Қызылорда облысы Арал ауданы Аралқұм стансасы
№ 61 орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Сарсенбаева Гүлшат Жоламанқызы
Күні: 28.01. 2017 жыл Тәрбие сағаты 3а- сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің жақсы және жаман қасиеттерім
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке , еңбексүйгіштікке , жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру;
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын , таным- белсенділігін арттыру;
Оқушыларды әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы. ІҰйымдастыру кезеңі.
Жоспары:
1.Кіріспе : Мен қандай баламын?
2. Көрініс . «Жақсылық пен жаманндық »
3. Жалғасын тап . (мақал- мәтел)
4. «Бақытты сәт » ойыны
5.Қорытынды : Не үйрендік? Не білдік? (ой түю)
Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар !
«Менің жақсы және жаман қасиеттерім » атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Адам баласының бойында жақсы да , жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты , қарапайым - кішіпейілділікті , инабаттылықты , шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата - анамыз , ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп , ата – баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала- барлық жақсы қасиеттерді үйреніп , жаман мінез әдеттерден , ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Мінез- адам айнасы . Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттер болады екен.
Сендердің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріңді бағалап , өзіңді қаншалықты білетініңді таразыға тартып , ортаға салып оны ары қарай дамыту .
-Балалар «Мен қандаймын ?» не «Мен қандай баламын » сұрағы төңірегінде не айтуға болады ?Қаншама жақсы қасиеттерімізді саналап айтсақ та кез келгеніміздің бойымызда кемшіліктеріміз кездесіп қалады .
-Онда қолдарыңдағы сызбаға өздеріңнің жағымды қасиеттерің мен кемшіліктеріңді теріп жазыңдар.
1Менің жақсы қасиеттерім: 2 Менің кемшіліктерім :
1Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңдар?
2Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді , екіншіден басқа адамдарды танып біліу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып , жақсы қасиеттерімізді асыру болады.
Өзіңді – өзің таны да,
Тағы да ойлан, тағы да
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын ?- деп ойла
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
ІІ.Көрініс : «Жақсылық пен жамандық »
Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылықты отырғызып қойыпты.Адам бір іс жасарда Жақсылық «істе» десе,Жамандық «істеме»деп сыбырлайды екен.Сөйтіп,адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
-Адам, ана балыққа көмектесіп жібер,-десе, Жамандық:
-Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма,- дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутендеп, көмек сұрғандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді.
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,- дейді.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
-Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді,-дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәннен айырып тастағысы келіп оқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
-Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп, жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп-кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе?- деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.
Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:
-Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жаманлдыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді.
Ертегіні сұрақ жауап арқылы талдау .
Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.(өздері білетін өлеңдерін айтады)
Мақал-мәтел, қанатты сөздер – ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақ еншісіне тиген мол қазына. «Олар ел-жұрт өмірінің айнасы, табиғи шындықтың өзі»
ІІІ. Жалғасын тап.
Жаман – шайқап сөйлер, жақсы- байқап сөйлер.
Жамандықты –ұмыт, жақсылыққа- ұмтыл.
Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
ІV . «Бақытты сәт » ойыны.Екі топқа бүгінгі тақырып бойынша сұрақ - жауап арқылы талдау.
1. Пейіл білдіру дегеніміз?
2. Әдепсіздік туралы не білесіңдер?
3. Тақырыпқа байланысты мақал – мәтел айту .
4. Әдептілік дегеніміз ?
5. Сәлемдесу әдебі туралы не білесіңдер?
6. Сөйлесу әдебі дегенімізді қалай түсінесіңдер ? . 7. Сыйластық дегеніміз не?
Ата- аналармен жұмыс . 1. Балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көбірек таптыңыз?(Адал, ұстамды, тәртіпті, сабырлы)
2.Достарымен қандай қарым –қатынаста?
3.Балаңызды қалай бағалайсыз немесе қандай баға бересіз?
V.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ. Не үйрендік? Не білдік? (ой түю)
«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ.
Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.
Сонымен біздер менің жақсы мен жаман қасиеттерім атты тақырыпты қарастырдық.
Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.
Жақынды,досты аяла,
қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
жақсылық жерде қалмайды.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар!
Менің жақсы қасиеттерім:
1.______________________
2.______________________
3.______________________
Менің кемшіліктерім :
1._____________________
2._________________________
3.______________________
Менің жақсы қасиеттерім:
1.__________________________
2.__________________________
3.__________________________
Менің кемшіліктерім:
1._______________________
2.________________________
3.__________________________
Менің жақсы қасиеттерім:
1.__________________________
2.__________________________
3.____________________________
Менің кемшіліктерім:
1.___________________________
2.________________________
3._______________________________
Асия
Керемет