Алматы облысы, Алакөл ауданы
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
бастауыш сынып мұғалімі: Абсалихова Кулсана Мукановна
Түсінік хат
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуымен, дамуы жүретін ерекше құнды,қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндеоқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
Сөз өнері сабағы – оқушының дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне, ой-өрісіне жан-жақты дамуына,қиялына, әңгімені мәнерлеп оқуға шығармашылық жағынан дамуына ықпал етеді.
Мәтінді игеріп кетуге,өлеңге талдау жүргізіп, жаңа страгерияларды пайдалануға,өлең,өтірік өлең жаза білу, жатқа білуге септігін тигізеді.
Оқушылардың ерекшеліктеріне байланысты заттарды салыстыру арқылы жұмбақтар құрастыру,оқылған оқиғаларды суреттеу арқылы өтірік өлеңдер,ертегілер құрастыру ынталы етеді. Бағдарлама бойынша ауызша сөйлеу,қарапайым сөздерден сөйлем құра білу, сауатты сөйлеу, жазу және қазақ халқының салт-дәстүрін, елтану тақырыптарын таниды. Олай болса қазіргі жаңа буын оқулықтарында «өлең жалғастырып көр», «өлең жаз» деген тапсырмалар жиі кездеседі. Бірақ осы өлеңді жазу үшін оқушыны неге, қалай үйрету керек? Әлде оны өзі жаза ала ма? деген сұрақтар тууы мүмкін.
Өлеңді құрастыру, өлең шығару шығармашылығына үйрету үшін, алдымен оқушыларға теориялық қандай білім беру керек екендігін айқындап алу керек. Шумақ, тармақ, бунақ, ұйқас және олардың түрлері, өлең мазмұнын құруға үйрету жолдарын кең қарастырмақ бұрын өлең құрылысы туралы мағлұмат беріп аламыз. Мәтін, әңгімелер, жаңа стратегияларды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділі артады. Ана тілін терең оқыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуды мақсат тұттым. Осы бағдарлама негізінде мәтінді оқыту әдіс-тәсілдерін, жұмбақтар құрастыру, оқушылардың ізденімпаздық қабілетін, дарындылықты дамытуға ықпал етеді.
Бағдарламаның мақсаты:
Бастауыш сыныптағы оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген ынтасын арттыру. Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын ескере отырып, әр сабақта сол сөздермен сөйлем құрату, сауатты жазуға үйрету, түсінгендерін айта білуге дағдыландыру, бір-бірімен сөйлесе білуге үйрету.
Міндеттері:
- Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;
- Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
- Шығарманың түпкі мәнін түсінуін,эмоциялық қабылдауын қамтамасыз ету
- Мәтіндегі сөздер мен мен сөз тіркестерін, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;
- Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін,ойын еркін жеткізуге,сауатты да мәнді жаза білуге дағдыландыру;
- Өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
- Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиетін дарыту;
Күтілетін нәтиже
Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген оқушыдан күтілетін нәтиже:
1. Оқушының пәнге қызығушылығы артып,ізденімпаздылық,логикалық ойлау қабілеттері жетіледі.
2. Берілген тапсырмаларды өз беттерінше жүйелейді.Оқушының шығармашылқпен жұмыс істеуіне жол ашылады(сөзжұмбақ,өз ойларынан өлең құрастыру,шығарма жазу).
3. Оқушы өз пікірін айта білуге дағдыланады.
4. Оқушылардың бойында адамгершілік,ізгілік,имандылық,адалдық қасиеттер дариды.
5. Оқушылардың дүниетанымы кеңейеді.
6. Оқушылардың сөздік қоры молайып,шешен сөйлеуге үйренеді.
«Сөз өнері» бағдарламасының күнтізбелік жоспары /аптасына - 1сағат, барлығы 34 сағат /
2 – сынып
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
1 |
Кітап - білім бұлағы |
1 |
2 |
Мәнерлеп оқуды үйренейік |
1 |
3 |
Ертегілер еліне саяхат |
1 |
4 |
Шешендік өнер туралы түсінік |
1 |
5 |
Шешендік сөздер: Төле бидің шешендігі |
1 |
6 |
Қазыбек бидің шешендігі |
1 |
7 |
Әйтеке бидің шешендігі |
1 |
8 |
Жұмбақтар |
1 |
9 |
Мақал-мәтелдер |
1 |
10 |
Отан, тіл туралы мақал мәтел жаттайық |
1 |
11 |
Еңбек,достық туралы мақал-мәтел жаттайық |
1 |
12 |
Аңыз-әңгімелер |
1 |
13 |
Нақыл сөздер. Бауыржан Момышұлы. |
1 |
14 |
Сөз сиқыры. Ұйқасын тап. |
1 |
15 |
Жаңылтпаштар |
1 |
16 |
Төрт түлік туралы өлеңдер |
1 |
17 |
Бесік жыры |
1 |
18 |
Ана мен балаға байланысты ырымдар |
1 |
19 |
«Менің досым» шығарма жазу |
1 |
20 |
«Ана» туралы өлең құрастыру |
1 |
21 |
Киіз үйге қатысты ұғымдар |
1 |
22 |
Туыстық атаулар |
1 |
23 |
Сөзжұмбақ құрастыру |
1 |
24 |
Күн санау және апта күндері |
1 |
25 |
Жыл санау және қайыру |
1 |
26 |
Абай шығармалары |
1 |
27 |
Абайдың қара сөздері |
1 |
28 |
Ы.Алтынсарин шығармалары |
1 |
29 |
Батаның мәні |
1 |
30 |
Табиғат менің өз үйім |
1 |
31 |
Құстар мекені |
1 |
32 |
Көктем туралы өлең жаттау |
1 |
33 |
Тест тапсырмалары |
1 |
34 |
Табиғатқа саяхат |
1 |
Оқушының білім дағдысына қойылатын талаптар:
- Мәтіннен қажетті сөйлемдерді таба білу;
- Сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;
- Мәтін бойынша сұрақ қоя білу;
- Мәтінді түсініп, дұрыыс мәнерлеп оқуға дағдылану;
- Тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;
- Түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе білу;
- Шағын өлең, мақал, жұмбақтарды жатқа айту;
- Жаңылтпаштарды жылдам оқып мазмұнын түсіну;
- Шығарма жазуға төселу, сауатты жаза білуге дағдылану.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Жұмабаев М. Таңдамалы-Алматы: Ғылым,1992-270 бет.
2. Қабдолов.З.Сөз өнері-Алматы,1983-365 бет
3. Қазақ жұмбақтары.Алматы-1993 ж
4. Қазақ ертегілері
5. Рахметова.С.Жаманқұлова.П.,Қабатаева Б.Ана тілі (2 сынып оқулығы) Алматы.Атамұра.2004 ж
6. Рахметова.С Әбдікәрімова Т.Ана тілі ( 3 сынып оқулығы )
7. Жаттамақ (тақпақтар,өлеңдер)-Алматы:Балауса,1994-287 бет.
8. Мақал-мәтелдер.Алматы 1990 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі