Өлең, жыр, ақындар

Жүрек жылуын балаға сыйла (Тренинг)

ОҚО, Түлкібас ауданы
«Алғабас-1» ЖОМ
әлеуметтік педагогі
Тилеубердиева Актоты Ыристаевна

Тақырыбы:  «Жүрек жылуын балаға сыйла» тренингі.
Мақсаты: Баланы ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, өмірді сүюге, бағалай білуге кеңестер беру. Өзекті мәселелерді талдау кезінде өз ойларын ашық, батыл, еркін жеткізу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд, үлестірме қағаздар т.б.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе
2. Ой қозғау сұрақтары
3. Нақыл сөздер
4. Сұрақ-жауап
5. Бейнеролик (Бала тәрбиесіне көңіл бөлейік)
6. Қорытынды.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды орындарына жайғастыру. Тыныштық сақтап отыруларын өтіну.

Кіріспе сөз. Сәлеметсздер ме, құрметті ата-аналар, әріптестер ,ұлағатты ұстаздар. Жел бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп болып табылады.

«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»- деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай «бес жасқа дейін еркелет 14 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан кейін жолдасыңдай сырлас» демекші, тәрбие бар жерде білім бар деп есептеген. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын- тәрбие жұмыстарын атқаруға кіріседі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі.Баланың болашағы, білімі, мәдениет, отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне тәлім-тәрбиесіне байланысты.

Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана Құдайдан перзент тілеген. Ата-аналар қолымыздағы алтындарымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» -деп ата-бабамыз айтқандай бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Адам баласы  ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де естен шығармауында. Бұл жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес ең алдымен адамшылық-тың белгісі.
 

II. Барысы:

1. «Топтастыру»

Экранда 3 жеміс түрі берілген. Әр ата-ана өз баласы жақсы көретін жемісті таңдайды.Таңдаған жемістерге байланысты балаңыз туралы қызықты ақпаратттар аласыздар.

Алма. Қарапайым ғана алма жемісін таңдайтын жанды дәстүрді ұстанатын еңбекқор адам деп сипаттаймыз. Өз жұмысына ұқыпты, болашақта жақсы маман иесі болады. Мейірімді, сезімге берілгіш. Түкке тұрмайтын себептере де тез ренжіп қаласыз.

Жүзім. Жүзімнің түр – түрін ұнататындар өз сөзіне берік, басқалардың сырын сақтай алатын адамдар. Алайда бұл кісінің тұйықтығы соншалықты, оның достары көп бола бермейді. Ашық болуды үйрену керек

Қарбыз.  Жазды осы жеміс үшін ұнататындар өмірге оңай қарайды, олар әр кез көңілді, еш уақытта уайым қайғыға салынбайды. Басқалармен тілдескенді, оларға көмектескенді де ұнатады.

2. Ой-қозғау сұрақтары.

1. Сіз үшін өмірдің мәні не?
2. Не үшін өмір сүреміз?
3. Өмір адамғабірақ рет беріледідегенді қалай қабылдайсыз
4. Бала біздің өміріміздегі...

3. Нақыл сөздер.

«Бала-бауыр етің.»
«Бар бақытыңды балаңнан ізде.»
«Бала-ұрпағыңның жалғасы.»
«Не берсең де балаңа бер.»

4. Сұрақ-жауап.

- Балаңызды күніне неше рет сүйесіз?
- Баланың күнделігін қаншалықты жиі қадағалайсыз?
- Балаңыз күніне мектепке неше кітап апарады?
- Балаңыздың сабағына аптасына бір рет еніп отырасыз ба?

5. Бейнеролик (Бала тәрбиесіне көңіл бөлейік).

6. Қорытынды (Жүрек жылуын балаға сыйлайық).


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар