Өлең, жыр, ақындар

"Ата өнері - балаға мұра" авторлық бағдарлама

Темір ауданы
"Айгөлек" балабақшасы МКҚК-ның
әдіскері: Елжан Ақкүміс Елжанқызы

Ортаңғы топ тәрбиешілерінің «Ата өнері – балаға мұра» атты вариативтік бөлімінің бағдарламасына

Пікір

Халықтық педагогиканы қолдану, сонымен қатар озық инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану – қазіргі заманымыздың басты  талабы. Елім, жерім деп жүрегі соғатын азаматтарды тәрбиелеу жолында қазіргі мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұлтының тарихы мен салт дәстүрін меңгертудің өзектілігі де айқын. Жаңа заманда, жаңа қоғамда жеке көзқарасы қалыптасқан, көкірегі ояу, білімді және білімге құштар азаматты тәрбиелеу – патриоттық тәрбие берудің мақсаттары болып табылады. Осы мақсаттардың бір де бір шешімі –  оқыту – тәрбиелеу процесіне ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, қазақтың тұрмысы мен болмысын ұғындыратын жеке бағдарлама  еңгізу.

Ортаңғы топтың вариативтік бөліміне құрастырылған «Ата өнері – балаға мұра» атты бағдарламасы аталған міндеттерді орындауға бағытталған. Бағдарлама талапқа сай құрастырылған, мектепке дейінгі жас ерекшеліктері ескерілген, жаңа инновациялық технологиялар мен озық тәжірибелерді қолдануды көздейді. Мақсаты мен міндеттері айқындалған, бөлімдері тәрбиелік мәні зор тақырыптарды қамтыған.

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі: Балмагамбетова Б.

Түсінік хат

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп асқақ арманмен бабаларымыз бізге үлкен үміт артқан. Болашақ ұрпақты халық мұрасы – ата өнерін, салт- дәстүрін, ұлттық құндылықтары негізінде өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру – бүгінгі заман талабы.

Жеке тұлғаның дамуының алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі кезеңде өтеді, атақты педагог Я.А. Коменский «Адам бойына өмірінің алғашқы кезеңінде сіңірген қасиеті ғана берік және сенімді болады» деген. Осылайша бала бойына халықтық педагогика негізінде ұлттық құндылықтарды сіңіру, халқымыздың ең жоғары тәрбие принциптерінің негізінде тәрбие беруді мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан бастаудың өзектілігі айқындалады.

Дүниетанымның іргетасы төл мәдениетті терең білуден басталады. Мектеп жасына дейінгі балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды танып, сыры мен қырына үңіле түседі. Осы жастағы балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қазақ балалар фольклорының, салт- дәстүрлердің, ұлттық өнердің, ұлттық ойындардың және ұлттық өлке табиғатымен таныстырудың маңызы ерекше.

Ортаңғы топтағы вариативтік бөлімінің «Ата өнері  - балаға мұра» бағдарламасы  Ақжарқын Баделқызының «Асыл мұра» әдістемелік нұсқаулығы, «Халық қазынасы» хрестоматиясының негізінде құрастырылған.

Бағдарлама үш бөлімнен тұрады, І. «Ұлы рухты аталар ұрпағымыз»  ІІ. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»   ІІІ.  «Кең байтақ туған өлкем». Әр бір тарауда қазақ халқының салт – дәстүрлері, қол өнері, ауыз әдебиеті мен балалар фольклоры қамтылған.

І бөлімде қазақтың асыл текті батырлары мен атақты даналары туралы, олардың әдеби шығармалары мен мұралары, сонымен қатар қазақтың әдет ғұрпына тән тыйым сөздер және түрмыстық салт дәстүрлер еңгізілген.

ІІ бөлімде халқымыздың қол өнері, ауыз әдебиеті, айтыс, осыған байланысты салт дәстүрлері тақырыптары еңгізілген.

ІІІ бөлімде еліміздің, туған жеріміздің табиғаты, байлығы туралы ақпарат, туған жер туралы әдеби шығармалар қамтылған.   

Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын қазақ әдебиетінің, салт – дәстүрлердің, ұлттық өнердің, ұлттық ойындар және ұлттық өлке табиғатымен таныстыру негізінде қалыптастыру.

Міндеті:

 - Балаларды қазақ әдебиетімен таныстыру, қазақтың билері мен ұлы жыршы, ақындар шығармаларымен таныстыру;
 - Қазақтың салт дәстүрлерімен таныстыру, олардың тәрбиелік тағылымын балалардың бойларына сініру;
 - Ұлттық ойындарға қызығушылықтарын ояту;
 - Туған жеріміздің әсем табиғатын сүю, қастерлеу, еліміздің табиғи қорын сақтап қалудың маңыздылығын түсіндіру, табиғатымызды қорғауға, ластамауға насихаттау.

Бағдарлама бойынша күтілетін нәтиже

 - Балалармен «Қазақтың ұлттық қол өнері» тақырыбында жоба ұйымдастырып, қорғау;
 - Балалар қазақ фольклорын меңгереді;
 - Балалар көкірегінде қазақ елінің азаматымын, қазақпын деген патриоттық сезімдері ұялайды.

Тақырыптық жоспары

бөлімі

Тақырыбы

Сағат саны

1

І. «Ұлы рухты аталар ұрпағымыз»

«Жеті атаңды білесің бе?»

1

2

Туыстық атаулар

1

3

Тыйым сөздер

1

3

Менің өлкем

1

5

Күз сыйы

1

6

Күзгі еңбек

1

7

Нан тағамдары

1

8

Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар

1

9

Ислам тағылымы

1

10

Қазақтың хандары

1

11

Қазақтың батырлары

1

12

Қазақ жауынгерлерінің киімдерімен қарулары

1

13

Қазақ жүздері

1

14

Қазақ халқының билері

1

15

Ұлы билердің қанатты сөздері

1

16

Халық туралы мақал - мәтелдер 

1

17

Ұлы Абай атамыз

1

18

Абайдың қара сөздері

1

19

Туған ел, жер туралы мақал мәтелдер

1

20

Келер және өткен күндер

1

21

Ата бабаларымыздың ерлік істері

1

22

Қажымұқан ата кім болған?

1

23

Күз мезгіліне байланысты салт дәстүрлер

1

24

Ежелгі көшпенді ата салты

1

25

 Күз туралы жұмбақтар, жаңылтпаштар

1

26

ІІ «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» 

Өнер алды қызыл тіл

1

27

Қазақтың ұлы жыршылары

1

28

Тұрмыстық салтқа қатысты халық фольклоры

1

29

Бесік жыры

1

30

Халық ертегілері

1

31

Айтыс

1

32

Қазақ ақындары

1

33

Бата, бата түрлері, бата беру салты

1

34

Халық әндері

1

35

Еңбек туралы мақал мәтелдер

1

36

Мамандық иелері туралы жұмбақтар

1

37

Ұста еңбегі. Көрік басу

1

38

Ағаш шебері

1

39

Зергер, Тоқымашы

1

40

Кестеші, тігінші

1

41

Қазақтың байырғы өлшем бірліктері

1

42

Қазақтың қол өнер бұйымдары

1

43

Ою өрнек түрлері

1

44

Би өнері

1

45

Саз өнері

1

46

Терме, жыр туралы

1

47

Ұлттық аспаптар

1

48

ІІІ. «Кең байтақ туған өлкем».

Туған өлке байлығы

1

49

Табиғат құбылыстарының атаулары

2

50

Ауа райын болжаудың халықтық нұсқалары

1

51

Наурыз тойы, тойға қатысты салттар

1

52

53

Ежелгі салт дәстүрлер

2

54

Үй хайуанаттары

1

55

Жан –жануарларға қатысты тыйым сөздер

1

56

Төрт түлік, түрлері, адамға пайдасы

1

57

Түз хайуанаттары

1

58

Құстар

1

59

Құс, жан жануарларға қатысты теңестірулер.

1

60

Аңдар, құстар туралы жұмбақтар

1

61

Халқымыздың жан - жануарларды қорғау салты

1

62

Өлкеміздің ағаш, өсімдіктері

1

63

Жасыл дәріхана

1

64

Қазақ халқының өсімдіктер мен ағаштарды қорғау салты

1

65

Су туралы мақал мәтелдер, наным –ырымдар, тыйым сөздер

1

66

Қазақ еліндегі көлдер, сулар.

1

67

Жыл мезгілдеріне қатысты маусымдық жырлар

1

68

Достық туралы жырлар, өлеңдер

1

69

Ұлттық ойындар

2

 

Перспективті тақырыптық жоспары.

бөлімдері

тақырыбы

Мақсаты

Көрнекілі-гі

Сағат саны

1

І. «Ұлы рухты аталар ұрпағымыз»

«Жеті атаңды білесің бе?»

Жеті ата туралы түсінік беру, жеті атасын, ата бабаларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Жанұялық суреттер,

 

1

2

Туыстық атаулар

Туыстық атаулар туралы түсінік беру, нагашы жұрт, өз жұрты, қайын жұрт деген ұғымдармен таныстыру. Туыстық қарым, қатынас, сыйластық туралы мәлімет беру

Туыстық қатынас бейнелен-ген суреттер, шежіре ағашының үлгісі, жанұялық суреттер.

1

3

Тыйым сөздер

Тыйым сөздердің мағынасын ұғындыру, мағыналарын балабақша ережелері мен тұрмыстық тәртіп негізінде түсіндіру.

Балабақша ережелері-не қатысты суреттер

1

3

Менің өлкем

Қазақ елінің жері, көлемі, онда тұратын халықтарымен, олардың көп екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру, картада Қазақстанды көрсетіп, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.

Қазақстан және әлем картасы, мемлекет-тік рәміздер, түрлі ұлт бейнелен-ген суреттер

1

5

І. «Ұлы рухты аталар ұрпағымыз»

Күз сыйы

Күз жыл мезгілі жөнінде түсініктерін, күз сыйы жеміс жидектері, азықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Күзгі бақ суреттері, күзгі көрініс, жеміс жидектер.

1

6

Күзгі еңбек

Күз мезгіліндегі халық еңбегімен таныстыру, қыстақ, қыстау ұғымдарымен таныстыру.

Үлкендер еңбегі бейнелен-ген суреттер, қыстақ суреттері

1

7

Нан тағамдары

Нан тағамдарымен таныстыру, нан түрлері және оның келу жолымен таныстыру, наубайханашы еңгебі туралы түсінік беру.

Нан тағамдары,  наубайхана бейнеленген суреттер,

1

8

Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар

Халқымыздың нанды ерекше қастерлейтінін түсіндіру.

Суретті көрнекілік-тер

1

9

Ислам тағылымы

Мешіт, ораза, намаз, садақа беру, Құрбан айт, Ораза айт мейрамдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Мешіт, мейрам бейнелен-ген суреттер

1

10

Қазақтың хандары

Қазақ хандығы, қазақ хандары туралы түсінік беру, білімдерін тереңдете түсу

Қазақ хандары-ның суреттері,

1

11

Қазақтың батырлары

«Батыр» кім екенін түсіндіре отырып, ел қорғаған қазақ батырларымен таныстырып, батылдыққа, қайсарлыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Батырлардың суреттері

1

12

І. «Ұлы рухты аталар ұрпағымыз»

Қазақ жауынгерлерінің киімдері мен қарулары

Қазақ жауынгерлерінің киімдері мен қару жарақ түрлерімен таныстыру.

Дулыға, сауыт, шоқпар, қалқан, қылыш, садақ, семсер, қанжар, балта, қорамсақ суреттері.

1

13

Қазақ жүздері

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз туралы түсінік беру, жүз деген ұғымды түсіндіру

Суретті көрнекіліктер.

1

14

Қазақ халқының билері

Үш би: Төле би Қазыбек би, Айтеке би кім екенін түсіндіру, олардың даналығы мен билік шеберлігі туралы мәлімет беру.

Үш бидің суреттері

1

15

Ұлы билердің қанатты сөздері

Ұлы билердің қанатты сөздерімен таныстыру, олардың шығармашылығымен таныстыру.

Үш бидің суреттері, қанатты сөздеріне  байланыс-ты суреттер.

1

16

Халық туралы мақал - мәтелдер

Халық туралы мақал мәтелдерді үйрету, жаттау, олардың мағынасын түсіндіру.

Мақал мәтел мағынасы бейнелен-ген суреттер,

1

17

Ұлы Абай атамыз

Ұлы Абай туралы түсінік беру, онықң өмірбаянымен, шығармашылығмен таныстыру.

Абайдың суреті, кітаптары

1

18

І. «Ұлы рухты аталар ұрпағымыз»

Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздерімен таныстыру. Тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Қара сөздер мағынасы бейнелен-ген суреттер

1

19

Туған ел, жер туралы мақал мәтелдер

Туған жер, ел туралы мақал мәтелдерді үйрету, жаттау, олардың мағынасын түсіндіру

Туған жер, Отан мағынасын ашатын суреттер.

1

20

Келер және өткен күндер

Келер және өткен күндерді қалай атайтындығы туралы түсіндіру

Суретті көрнекіліктер

1

21

Ата бабаларымыздың ерлік істері

Ерлік деген ұғыммен таныстыру, ерлік жасаған адамдар туралы түсінік беру, көне және бүгінгі замандағы ерлік жасаған батырларымыз туралы әңгімелеу.

Ерлік жасаған аталарымыздың суреттері, А.Иманов, Махамбет, Исатайдың суреттері, соғыс ардагерлерінің суреттері

1

22

Қажымұқан ата кім болған?

Балуандар туралы әңгімелеу, Қажымұқан атаның күштілігі туралы айтып беру, оның істеген ерлігі туралы әңгімелеу. Басқа да балуандар туралы айтып беру.

Балуандардың суреттері, қазақ ұлттық спорт түрлері бейнелен-ген суреттер

1

23

Күз мезгіліне байланысты салт дәстүрлер

Күз мезгілінде жасалатын жоралғылар, салттар туралы түсінік беру, халық тарихынан қысқа дайындық туралы мәлімет беру.

Күз суреттері, күз мезгіліндегі салт, еңбек бейнелен-ген суреттер

1

24

І. «Ұлы рухты аталар ұрпағымыз»

Ежелгі көшпенді ата салты

Қазақ халқы көшпенділігі туралы баяндап беру, көшпенді деген ұғымды түсіндіру, не себепті көшкен, қыстау, жайлау сөздерін түсіндіру.

Көшіп бара жатқан ауыл суреттері, қыстау, жайлау суреттері

1

25

Күз туралы жұмбақтар, жаңылтпаштар

Балалардың тілін дамыту, жұмбақ, жаңылтпаш үйрету, қалауы бойынша жатқа айтқызу, қазақ балалар фольклорына деген қызығушылықтарын ояту.

Күз құбылыстары, табиғаты бейнеленген суреттер.

1

26

ІІ «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» 

Өнер алды қызыл тіл

Өнердің бір түрі – әдемі, шебер сөйлеу екенін ұғындыру, «өнер алды қызыл тіл» деген сөздің мағынасын түсіндіру. Сөйлеу шеберлігіне не жататынын, ондай адамдар кім болғаны туралы түсіндіру. 

Айтыскер ақындар, атақты адамдар суреттері

1

27

Қазақтың ұлы жыршылары

«Жыршы» кім болғанын түсіндіру, бұл өнер түрімен таныстыру. Қазақтың ұлы жыршыларымен таныстыру.

Жыршы суреттері

1

28

Тұрмыстық салтқа қатысты халық фольклоры

Халық фольклоры-мен таныстыруды жалғастыру, санамақ, тәжікелесу, жаңылт-паш, өтірік өлеңдер-дің түрлерімен таныстырып, бірне-шеуін оқып беру, балаларға ұнаған-дарын жаттау.

Тұрмыстық салт бейнелен-ген көрнекіліктер.

1

29

ІІ «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» 

Бесік жыры

Бесік жыры қай кезде айтылады, оны кім айтатынын түсіндіру, бесік жырын жатқа айтқызу,

Бесік, ана мен сәби суреттері, қуыршақ

1

30

Халық ертегілері

Ертегілер түрлерімен таныстыру, ертегіайту да шеберлік екенін ұғындыру, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісімен таныстыру, оқу.

Ертегі кітаптар

1

31

Айтыс

Айтыс туралы түсініктерін қалыптастыру, қазіргі және көне заман айтыскер ақындарымен,  таныстыру, олардың шеберлігі туралы айтып беру.

Айтыс өнері бейнелен-ген суреттер, айтыс көріністері (видео, үнтаспа)

1

32

Қазақ ақындары

«Ақын» деп кімді айтатыны туралы, қазақ халқының ақындары туралы түсініктерін кеңейту, ақын болу өнер екндігін ұғындыру. 

Қазақ ақындарының суреттері, кітаптары

1

33

Бата, бата түрлері, бата беру салты

Бата деген не екенін, бата беру салтымен таныстыру, батаны кім беретіні туралы айтып, түсіндіру, бата түрлерін жатқа айтқызу.

Ата, бата беру салты бейнеленген суреттер,

1

34

ІІ «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» 

Халық әндері

Халқымыз өнерлі болғаны туралы түсіндіру, халық әндерінің кейбіреулерімен таныстыру, тыңдату, оларды қай уақытта айтқандығы туралы түсіндіру. 

Халық әндер мағынасы бейнеленген суреттер,

1

35

Еңбек туралы мақал мәтелдер

Еңбек туралы мақал мәтелдер оқып, жатқа айтқызу, тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Еңбек бейнеленген суреттер,

1

36

Мамандық иелері туралы жұмбақтар

Жұмбақ арқылы қазақтың көне мамандық түрлерімен таныстыру, жұмбақтарды жатқа айтқызу.

Мамандық иелері туралы суреттер, олардың еңбегі бейнелен-ген сурететр

1

37

Ұста еңбегі;

Көрік басу

Ұста деген кім екенін үйрету, ұста еңбегімен таныстыру, темір бұйымдарын жасау емес соғу деп айтатынын түсіндіру. Ұста қолынан шыққа бұйымдармен таныстыру.

Ұста суреттері, бұйымдары шынайы және суреттері

1

38

Ағаш шебері

Ағаш шебері, ағаштан жасалатын бұйымдар түрлерімен (сандық, кебеже, бесік, тб) таныстыру

Сандық кебеже, т.б. ағаштан жасалған бұйымдар суреті.

1

39

ІІ «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» 

Зергер, Тоқымашы

Зергер, тоқымашы  еңбегімен таныстыру,зергерлік сәндік бұйымдар туралы, тоқыма бұйымдар туралы ақпарат беріп тұрмыстық қолданылуы туралы айту.

Зергерлік және тоқыма бұйымда-ры, олардың жасалу жолдары бейнелен-ген суреттері

1

40

Кестеші, Тігінші

Кесте тігу және тігінші еңбегімен таныстыру, олардың жасаған бұйымдарымен таныстыру.

Кесте үлгілері, тігінші еңбегінің бұйымда-ры, олардың еңбегі бейнелен-ген суреттер

1

41

Қазақтың байырғы өлшем бірліктері

Қазақтың көне заманнан қолданған өлшем бірліктері – шөкім, шымшық, қарыс, құлаш, елі, сүйем, адым, аттам, т.б. таныстыру.

Суретті слайд, өлшеуге арналған мата, қағаз, арқан т.б. өлшеуге болатын тұрмыстық заттар

1

42

Қазақтың қол өнер бұйымдары

Ата – бабаларымызды қол өнер бұйымдарымен таныстыру, атауларын, қолданылуын түсіндіріп үйрету.

Қол өнер бұйымдары бейнелен-ген суреттер және шынайы бұйымдар үлгілері

1

43

ІІ «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» 

Ою өрнек түрлері

Ою өрнек түрлерімен таныстыру, өрнектің мәні болатындығы туралы түсінік беру, ою оюдың амалдарын көрсетіп, балалрға бірнеше оюларды салғызып үйрету.

Ою өрнек суреттері, оюланған көрпе, кесе, т.б. тұрмыстық заттар.

1

44

Би өнері

Би өнері, халық би үлгілерімен таныстыру, қимылдарының мәнін түсіндіру.

Билеп жүрген қыз бала мен ер бала суреті, бейнетаспа

1

45

Саз өнері

Саз атасы – Құрманғазы өнерімен таныстыру, сазгер кім екенін түсіндіру.  Саз өнерінің бір түрі  -күй туралы түсініктерін кеңейту.

Құрманғазы суреті, күй жазылған үнтаспалар

1

46

Терме, жыр туралы

Термеші жыршы  деген кім, терме, жырлар не баяндағаны туралы айтып түсіндіру, атақты Жыршы мен термешілермен таныстыру.

Жыршылар сурет, үнтаспалар

1

47

Ұлттық аспаптар

Ұлттық аспап түрлерімен таныстыру, олардың неден жасалынатыны туралы түсіндіру, ұлттық аспаптар туралы білімдерін кеңейту.

Ұлттық аспап үлгілері, ұлттық аспап  суреттері

1

48

 

Туған өлке байлығы

Ел байлығы –табиғаты, пайдалы қазбалар, табиғи ресурстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Туған елдің табиғатының суреттері

1

49

ІІІ. «Кең байтақ туған өлкем».

Табиғат құбылыстары-ның атаулары

Табиғат құбылыстары – бұлт, найзағай, жаңбыр, боран, тасқын, т.б. туралы түсініктерін кеңейту

Табиғат құбылыстарының суреттері

2

50

Ауа райын болжаудың халықтық нұсқалары

Ауа райын қалай болжаған, жан жануарларға, құстарға, күн, ай сияқты аспан денелері арқылы ауа райын болжауға болатындығы туралы түсінік қалыптастыру.

Табиғат құбылыстарының суреттер.

1

51

Наурыз тойы, тойға қатысты салттар

Наурыз тойы, салт–дәстүрлерді түсіндіру, наурыз тойының ерекшелігі туралы айту.

Наурыз тойы бейнелен-ген суреттер

1

52

53

Ежелгі салт дәстурлер

Салт дәстүр түрлері, оларға байланысты жөн- жоралғымен таныстыру, салттарымызды сақтап қалу маңызын ұғындыру.

Салт дәстүрлер: балаға ат қоюғ ашамайға міңгізу, тұсау кесу, т.б саллтар бейнеленген суреттер

2

54

Үй хайуанаттары

Үй хайуанаттары, олардың адамға тигізер пайдасы туралы түсініктерін кеңейту, оларды күту, қастерлеу туралы білгендерін бекіту.

Үй хайуа-наттары

бейнеленген суреттер

1

55

Жан –жануарларға қатысты тыйым сөздер

Жан жануарларды қастерлеуге, бағалауға, тигізер пайдасын түсінуге тәрбиелеу.

Жан жануарларды қастерлеуге  қатысты суреттер

1

56

ІІІ. «Кең байтақ туған өлкем».

Төрт түлік, түрлері, адамға пайдасы

Төрт түлік туралы білімдерін кеңейту. Олардың атаулары мен пайдасы туралы білімдерін бекіту.

Төрт түлік суреті, олардың азығы бейнеленген суреті.

1

57

Түз хайуанаттары

Қазақстан жерінде мекендейтін түз хайуанаттары туралы білімдерін молайту, табиғатқа жанашырлықпен қарауды тәрбиелеу.

Қазақстанда мекендейтін түз хайуанаттары суреттері

1

58

Құстар

Елімізде қандай құстар мекендейтіні туралы үйрету, құс атауларын үйрету, үй құстары мен дала құстары туралы білім беру, Бүркітші туралы түсінік беру.

Елімізде мекендейтін құс суреттері.

1

59

Құс, жан жануарларға қатысты теңестірулер.

Халқымыз қалай жан жануарлармен, құстармен теңестірген, теңестірулер мағынасымен таныстыру: сауысқандай сақ, арыстандай айбатты, нардай мықты, су жүрек қояндай 

Салыстыруға арналған суреттер

1

60

Аңдар, құстар туралы жұмбақтар

Аң, құс туралы жұмбақ үйрету, жатқа айтқызу.

Жұмбақтарды бейнелейтін суреттер.

1

61

Халқымыздың жан - жануарларды қорғау салты

Жан -жануарларды қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу, жоғалып бара жатқан жануарлар түрлері туралы, Қызыл кітап туралы білімдерін кеңейту.

Азайып бара жатқан жан- жануарлар суреттері

1

62

ІІІ. «Кең байтақ туған өлкем».

  Өлкеміздің ағаш, өсімдіктері

Ағаш пен өсімдікке не жататыны туралы түсіндіру. Елімізде өсетін өсімдік атауларын үйрету.

Елімізде өсетін өсімдіктер суреттері

1

63

Жасыл дәріхана

Пайдалы емдік қасиеті бар өсімдіктер туралы түсінік беру, ата бабаларымыз көне заманда дәрі қолданбағанынғ емдік өсімдіктермен ем алғаны туралы айтып беру.

Пайдалы өсімдіктер суреттері

1

64

Қазақ халқының өсімдіктер мен ағаштарды қорғау салты

Өсімдіктерлі, тірі табиғат нысандарын қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу, жоғалып бара жатқан өсімдік түрлері туралы, Қызыл кітап туралы білімдерін кеңейту.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер суреттері

1

65

Су туралы мақал мәтелдер, наным – ырымдар, тыйым сөздер

Су – тіршілік көзі екенін ұғындыру, сусыз өмір жоқ екенін түсіндіру. Суға қатысты наным сенімдер мен ырымдар туралы айту, мақал мәтел жатқа айтқызу.

Су бейнеленген суреттер, мақал мәтелдердің мәнін ашатын көрнекіліктер

1

66

Қазақ еліндегі көлдер, өзендер

Еліміздің көл, өзен атауларын үйрету, оларды сақтау маңыздылығын ұғындыру.

Қазақ елінің картасы, өзен, көлдер бейнеленген суреттер

1

67

ІІІ. «Кең байтақ туған өлкем».

Жыл мезгілдеріне қатысты маусымдық жырлар

Жайлаудағы ересектермен балалардың әрекеті туралы жырларды үйрету, маусымдық жырлармен таныстыру.

Жайлау, балалар ойыны бейнеленген суреттер

2

68

Достық туралы жырлар, өлеңдер

Дос туралы өлеңдердің, жырлардың мәнін түсіндіру, үйрету.

Достық тақырыбындағ суреттер

1

69

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, үйрету, ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын ояту.

Ұлттық ойын құралда-ры: асықтар, сүйек, құмалақ, ұлттық ойын бейнеленген суреттер

 2

Барлығы  - 72  сағат

 

Пайдаланылған әдебиет

1. Ақжарқын Бәделқызы, «Халық қазынасы», 2012 ж.
2. Ақжарқын Бәделқызы, «Асыл мұра», 2012 ж.
3. «Мектепке дейін тәрбие мен оқыту» журналы,
4. «Отбасы және балабақша» журналы,
5. Балабақша меңгерушісі және әдіскері журналы


Пікірлер (2)

Сайра

сатып алсам болады технологиялык картасын 8 707 314 2828

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар