Өлең, жыр, ақындар

Диктант «Көктем»

Пәні : қазақ тілі       

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы:  Диктант «Көктем»

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет: Қазақ тілінен жазба  жұмыстар  С.Ч.Тұрсынғалиева  «Арман-ПВ» баспасы  2008ж

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

ІІ. А)Мәтінді 2 рет оқу.

Ә) Қиын сөздерді тақтаға жазу

Б) 3 рет оқи бастағанда  оқушылар жаза бастайды.

 

Көктем

Көктем  жыл мезгілінің әдемі  бір кезеңі. Наурыз мейрамында  күн ұзарып,  түн қысқарады. Күн көзінің  шуағы  молаяды. Қар еріп,  жыралардан  су аға  бастайды.

Көктемде жер беті  кілемдей жайнап,  әсем қызғалдақтар  шешек атады, ағаштар жасыл  жапыраққа  бөленеді, жеміс ағаштары  гүлдейді. Жылы жаққа кеткен  құстар  да қайтып  келе бастайды. Көл сәні-  сұлу аққу,  қаз бен үйрек  көлді, даланы  думанға айналдырады. Қарлығаш, қараторғай,  бозторғай, т.б.  құстар ағашқа  қонып,  әндетіп  жүріп, ұя  салады.

Адамдар үшін көктем – қызу жұмыс науқаны.  Жұрт егіске  шығады,  жер жыртады,  егін егеді,  демалады. Балық аулайды, гүл тереді. Көктем- өте  көңілді  мезгіл.

ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.

Ү. Мәтіннен  етістіктерді  тауып жазу.  Оларды нақ  осы шаққа,  жедел өткен шаққа,  болжалды келер шаққа  қойып жазу.

ҮІ.  Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма.

Өткенді қайталау

 


Пікірлер (19)

Айзека

Куштi екен

Марьяна

Жаман есмес

қатипаш

Жаман емес әрине. Бірақ жақсы да емес. менің ойымша бұл алтыншы сыныпқа емес бес, төртінші сыныпқа арналған

Разия

Жақсы

аружан

Жақсы

Аубен

Норм

Жаннур

Бул алтыншы сыныпка емес тортинши сыныпка арналган диктант алтыншы сыныптын диктанты мундай болмайды

Ақсәуле

Кушті екен

Раушан

Керемет диктант

Айша

Керемет

С.Аружан

Керемет диктант

Рамазан

мейрамында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды.

Көктемде жер беті кілемдей жайнап, әсем қызғалдақтар шешек атады, ағаштар жасыл жапыраққа бөленеді, жеміс ағаштары гүлдейді. Жылы жаққа кеткен құстар да қайтып келе бастайды. Көл сәні- сұлу аққу, қаз бен үйрек көлді, даланы думанға айналдырады. Қарлығаш, қараторғай, бозторғай, т.б. құстар ағашқа қонып, әндетіп жүріп, ұя салады.

Адамдар үшін көктем – қызу жұмыс науқаны. Жұрт егіске шығады, жер жыртады, егін егеді, демалады. Балық аулайды, гүл тереді. Көктем- өте көңілді мезгіл.

Інжу

Диктант күшті екен

❤❤❤❤

Өте керемет

Молдир

Керемет асер алдым

Динара

Пайдама жарады, рахмет

Жаныл

Нормально

Айша

Өте күшті диктант

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз