Ақтөбе қаласы
№31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымының
тәрбиешісі: Кулкашева Айжан Сарсенбаевна
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты:
1. Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айта білуге үйрету.
2. Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін қолдана білу іскерлігін дамыту.
3. Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Балалар дөңгелене тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады.
- Мені анам ботақан дейді,
- Мені анам қошақан дейді,
- Мені анам құлыным дейді,
- Мені анам балапаным дейді.
- Балалар, жарайсыңдар.
- Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады.
Үй жануарлары жайлы түсіндіру.
- Үй жануарлары - қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: сиыр, түйе, жылқы, қой-ешкі, мысық, ит.
- Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Төлін тап» деп аталады.
Шарты: Балалар үй жануарларының төлдерін тауып атын атайды.
- Жарайсыңдар,балалар.
- Енді «Не қалай дыбыстайды?» екенін ажыратып айтайықшы.
- Балалар жауаптары: сиыр - мө-мө, түйе - бө-бө, жылқы - ио-ио, қой-ешкі - бә-бә, ит - аф-аф, мысық - мяу-мяу.
- Балалар дұрыс айттыңдар, енді тақтаға назар аударайық. Төлдердің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрде айтуды үйрету. Тақтаға 1 түйе,1 сиыр,1 қой,1 жылқының суреттері ілінеді. Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе, сиыр, қой және жылқының суреттері ілінеді. Балалар (сиыр-сиырлар, қой-қойлар) т.б.айтады.
Сергіту сәті.
Топ-топ етіп басайық,
Ауылға біз барайық.
Қозыларды санайық,
Бір, екі, үш деп,
Санын біліп алайық.
Төрт, бес, алты деп,
Алақанды соғайық.
- Балалар сонымен қатар, үй жануарларының шаруашылыққа пайдасы зор. Олардан көптеген өнімдер алынады. Сондықтан адамдар олардың жемін, суын беріп жылы қораларда асырап бағады. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қанекей атпен қалай шабады? Балалар «Ат шауып келеді» жаттығуын жасайды. Етін жеп едіңдер, тістеріңе тұрып қалды. Қане, тісімізді тазалайық «Тіс тазалау» жаттығуы. Балалар сүттен айран жасалады. Айранды жақсы көреміз бе?
- Балалар: ия
- Дұрыс, айранда көптеген дәрумендер бар.Балалар айран ішкеннен кейін ернімізге жағылып қалыпты қане,жалайық «Тәтті тосап» жаттығуын жасайды.
- Балалар сонымен қатар үй жануарларына ит пен мысық та жатады. Олардың етін жемейміз,бірақ адамдар сақтық, белгі беру үшін асырайды.
- Ит пен мысық нені жақсы көреді?
- Балалар: етті, сүтті.
- Дұрыс айтасыңдар балалар оларға құйылған сүт ыстық екен, қанекей үрлеп сүтін суытайық. «Тыныстау жаттығуы» орындалады. Мысық пен ит сүтті қалай ішеді? «Мысық сүт ішеді» жаттығуын жасайды.
- Балалар сурет бойынша сөйлем құрап айтайық.
Тақтадағы суретпен жұмыс: Әжем сиыр сауды. Мен атқа міндім. Мысық қатық төкті. Гүлназ құрт жеді. Менің күшігім бар. т.б.
Балалар сендер бүгін көптеген жұмыстар жасадыңдар. Ұйымдастырылған оқу қызметімізді аяқтай келе «Кім жылдам?» екенін білгім келіп тұр. Ендеше қима суреттерден жануарлардың денесін түгендеп берейік.
Балалар қима суреттерді құрастырады.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі