Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Қарашоқат орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Шарафиева Луара Равхатовна
Тақырыбы: «Әріптер еліне саяхат»
Мақсаты: Балалардың тіл дамытуға тән әріптер туралы білімдерін қайталауға, ойындар арқылы ойлау қабілетін, тілдерін дамыту.
Көрнекіліктер: қима әріптер, суреттер, шарлар, сиқыршы.
Тәрбиеші: Құрметті, балалар бүгін бізде «Әріптер еліне саяхат» ойын сабағы өтеді. Ойын сабағымызды шаттық шеңберімен бастайық:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл де шашылды.
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз.
(Балалар қимылмен көрсетіп айтады). Есік қағылады.
Тәрбиеші: Балалар естисіңдер ме, біреу есік қағып тұр. Кім екен ол?
(қолына түрлі-түсті шар ұстаған сиқыршы кіреді)
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонаққа сиқыршы келді амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе, сиқыршы!
Сиқыршы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сендермен әріптер еліне саяхат жасау үшіни сиқырлы шарлар әкелдім. Осы сиқырлы шарлардың тапсырмаларын орындасаңдар, сендерге шарларды сыйлаймын. (Сиқыршы 1-ші тапсырманы тәрбиешге береді.)
Тәрбиеші: 1-ші тапсырма «Сиқырлы кітапша» жасырын тапсырмалардың шешімін таба отырып, әліппе кітабын құрастыру. Жемстерге нелер жатады?
Балалар: Алма, алмұрт, өрік, банан, ананас, жүзім т.б.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Келесі тапсырма сиқыршының қолындағы шарда қандай әріптер белгленген?
Балалар: А, Т, У, Ө, Б, Ж, Ә, С.
Сиқыршы: Тамаша, балалар! Тапсырмаларды орындап жатсыңдар.
Кішкене бойымызды сергітейік:
Іші толы бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоимайық,
Келе ғой,досым ойнайық.
Тәрбиеші: Сиқыршының кезекті тапсырмасы: «Кішкене әліппе». Төлдердің сореттерн көрсету. Бұзау «М»-ны «Ө»-ге қосып не дейді.
Балалар: «Бо» дейді.
Тәрбиеші: Құлын «Е»-ні «Е»-ге қосып не дейді.
Балалар: «Ее» дейді.
Тәрбиеші:Қозы «М»-ны «Е»-ге қосып не дейді.
Балалар: «Ме» дейді
Сиқыршы: Балалар, сендер тапсырмаларды орындағандарың үшін мен шарды сендерге сыйлаймын. (Сиқыршы балаларға шарды сыйлап қоштасады).
Тәрбиеші:
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті міне, бойларың.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар!
Осымен ойын сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі