: ҚР-ның Неке және отбасына арналған заңдарын толық меңгерту мақсатында заңдармен және оқулықтармен жұмыс жасауға дағдыландыру
Тәрбиелік: Пән арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра отырып, саналы да сапалы маман болуға тәрбиелеу
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаңа білімді меңгерту мақсатында тақырыпты түсіндіріп баяндау, өзара сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін сараптау. Сонымен қатар білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, видеороликті қорытындылау
Көрнекі құралдар: ҚР Конституциясы, ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексі, видеоролик, слайд.
Сабақ құрылымы
І. Сабақ ұйымдастыру: Білім алушылармен амандасу, аудиторияның тазалығы мен дәріс өткізуге қолайлылығын тексеру, білім алушылардың сабаққа қатысын түгендеу, білім алушылардың зейінін сабаққа аудару, сабақты бастау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сұрақтар:
а) Қылмыс деген не?
ә) Қылмысты орындаушы, көмектесуші, ұйымдастырушы деген кім?
б) Қылмысқа дайындалу деген не?
в) Қылмыс жасау сатылары қандай?
г) Жаза деген не?
ғ) Жазаның түрлері қандай?
2. Жағдаяттар
а) Адам кісі өлтірмекші болып пәтердің кірі берісіне енеді, ал өлтірмекші адамы төр үйде ұйықтап жатады. Дәл осы уақыт оның қылмысқа оқталғаның білдіре ме, алде дайындалғаның білдіре ме? Егер ол кісі өлтірмекші болып емес, ұрлық жасамақшы болып ішке енсе, қай саты болар еді?
б) Шахтаның жару әрекетімен айналысатын қызметкерлері Нұркенов пен Асанов жұмыс жоспарларында көрсетілген бірнеше жарылысты шахта шеберіне айтпай өз беттерінше жасады. Бірақ жарылыс жасау жерлеріне жақын маңда жұмыс жасап жүрген жұмысшыларға ескертпегендіктен, олардың бірі – Әлібеков қайтыс болды. Нұркенов пен Асанов қандай қылмыс жасады? Олардың әрекетінде терроризм құрамы бар ма?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспар
1. Неке және отбасы ұғымы
2. Отбасылық қатынастар ұғымы
3. Некеге тұру шарттары
4. Некеге тұру тәртібі
1. Неке және отбасы ұғымы. Сендер неке,отбасы деген ұғымдарды күнделікті өмірде жиі естисіндер. Отбасы дегенде әрқайсымыздың ойымызға әке-шеше,туыс-бауырларымыз, қамқор адамдардың жылы лебіздері кіреді. Отбасы деген не? Оның құқықтық негізі қандай?-деген сұрақтарға көп ойлана бермейтініміз рас. Отбасы – табиғи, биологиялық, рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы. Дүние жүзінің қай елінде болмасын мемлекет отбасын қорғайды, Қ.Р-да да мемлекет отбасын өз қамқорлығына алады және отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді.
Біздің еліміздегі отбасы қатынастарын реттейтін құқықтың дербес саласы отбасы құқығы болып есептеледі. 1998 жылы Қ.Р. «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес: отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жеке бастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы.
Отбасы мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерді туындатады. Туыстық қатынастар, некенің болуы, бала, бала асырап алу т.б. негіздер отбасының ең басты белгілері. Ешкім де күштеу арқылы отбасына біріктірілмейді, оның негізгі туыстық, сүйіспеншілік сезімдерінен басталады.
Отбасы қоғамда бірқатар қызметтер атқарады. Олар:
2. Отбасылық қатынастар ұғымы. Неке — отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет. Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу). Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Сонымен, отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жекебасындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады.
Слайд Отбасы туралы
3. Некеге тұру шарттары. Неке сарайларында салтанатты жағдайда тағдырларын біріктірген екі азамат жаңа отбасының дүниеге келгенін жариялайды. Бұл екі адам үшін және оның туыстары үшін ғана емес, бүкіл қоғам өмірі үшін маңызды оқиға. Осы сәттен бастап мемлекеттің отбасы алдындағы, отбасының мемлекет алдындағы құқықтық кезеңі басталады. Қ.Р Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қиылған неке ғана заңды деп танылады. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынған. Бұл тыйым салу неке заңында да көзделген. Неке, тілек білдіруші адамдардың қатысуымен азаматтық хал актілері тіркеу органдарында қиылады. Некені қию тілек білдірушілердің азаматтық хал актілерін тіркеу органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.
Некеге отыру үшін заңда белгіленген шарттарды сақтау қажет. Аталған шарттардың оң және теріс деп бөлу қабылданған, яғни некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі тиіс.
ҚР-сының «Неке және отбасы туралы» заңы бойынша неке 18 жас деп белгіленген. Дәлелденген себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орындары неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге кемітуі мүмкін. Мұндай себептер қатарына, әйел адамның жүктілігі немесе дүниеге сәби әкелуі, ерлердің әскер қатарына шақырылуы, т.б.жағдайлары жатады.
Мұндай некеге тілек білдірушілер мен олардың ата-аналары немесе қамқоршылары келісім бергенде рұқсат етіледі.
Некеге тұрушылар заңды түрде ерінің немесе әйелінің тегіне өтуге құқылы. Некені күштеп, қорқытып немесе басқада жағдайлармен мәжбүрлеп қиюға жол берілмейді.
ҚР- сының «Неке және отбасы туралы» заңының 11-бабында араларында неке қиюға жол бермейтін адамдар санаты берілген:
- Біреуі болса да басқа некеде тұрған адамдардың арасында
- Тікелей ататегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың ата-анасы бір немесе бір әкелі, ортақ аға-қарындасты, апа-інілер арасында
- Асырап алушылар мен асырап алынғандардың арасында
- Біреуі болса да психикалық аурудың немесе ақыл-есінің кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында
4. Некеге тұру тәртібі. Жоғарыда айтылғандай неке, ниет білдірген адамдардың қатысуымен азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қиылады.
Еңбекпен түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүргендердің некесін тіркеу аталған мекеменің орналасқан жерінде жүргізіледі.
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы» жарлығына сәйкес шетел азаматтары да ҚР азаматтарымен тең негізде тұруға, тоқтатуға құқылы.
Некеге тұрғысы келетін адамдардың біреуі ерекше жағдайларға байланысты АХАТ органына келе алмаған жағдайда неке сол адамның тұрғылықты жерінде қиылуы мүмкін.
Мысалы, азамат А. ауыр науқастанып қалуына байланысты АХАТ органына келуге мүмкіндігі болмады. Мұндай жағдайда заң некені «Неке және отбасы» туралы заңның нормаларын сақтай отырып, емдеу мекемесінде, үйінде, т.б.осыған сәйкес орындарда тіркеуге рұқсат етеді.
Некені тіркеу органына өтініш бергеннен кейін аталған некені тіркеуге кедергі болатын жағдайларға байланысты шағым түсетін болса, Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАТ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Бір айлық мерзім белгілеудің маңызы үлкен.
АХАТ органдарына арыз бергендердің 10-12%-ы тіркеуге келмей қалатыны,осы органның тәжірибесінде жиі кездесіп жүрген құбылыс. Бұл жастардың неке құруға атүсті қарауынан туған жағдайлар болуы мүмкін. 1 ай мерзім өмірлік маңызы бар мәселені жан-жақты ойланып шешуге қажетті шарт. Дәлелді себептер болған жағдайларда некені тіркеудің жергілікті мемлекеттік органдары некені мерзімінен бұрын тіркеуге немесе оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Күнделікті өмірде әр түрлі оқиғалар кездесіп жатады. Осындай ерекше жағдайларда (тараптардың біреуінің өміріне қауіп төну, дүниеге сәби әкелу, жүктілік, т.б.) некені тіркеу өтініш берілген күні де жүргізілуі мүмкін.
V. Жаңа сабақты бекіту:
І. Сұрақтар
1. Неке және отбасы ұғымы
2. Отбасылық қатынастар ұғымы
3. Некеге тұру тәртібі қандай?
4. Некеге тұру шарттары қандай?
ІІ. Күнделікті көрініс
Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.
Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!
Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?.
Сұрақ:
1. Отбасылық тәрбиенің осы көріністе орны бар ма?
2. Сендердің іс-әрекеттерің қалай болар еді?
ІІІ. Сәйкестендір «Сен заңды қаншалықты білесің?»
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар |
Неке және отбасы ұғымы |
ҚР-сының «Неке және отбасы туралы» заңы бойынша неке 18 жас деп белгіленген. |
Отбасылық қатынастар ұғымы |
Еңбекпен түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүргендердің некесін тіркеу аталған мекеменің орналасқан жерінде жүргізіледі. |
Некеге тұру шарттары |
Отбасы – табиғи, биологиялық, рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы. |
Некеге тұру тәртібі |
АХАТ органдары некені тіркеуді тоқтата тұруға құқылы. |
Некеге тұру шарттары |
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. |
Некеге тұру шарттары |
Туыстық қатынастар, некенің болуы, бала, бала асырап алу т.б. негіздер отбасының ең басты белгілері. |
Отбасылық қатынастар ұғымы |
Некені күштеп, қорқытып немесе басқада жағдайлармен мәжбүрлеп қиюға жол берілмейді. |
Некеге тұру тәртібі |
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
VІІ. Үйге тапсырма:
Ө. Қопабаев «Құқық негіздері» §27, 148-154 б.б.
Қ.Айтқожин
Н.Қыдырқожаева
Ғ.Жайлин
А.Жұмағали
VІІІ. Бағалау:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі